Менің атам Қожа

Алиханова Айгүл

Тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Мақсаты: Автордың өмірінен қысқаша мәлімет беру, Қожа бейнесіне шолу жасау, тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Жалпы мақсат: Блумның ойлау деңгейлеріне сәйкес оқушылардың сыни ойлау әрекеттерін ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже: Қожа бейнесінің жақсы жақтарын ұға біледі, автордың басқа әдебиеттеріне қызығушылығы артады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтастыру, Блум таксономиясы, FILA әдісі, бесжолды өлең, критерий арқылы бағалау
Қолданылатын модульдер: АКТ, бағалау, әдіс-тәсілдер, көшбасшылық, СТО.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау

Білу Тақырыпты ашу.
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсете отырып, сұрақтар қою арқылы оқушылардың жалпы ақпаратты есте сақтау және айтып беру қабілетін байқау

Жуан, жіңішке сұрақтарға жауап береді
1. Бұл фильмде басты кейіпкер кім?
2. Оқиғада қай кезең қамтылады?

Сұрақтарға жауап береді -нақты
-тиянақты
-толық жауап беруін бағалау (критериалды бағалау)
Түсіну Оқушының мазмұнын жете, терең түсінгені тексеріледі Қожаға қандай мінездеме бересіңдер?
Неге оны жиналысқа көп салады?
Майқанова жайында неге Қожада теріс пікір қалыптасты? (критериалды бағалау)
Қолдану Оқушының алған білімін белгілі бір ситуацияда қолдана алу қабілеті талап етіледі Сыныпта Қожа секілді бала болса дос болар ма едің?
Оған бесжолды өлең арқылы мінездеме беріңдер:
1. Бір зат есім
2. Екі сын есім
3. Үш етістік
4. Сөйлем
5. Үш-төрт сөзден құралған түйін сөз (критериалды бағалау)
Талдау Алған білімді жіктей алуы, талдай білетініне мән беріледі Өздеріңе қандай есімдер ұнайды?
Ат қою туралы қандай озық дәстүрді білесіңдер?
(критериалды бағалау)
Жинақтау Оқушының жаңаша тың ойды қалыптастыра білуі қажет Қожаның әрекеттерін екіге бөліп қарастырады

Құптаймын Құптамаймын

(критериалды бағалау)
Бағалау Сыни ойлау, пікір білдіру қабілетіне негізделеді Рефлексивті есеп жазады.
-өзіңнің жауабыңа көңілің толды ма?
Кері байланыс Жиынтық баға

2-сабақта FILA әдісі арқылы сабақты пысықтау. Оқулықта берілген мазмұн бойынша оқушылар топпен жұмыс жасайды. Сыныпты төрт топқа бөліп, әр топқа кесте таратылады.
1-топқа Ғ кестесі-деректер
2-топқа І кестесі-идеялар
3-топқа L кестесі-сұрақтар
4-топқа А кестесі-әрекет жоспарын түзеді
Facts
(деректер) Ideas
(идеялар)
Learning issues (сұрақтар) Action plan
(әрекет
жоспары)

Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше сыни тұрғыдан ойлануына көмектеседі.
FILA кестесі[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *