Математика сабағын оқытудың тиімді жолдары

8 мектеп М. Х. Дулати атындағы  үш тілде оқытатын мамандандырылған

№8 гимназия

Жоғары санатты ұстаз

Альсейтова Гүлназ Жарылқасынқызы

Математика сабағын оқытудың тиімді жолдары

«Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам-ең жақсы мұғалім», — дейді А.Фернанд. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемде білім дағдылары меңгертумен бірге, табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу. Әрбір мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, жаңа тың ізденістеріне талпынады. Сабаққа әзірлену – мұғалімнің ең жауапты жұмысының бір түрі. Мұғалімнің сан алуан ізденісі, білімі әдістемелік –теориялық ұстаздық біліктілікті осы сабақта көрініс табады. Сондықтан, мен математика сабағын өткізу барысында сабаққа қызығушылығын арттырып, оқушыларды халық педагогикасы рухында тәрбиелеп сабақ беру әдісінң тиімді түрлерін пайдаланамын.

Бастауыш мектепте дайын сызбаны пайдаланып есептер құрастырудың оқушыларды математикалық есептерді шығаруға үйретуде және олардың логикалық ойлауы мен кеңістікті елестету қабілеттерін дамытуда алатын орны ерекше. 7-13 жас арасында оқушылардың ойлауында көбінесе көрнектілікке сүйену басым болады. Сол себепті олар математикалық ой қорытқанда қарастырып отырған фигураның сызбасына немесе сүлбесіне сүйеніп белгілі бір пікірге келеді. Сондықтан бастауыш сыныптарда  дайын сызбаларды кеңінен қолданған жөн. Осыған орай жаңа буын оқулықтарында көптеген есептердің дайын сызбалары берілген.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Сондықтан, қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалаймын. Мысалы, математика сабағында оқулықпен ғана шектеліп қалмай, әртүрлі қызықты есептер беремін.

Қазіргі кездегі мектептің маңызды міндеттерінің бірі – баланың қисынды (логикалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу барысында, математика сабақтарында математикалық ертегілерді қолданудың тиімді жақтары өте көп. Ертегі  — баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Математика сабағында ертегіні қолдану оқушының оқу материалдардың терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.

Мысалы, 1-сыныпта геометриялық ұғымдары: нүкте, кесінді, сызық түрлері, т.б. туралы өткенде, сабақты ертегі түрінде түсіндіру – материалды жақсы игеруге, тапсырманы өз бетімен түсіне отырып орындау мүмкіндігіне қол жеткізеді. («Нүктелер достығы», «Қарындаштың бастан кешкендері»).

1,2-сыныптарда «Ондықтар» тақырыбын өткенде «Цифрлар айтысы», «Цифрлар және сандар» ертегісін пайдалану – оқушылардың дөңгелек ондықтардың сандық құрылымы мен таңбалануы, разряд бірліктеріне қарай өзгеруі, оның жазылуы мен оқылуын меңгеруге, есте сақтауына көмектеседі.

Цифр мен сан ұғымының айырмашылығын түсінуде де бұл ертегілерді қолдану тиімді. «Туысқандар» ертегісін қолдану барысында, шаршы мен тіктөртбұрыштың ұқсастығы және айырмашылығын оқушының өзіне айтқызу, оның өз бетімен ойлануына, ізденушілігіне жетелейді.

Тәрбиелік жағынан – бұл ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жүруге бейімдейді. Яғни, педагогиканы оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту қағидасын жүзеге асырудың ұтымды әдістерінің бірі.

Ал, пәнаралық байланыс мәселесіне келсек, ертегілерді тыңдау, айту арқылы оқушының сөздік қоры молайып, тіл байлығы дамиды

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *