Математикадан ҰБТ – ге дайындау жұмысының жүйесі (Презентация)

Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі Үштерек орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Сауле Канагатовна Шайхыбекова

 

Математикадан ҰБТ – ге дайындау жұмысының жүйесі

 

Менің педагогикалық өтілім 23 жыл. ҰБТ –інің енгізгеннен бері оқушыларды осы форматтағы емтиханға дайындаймын. Осы уақыт аралығында математикадан ҰБТ-ке дайындау жүйем қалыптасты.

-ҰБТ-ға дайындауды 5-сыныптан бастаймын. 5-9-сыныптарда әр тараудан соң блок бойынша, тақырыптар бойынша тақырыптық тест аламын. Қатемін жұмыс міндетті түрде жалғасын табады. Мониторинг арқылы тестілеудің нәтижесін бақылап отырамын, сәттілік диагностикалық картасын және оқушылардың біліміндегі олқылықтарды тарау анықтаймын.

-тақырыптық тапсырманы тексеру барысында оқушылардың негізгі мектеп курсы бойынша білімі мен олқылықтарын анықтап, қатемен жұмыс жолдарын ұсынамын;

— қатемен жұмыс жасау дәптерін арнаймыз, сынып бойынша, топпен, жеке дара қатемен жұмыс жасаймыз.

— қыркүйек айында 11 сынып оқушыларымен нөлдік бақылау жұмысын алып, олардың біліміні мен дағдысын анықтаймын. Әр оқушыға жобалау картасын түземін. Жеке қасиеттерін ескере отырып математикадан ҰБТ-ге дайындық жоспарын түземін.

Жоспарда келесі іс-шаралар алға тартылған: дайындық тестілеулерін жыл бойы өткізіп отыру; қателерді талдау мен коррекциялық жұмыс;

— пән бойынша дайындалған курстар бойынша мектептегі дайындықтар; Оқушылар бейіміне қарай мектеп психологының көмегімен аудиал, визуал, кинестетик деген үш топқа бөлеміз. Дайындық негізгі сабақтардан кейін өткізіледі. Тақырыптық жоспар тақырыптрды меңгеру мен қайталауға арналған. Жоспар математиканың курсының негізгі бөлімдері блок бойынша құрылған.

— Өткен ҰБТ-гі жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз;

— ОМӘ қиын есептердің материалдарын қайталаймыз;
— ҰБТ-у сұрақтары бойынша жиналыс, семинарларға қатысамын;
— нормативтік құжаттармен танысамын.

— әр оқушы, әр сынып бойынша дайындық тестілеу нәтижесін бақылау мониторингін жасаймын.

ҰБТ бойынша үлетірмелі материалдар әзірлеймін: ҰБТ жинақтары, тесттер.

ҰБТ тапсырмаларына 5-11 сынытардағы математика курсының негізгі тарау сұрақтарын енгіземін. Аталған тараулардың материалдарын 6 жыл бойы меңгереді, ал кейбір тақырыптар 11-сыныпта ғана өтіледі. Сондай-ақ үнемі дайындық сайын қайталап отырса да қиын меңгерілетін тақырыптар да бар. (Мысалы 10-сыныпта Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу) Математика мен физика пәндері қиын — формуланы және оны қолдана білуді, нақты дұрыс шешуді қажет етеді. Барлық балада математикалық қабілеті бірдей деп айту қиын. Оқушылар барлық есепті шығарып үлгермейді, уақыт аз болғандықтан ойына келгнін таңдай салады. Сол үшін мен оларға шығару машығын арттыруға оқу – жаттығуларын дамыту жаттығуларын беремін.
Оқушыларды өзін-өзі бақылауға, жақын мақсатты, өз деңгейін анықтауға үйретемін.

— Өзім есептерді толық шешімімен шығарып, оқушыларды сонымен таныстырамын, үйретемін.

— Бүкіл дайындық барысында оқушыларға өзіндік жұмыс мөлшерін беріп, орындалған жұмыстардың есебін тіркеп отырамын.

Сабақ пен дайындық барысында сабақ түрлі әдіс-тәсілдермен өтіледі. Бұл зачет-сабақтар, сабақ-кеңес т.с.с. Зачеттар: теориялық, практикалық, жазбаша, ауызша, дифференциалды, тақырыптық және қорытынды. Жұмыс түрлері: жұптық және топтық; мықты оқушылардың әлсіз оқушыларға шефтігі; оқушылардың жеке тапсырманы орындауы мен соңынан сабақта және қосымша сабақтарда қорғауы; нақты тақырыптар бойынша қорытындылау сабақтары.

Әр дайындық тестілеуінен кейін қиын есептерді дер кезінде шығарып, қатемен жұмыс жасаймын. Консультацияны мектеп кестесіне сәйкес күнделікті өткіземін. Консультацияда абитуриенттерге арналған И.П.Рюстюмованың «Математикадан ҰБТ-ге дайындық пособиесі», «Шың-кітап», Колмогоровтың «Тригонометриядан курсты жүйелейміз, қайталаймыз» математикадан тест-оқулықтарымен пайдаланамыз. «5++» интербелсенді тренингпен жұмыс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *