Менің Отаным Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырыр ауданы
Айгүл Әбдешбек
Менің Отаным Қазақстан

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум!

Қадірлі  өнер  сүйер  қауым!

 

2-жүргізуші:

Армысыздар  ұстаздар  мен  оқушылар  және  құрметті  қонақтар!

 

1-жүргізуші:

Биылғы жыл  ақ  жарылқап  жақсылықты  ала  кеп,

Ел  ішіне  шырын  шашты  шапағатты  жаңа  леп.

Қазақстан  абыройын, асқақтатып  айбыным,

Төрағаға  таңдап  алды  қазағымды әділ  деп.

 

Бұл  мақтаныш, бұл  мәртебе  Қазақстан  елі  үшін,

Татулықты  берік  сақтап, өркенді  еткен  өрісін.

Елу  алты  ел  басшысы  бір  мүддеге  жүгініп,

Саясатта  жасалады  тұғырнама  келісім.

2-жүргізуші:

Қазақстан  елі  бейбіт, жері  жомарт , бағы гүл,

Өркенді  елмен  терезесі  тең  түсетін  шағы  бұл

Тәуелсіздік  туын  биік  нық  ұстаған  шағында

Бар  әлемге  шуақ  шашар  келді  кезең  тағы  бір.

 

Бар  тілегі – ақ  ниетті  қалмаса  деу  тот  басып,

Бұл  заманда  жүргендер  бар  елден  елге  ақ  тосып.

Бабалардың  ақ  арманы – азаматтықты  ардақтап,

Қандай  жақсы, халық  үшін  жүрсек  дәйім  бақ  шашып

 

1-жүргізуші:

1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті

Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш  рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді.Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты.

Бүгінгі  таңда  Қазақстан  мемлекеті  көптеген  жетістіктерге  қол  жеткізіп, жетістіктерімізді  әрқашан  мақтан  тұта  отырып, жасөспірімдердің  бойындағы  ұлттың  рухын, балалардың  шығармашылық  еңбегін, дарын  да  талант  иелерін  айқындайтын және патриоттық сезімдерін арттыру  мақсатында тұңғыш  президент  мерекесі  аясында өткізгелі отырған  «Менің Отаным – Қазақстан » атты  әдеби кешімізді  бастауға  рұқсат  етіңіздер.

2-жүргізуші:

Құлақтан  кіріп  бойды  алар.

Әсем  ән  мен  тәтті  күй

Көңілге  түрлі  ой  салар,

Әнді  сүйсен, менше  сүй, – деп    Абай  атамыз  айтқандай  әнге  кезек береміз.

Ән   «  Қазақтай ел қайда »

Орындайтын:  Ахметов  Еламан

1-жүргізуші:

Нұрлы  үмітін  арқалаған  арқаға,

Жан  сәулесін  тартатын  баршаға.

Шын  пейілімен  құрметімізді  көрсетіп,

Күйшімізді  шақырамыз  ортаға

Күй    « Келіншек  »                       Орындайтын:  Жұмабеков  Рай

2-жүргізуші:

Қазақстан  гүлденеді  дараланып,

Жан – жағын  қырандай  қарап  алып.

Еліміздің  еңсесін  көтергендей,

ЕҚЫҰ – ға  еткен  төрағалық.

Осы  ғой  Еліміздің  өскендігі ,

Осы  ғой  бастан  бұлттың  көшкендігі.

Бәрі  де  Елбасының  бірлігі,

Ешқашан  шығармаймыз  естен  мұны

1-жүргізуші:

Ән көңілдің ажары ,

Күй көңілдің бұлағы.

Ән де сала біледі.

Күйде шерте біледі

Ән  «  Бұлқынды  жүрек »

Орындайтын:  Жүсіп  Балжан

2-жүргізуші:

Біз  қазақ  ежелден  ел  едік  жаны  бай,

Өр  мінез, ақ  көңіл, мейірбан, қонақжай.

Даналық  дарыған, ақын  ел, батыр ел,

Бабалар  мекені – асқар  тау , шалқар  көл

 

Ақ  бесік, ақ  отау  мәңгілік,

Жасай  бер  жаңарып, жаңғырып.

Достық  пен  ынтымақ  мекені,

Гүлденер  халқымының  ертеңі!

Ән:  « Құт  мекенім Отырар »

Орындайтындар: Көркем  өнерпаздар  үйірмесінің  жетекшісі Сапарбаев Асқар мен Ахметов  Еламан.

1-жүргізуші:

Тербеледі сұлу саз,

Тереңнен сыр толған

Билетеді сенғ де,

Би билесе ұл-қыздарым.

Би

2-жүргізуші:

Бойына бар сұлулық жыйылғандай

Мүсіні ақ мәрмәрдан құйылғандай

Жарқ етіп шыға келген ел алдына

Әншілер, ғажап еді әнің қандай!

Ән:  «Қазақ   таңы »            Орындайтын :   Шәкірбекова  Айжамал

1-жүргізуші:

Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,

Бізге қарап жол түзейді адасқан.

Барлық ұлттытуыс-бауыр көреміз,

Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.

 

Қалықтасын көгімізде қыран құс

Ерлігіміз болсын ел жыр-аңыз,

Ата-бабам армандаған сан ғасыр,

Тәуелсіздікке тәуба, тәуба, мың алғыс!

Көркем  сөз:

2-жүргізуші:

Дәлелденді тура, әділ жолымыз,

Дос құшаққа әркез дайын қолымыз.

Ер Нұр-аға,тек алға басыңыз,

Біз ереміз, сіз аман-сау болыңыз!

 

2-жүргізуші:

Әнді айту әркімге де өнер ғой

Өнер деген түбі шексіз әлем ғой

Әр шәкірттің қаблетті әр қилы

Әсем әнді орындаған шебер ғой

Ән  «    Атамекен  »

Орындайтын: Көркем  өнерпаздар  үйірмесінің  жетекшісі: Сапарбаев Асқар

 

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

 

Қазақ елі желбіреп  көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

 

Құрметті қонақтар бүгінгі «Менің Отаным – Қазақстан »   атты  әдеби  кешімізді жабық деп жариялаймыз

 

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика