«Менің мамандығым» атты cтуденттермен кездесу кеші

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

Абыралы ауылы

«Абыралы ЖНББМ »КММ

Ассабырқызы Шынар,

Солтанбекова Толқын

«Менің мамандығым» атты cтуденттермен кездесу кеші

Мақсаты:
Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
Міндеті:
— мектеп бітіруші түлектерге кәсіби — шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;
— болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт — бағдар беру;
— белгілі бір еңбек, кәсіби іс — әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.
Күтілетін нәтиже:
Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.
1 — жүргізуші: Кеш жарық, құрметті ұстаздар, студент жастар біздің мектебіміздің түлектері! Баршаңыз да бүгінгі «Менің мамандығым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!

2 — жүргізуші: Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкенжауапкершілікті қажет етеді.

1 — жүргізуші:    Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
1 — жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Студенттерді шақырамыз ортаға

1 — жүргізуші:

Ұстаз, Ұстаз!

Сен көрсеттің білім жолын іздеген,

Жүріп кеттім мен де алға

Сіз көрсеткен ізбенен

Ұстаз! Ұстаз!

Ардақты да қасиетті бұл есім

Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің

Осы есімге үлкен менен кішіңіз

Мәңгілікке басыңызды иесіз.

Өзінің болашағын  ұстаздық жолына арнағысы келетін болашақ студенттер ортаға шақырайық.

2 — жүргізуші:

Ақ халатты киемін

Аппақ болып жүремін

Аппақ болып жүргенді

Өзім жақсы көремін

«Дәрігермін мен», — деймін

Кәрі әжемді емдеймін

«Көп — көп ішіп дәріні

Кәрілікті жең»,- деймін  деп ел денсаулығына алаңдаулы біздің халықтың айнасы дәрігер болғылары келеді екен. Соларды қарсы алайық.

1 — жүргізуші:

Мектептен түлеп ұшқалы отырған 9-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

2 — жүргізуші:

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
1 — жүргізуші:
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген студенттер мен осы жылғы мектеп түлектер арасындағы кешті ашық деп жариялаймын.

2 — жүргізуші: Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны қақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтеді.

1 — жүргізуші:
Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, — деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.

2 — жүргізуші:
Бұл жастар — ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға — апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді.

1 — жүргізуші:
І. «Сәлемдесу» тренингі.

2 — жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан — саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады. 8- сынып оқушылары, мектебіміздің әншілері А.Ерсайынова мен И.Тұрлыбековалардың орындауында «Қазағым» әнін қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші: Соңғы жылдары Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебінде  38 студент бар.

94 жылдардан — 1, 95 — терден — 5, 96 — лардан — 8, 97 — 8, 98 — терден — 9, 99 — дардан — 7 жас қазіргі таңда студенттер қатарында екен. Олардың ішінде жоғарғы, қалғандары арнаулы және кәсіптік оқу орындарында оқиды екен.
2 – жүргізуші: Бұл студенттер Семей, Павлодар, Қарағанды қалаларында білім алуда!
1 — жүргізуші:Бұлар — болашақ сан түрлі мамандықтар иелері!

Студенттік өмір деген – игі өмірдің бастауы.
2 — жүргізуші: Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,- деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Гулназ Кермуханқызына береміз.
1 — жүргізуші:

ІІ. «Менің таңбам» (психологиялық тренинг)

Мен жақсы істей аламын

Өзімді жақсы сезінетін орта

Ең үлкен жетістігім

Мен сенетін үш адам

Өзім туралы естігім келетін үш сөз – деген сөздер жазылған парақшалар студенттерге таратылып, толтырып, талданады.

2 — жүргізуші:

ІІІ. «Ой толғау» (Мұғалімдерге  сұрақтар)
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
1 — жүргізуші:

  1. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
    Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
    Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

    Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
    Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

    2 — жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғып қуанышпен. дей отырып, 8-сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.
1 — жүргізуші:

  1. «Ең жақсы» ойыны

Студенттерге бірнеше сұрақ қойылады.

Ең ақшасы көп мамандақ ………..(банк қызметкері, экономист)

Ең жасыл мамандық……..(эколог,географ, гүл өсіруші)

Ең тәтті мамандық ……..(аспаз, кондитер)

Ең күлкілі мамандық …….(клоун, корикотурашы)

Ең жауапты мамандық …..(сот, бухгалтер)

Ең салмақты мамандық ……(мұғалім, заңгер)

Ең қарым-қатынасы күшті ……(бизнесмен, психолог)

Ең қатал  мамандық …….(дәрігер )

Ең қауіпті мамандық ….(теңіз әскері, құтқарушы)

2 — жүргізуші:

 «Менен сұрақ, сенен жауап» (9-сынып оқушыларының, келген қонақтардың студенттерге сұрақтары)

9-сынып оқушыларының  студентермен пікір-алмасуы.

Өнерпаздар жарысып сансаналы,

Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
9 сынып қыздарының  орындауында «Қыздар — ай» әнін тамашалаңыздар.

1 — жүргізуші: Ендігі кезекте ойынға береміз.
Ортаға 2 студент, 2 — оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әр топ өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.
Студенттерге қойылатын терминдер:
1. Лекция, сессия
2. Стипендия, жатақхана
3. Аудитория, декан
2 — жүргізуші:
Оқушыларға арналған терминдер:

1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
2. Директор, сынып жетекшісі, парталас
3. Бақылау, емтихан, тест
Әр адамның басында қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас уақиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?

1 — жүргізуші:
Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады? Слайдпен көрсету.

Жауаптар:
— Компьютерді білу;
— Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.
— Адамдармен қарым — қатынас жасай білу.
— Өз тауарын, қызметін өткізе білу.
— Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.
— Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.
-Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы. Менің мамандығым ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.
Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев ағамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кешімізге келген сіздерге рахметімді айта отырып, бұл кездесу болашақта өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

2 — жүргізуші:
Біздің адами қасиеттерімізді қалыптастырып, тәрбиелеп өсірген аға буын өкілі, яғни, бүгінгі ардагер ұстаздар. Олар да кезінде біз бен сіз сиақты сан мың шәкірттерді үкілеп, баптвап, ұясынан ұшырған. Бүгінгі мерекеде бізге сара жолдан адастырмай тұрған ұлы ұстаздарымыздың өсиетін тығдасақ. Қадірлі ұстаздар атынан Нүргүл, Жаңыл мұғалімдерге сөз кезегін береміз.
Үздіксіз жалғап келеміз,
Жолдарын аға буынның.
Өздерің, сірә, болмасаң,
Кім болар едім мен бүгін.
Қазіргі орындалар ән өздеріңізге арналады, қадірменді ұстаздар!8-сынып

1 — жүргізуші:

Қабыл етіп қонақтардың тілегін

Тілегіңді тұмар етіп жүремін

Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім,-деп жағдайаттар бөліміне беріледі.

Олай болса ендігі кезекті ситуациялық сұраққа берсек.
1. Сізді ақпанның 20 — жұлдызы күні сағат 15: 00 де болатын мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытта мектепке кіре бергеніңізде алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы шелектегі суын сіздің үстіңізге төгіп алды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз.
1 — жүргізуші:
2. Сіз бүгін ашық сабақ өткелі тұрсыз. Барлық сабақ тақырыбын интерактивті
тақтаға сақтап қойдыңыз. Сабақ басталар уақытта жарық өшіп қалды. Ашық
сабағыңызды қатысып отырған оқушылармен ата — аналарға қалай түсіндіресіз.
2 — жүргізуші:
3. Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік емтихан. Бірақта сіздің ең жақын
досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға даярлығыңыз төмендейді. Бармасаңыз ең жақын досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз. 1 — жүргізуші:
4. Сіз жатақханада тұрасыз. Ертең демалысқа қарсы бәрі бөлмелерін кілттеп,
үйлеріне қайтып кетті. Баратын үйіңіз жоқ. Сіздің қарныңыз ашып, мазаңыз
кетті. Бөлмеде шайдан басқа тағам түрлері жоқ. Сіздің әрекетіңіз.
2 — жүргізуші:
5. Сіздің бірінші курста оқитын кезіңіз. Студенттердің сүйікті мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге қарсы отырыспа ұйымдастырылған. Соған үйіңіздегілерден 2 сағатқа сұранып келдіңіз. Бірақ келгеніңізге 2 жарым сағат болды. Сол кезде сыртқы есік ашылып, үйіңіздегілер айқайлап, сізді алып кетті. Достарыңыздың алдында қатты ұялдыңыз. Сіздің әрекетіңіз. 1 — жүргізуші:
6. Cіз Емтихан тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға алу үшін мұғаліміңіз сізден ақша талап етті. Сіздің қалтаңызда еш ақша жоқ. Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп, осылайша емтиханнан оңай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана уақыт қалды. Осы кездегі сіздің әрекетіңіз.
Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт. Оқушыларға берілетін жағдай.
Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып — тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?
2 — жүргізуші:
Студенттерге берілетін уақиға. Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?
Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
Айырмашылығы болса қандай?
1 — жүргізуші:

Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою — бүгін өмір талабы. Кәсіптік бағдар — бүкілхалықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.
2 — жүргізуші:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

1 — жүргізуші:
Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның алды бол көшті бастар
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың — сендер жастар!

2 — жүргізуші:
Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!

[bws_related_posts]

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *