Математикадан логикалық тапсырмалар

  1. Қай сан қалдықсыз кез келген бүтін санға бөлінеді?
  2. Сағат бір секунд сайын интервалмен соғып отырады. 12 рет соғу үшін сағатқа қанша уақыт керек /секунд/?
  3. Отбасында әр бір алты ағайындының әпкесі бар. Сонда отбасында барлығы қанша бала бар?
  4. Алдымен әр түрлі үш санды қосып, одан соң көбейтті. Шыққан сан мен көбейтінді бірдей болып шықты. Бұл қандай сандар?
  5. Барлық сандардың көбейтіндісі неге тең?
  6. Жеті санына бес санын қостық. Сол санның қосындысы орыс тілінде қалай жазылады? «одиннадцать» немесе  «адиннадцать» па?
  7. Екі бала 4 сағат бойы шахмат ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат ойнады?
  8. Бөренені  4 бөлікке бөлді. Сонда қанша кесінді жасалды?
  9. Айболиттің қабылдауына жануарлардың екеуінен басқасының барлығы келді,  иттердің екеуінен басқасының барлығы, мысықтардың екеуінен басқасының барлығы және қояндар. Сонда барлығы қанша жануаркелді?
  10. Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Олардың әрқайсысының құйрығында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында бір-бір мысықтан отыр. Сонда бөлмедегі барлық мысық саны қанша?
  11. 5 және 6 сандарының арасына қандай белгі қою керек, нәтижесінде шыққан сан 5-тен үлкен, 6-дан кіші болу қажет.
  12. Қайысысы көп – барлық сандардың көбейтіндісі ме, әлде олардың қосындысы ба?
  13. Қарбыз 20 теңге тұрады және тағы жарты қарбыз бар. Сонда қарбыздың бағасы қанша?
  14.  Екі мағына. Қай кезде 2 санына қарап, біз «он» дейміз?
  15.  Қос байпақ. Шкафтың ішінде 15 қара байпақ және 20 ақ байпақ араласып жатыр. Тас қараңғы бөлмеде немесе қарамай бірден аз мөлшерде қанша байпақты алып, киюге жарамды бір түсті  қос байпақты тауып алуға болады?

2 комментария

  1. Термометр аяз болғасын -3 градус көрсетіп тұр. Осындай 2 термометр неше градус көрсетеді

  2. Шын ойласаң табылар шеңбердің қанша жағы бар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *