Мектепалды даярлық тобындағы тәрбиеленушілерді ұлттық ойын арқылы ойлау қабілетін арттыру

1+2Алматы облысы

Панфилов ауданы

Алмалы ауылы

Елтінді батыр атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Қабимолдаева Шолпан Нұрсапақызы

 Құрметті: Мектепалды даярлық тобының ұжымы!

Мен ,  Қабимолдаева Шолпан Нұрсапақызы Алматы облысы Панфилов ауданы Алмалы ауылындағы   Елтінді батыр атындағы орта мектебінде мектепалды даярлық тобының тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Еңбек өтілім – 19 жыл. Кейінгі 7 жылдан бері осы «Мектепалды даярлық» журналына үзбей жазыламын, және кейінгі жұмысқа кірген жас мамандарға осы журналдың көмегі  туралы үнемі насихаттап айтып отырамын. Журналдағы «Маман мінбері», «Ата салты – асыл мұра» айдары бойынша шыққан материалдарды үзбей оқып тұрамын. Мен де осы саланың мамандығы болғандықтан «Мектепалды даярлық тобындағы  тәрбиеленушілерді    ұлттық  ойын арқылы ойлау қабілетін  арттыру» тақырыбында мақала жазған едім, солл мақаламды  және  «Я дыбысы» атты ашық  сабағымды  сіздерге  жіберіп отырмын. Мүмкін болса алдағы сандарына жарияласыңыздар екен. Баспасөзге жазылған  түбіртегінің  көшірмесін  қоса жіберіп отырмын

 

Мектепалды даярлық тобындағы  тәрбиеленушілерді    ұлттық  ойын арқылы ойлау қабілетін  арттыру

Қазақ халқы  Ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі. Сондықтанда қазақтың ойындары тек ойын – сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол спорт, ол – өнер, шаруалық тәжірибелік маңызы емес бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындарын тәрбие жұмыстарына  пайдалануды алдымен халықтық педагогиканы кеңінен пайдаланудан бастасақ.

Әсіресе,  ата  — бабаларымыз  салт – дәстүрлермен, ұлттық ойындарды  балдырғандарға үйретіп, бойына сіңірудің  мән – мағынасы ерекше. Өйткені , баланың ойы, сезімі қиялы  ойын арқылы өседі.Олай болса жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу  ісіне ұлттық ойындардың қосар үлесі зор.

Мектеп жасына дейінгі балалар үнемі қозғалыста болады, жүреді ойнайды, әйтеуір қимылдаумен болады. Ұйқыдан тұрғаннан  түнгі ұйқыға жатқанға дейін бала әдетте 6 сағаттан артық  бойында қозғалыста болады. Ал мектеп табалдырығынан  аттағаннан бастап олардың жүріс – тұрысы , қозғалысы , таза ауада болатын уақыты азаяды. Сөйтіп баланың  қозғалыс  белсенділігі  50 %   дейін  кемиді де,  ағзаның  дұрыс өсуіне  кері әсерін тигізеді. Сондықтан  балаларды  күнделікті  дене қозғалысының орнын толтырғанда ғана бүлдіршіндерді сау етіп тәрбиелей аламыз.

Мектеп табалдырығын аттаған оқушылар ұлттық ойындар арқылы өз ана тілінің  нәзік қасиеттерін үйренеді, қанына тән жақын нәрселерді ұзақ есте сақтайды. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Қозғалыс ойындары арқылы  баланың жеке тұлғасы өсіп дамиды . Ойын үстінде бір – біріне деген адамгершілік принціптері қалыптасады.Әрбір ұлттық ойынның  өзіндік мақсаты, маңызы, тәрбиелік мәні бар.Олардың көбі баланың денесін шынықтырып, буынын бекітуге, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулыса кейбіреуі тілін дамытуға, сөздік қорын байыта түсуге, өзін қоршаған табиғатты  тани білуге,  тапқырлыққа баулиды. Қазақ балаларының негізгі ойындары асық, тоғызқұмалақ, бес тас, доп т.с.с ойын түрлері көп. Ал жасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді ««Ұшты — ұшты», «Санамақ», «Айгөлек», «Ақ серек, көк серек», «арқан тарту» т.б ұлттық ойындарды  сергіту сәтіндінде , дене сабағында жиі пайдаланамын. Мысалы: «Ұшты — ұшты» ойынын алайықшы. «Ұшты – ұшты, сұңқар ұшты, ұшты- ұшты – тұлпар ұшты, ұшты —  ұшты қарға ұшты, ұшты – ұшты сырға ұшты» т.с.с. тиісті сөздерді айтып, дауыс ырғағын, қызықты қимылдармен  жылдам тез айтып, ойнатушы өзі қолын көтереді. Балалар шын ұшатын сұңқар, көбелек, қарға  т.б айтылғанда ғана қолын көтереді. Ойын барысында кім көп көп қателессе, соған айып салынады. Бұл ойында балалар дың зейіні,ойлау қабілеті , тапқырлығы арта түседі. Математика сабағындағы  ойын түрлері  оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Мысалы: «Сақина салу», «Ақсүйек»  ойындары белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады.Кестедегі белгісіз сандардың орнына  «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса , сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.

Ұлттық ойындар арқылы балаларды жан- жақты тәрбиелейміз. Біздің негізгі мақсатымыз – баланы , отанын сүюге тәрбиелеу. Бүгінгі бүлдіршіндер- ертеңгі еліміздің байрағын желбіретер азамат екендігін естен шығармауымыз керек.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *