Мектеп.Ұстаз.Мамандық.

Сабақтың тақырыбы: Мектеп.Ұстаз.Мамандық.
Пән мұғалімі: Абдишева Мейрамкүл Абдуалиевна
Қолданылған материалдар Флипчарт, кеспе қағаз, сурет. АКТ
Мақсаттары: • Оқушылар Тақырыптар бойынша пікірлерін ,өз ойларын айтып,ойтұжырым жасауға үйренеді.Зияткерлігін дамытып, өмірде қолдана білуге баулу.ойлау жылдамдығын, шеберлігін дамыту..•Жадыларын жаңғырту арқылы қалау райдың жұрнақтарын,құрмалас сөйлемдерді еске түсіріп, жаттығу орындауда қолданады
• Сұрақ құрастырып, ауызекі сөйлеуде қолданып дамыту
Күтілетін нәтиже Берілген материалдармен тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыруды,оны әңгімелеуді үйренеді. Қалау рай мен құрмалас сөййлемдерге жаттығу орындап ,грамматикалық материалды қайталайды. Жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді еске түсіріп, қайталайды. Сөзжұмбақ шешу арқылы ойлау ұшқырлығын шыңдайды.
Негізгі идеялары: Проблемалық ситуация,сын тұрғысынан ойлауын дамыту
Сәлемдесу
Физкультминутка Макарена
Топқа бөлу Жеребе бойынша бөлу

Сабақ мазмұны

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
Кластер құру

Түсінік қалыптастыру
Мақал-мәтел,жұмбақ шешу, сөзжұмбақ шешу

Ойын «Даналық ағашы»
Мұғалімнің әрекеті

Әр топқа тақырыпты табатындай топқа сұрақтар береді рөлдік ойын ұйымдастырады.

Мұғалім әр топқа тапсырма флипчарт, суреттер береді.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады.

Мұғалім әр топқа жасырып мақал-мәтел береді, жұмбақ жасырады, сөзжұмбақ жасайды.

Мұғалім тақтаға артына сұрақтар жазылған алмалары бар ағашта тақтаға іледі.
Оқушылардың әрекеті

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойыша тақырыптарын табады.

Оқушылар суреттер арқылы тақырыптарын ашу үшін пікірталастырып, кластер құрастырып, ойтұжырым жасайды.Тақырыптарын қорғайды.

Әр топ критерийлер бойынша формативті бағалайды

1-топ оқушылары мақал- мәтелдегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қояды.
2-топ оқушылары мамандыққа байланысты жұмбақтарды шешеді.

3-топ оқушылары сөзжұмбақ шешеді. Тақырыпқа байланысты сөздерді қазақшаға аударып, «мектеп» табады.

Әр топ мүшелері ағаштағы алмаларды алып, өз топтарына сұрақтарды қояды. Топтағы оқушылар жауап береді, егер жауап бере алмаса, келесі топ оқушылары жауап беріп, ұпайларын арттырады.
Бағалау Топ жетекшілері «Екі жұлдызша, бір тілек» әдісі бойынша бір-бірін бағалайды
Үй тапсырмасы «Менің сүйікті ұстазым» «Мектебім», «Мамандықтың жаманы жоқ» тақырыптары бойынша шығарма
Рефлексия Оқушылар сабақ соңында мұғалімдеріне арнап « Ұстазым» әнін айтады. Кестені толтырады
Білемін
Білгім келеді Білдім

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика