«Менің отбасым»

лиМаңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің

І санатты бастауыш сынып мұғалімі:

Абдуллаева Лида

1-бөлім «Менің  отбасым» Мектеп: №11 МФММ
Сынып 1 «В» Қатысқан оқушылар саны: 23 Қатыспағандар саны:0
Осы сабақтың оқу мақсаттары: 1.3.7.2  Әріп элементтерін және олардың бір-бірімен байланысын каллиграфиялық талапқа сай жаза алады;

1.1.5.2 Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін тыңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс айта алады;

Сабақтың мақсаты:

 

Барлық оқушылар: Өзгенің пікірін тыңдай отырып, оқушылар қысқа диалогқа қатыса алады

Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді оқу кезінде мәнерлі оқып, дауыс ырғағын, дауыс кідірісін қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Отбасы туралы ерекше мағлұмат бере алады.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар:

Пәндік лексика мен терминдер:

Ата-ана, отбасы, өнерлі отбасы, мақтан тұту, .

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері:

— Балалар, қане есімізге түсірейікші, отбасылар қандай болады?

— Өнерлі, ақылды, тәрбиелі, өнегелі т.б.

— Бүгін біз «Өнерлі отбасы» туралы сөйлесеміз  және жаңа әріппен танысамыз.

— Өнерлі деген сөзді қалай түсінесіңдер?

— Қандай өнер түрлерін білесіңдер?

— Сендердің араларыңда өнерлі отбасынан шыққан бала бар ма? Қандай өнерлерің бар?

Бұған дейінгі меңгерілген білім Ойын сурет арқылы жеткізуді үйренеді, өзін таныстыра алады.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Дерек көздер
Басы

0-5 мин

Психологиялықдайындық.

Амансыз ба апай,

Амансыз ба апайлар?

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлапатқанкүнге.

Бір, екі, үш,

Сыныппішітып-тыныш.

Жалқаулықты

тастаймыз,

Сабақтыбізбастаймыз.

— Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі бізге қонаққа ұстаздар келіп отыр. Алдымен сабағымызды бастамас бұрын сендердің бүгінгі сабаққа деген көңіл күйлеріңді анықтап алайық, ол үшін алдарыңыздағы парақшада ағаштың жапырағын сары, қызғылт сары және қоңыр түстің біреуімен бояйсыңыздар.

(парақшада ағаштың жапырағын бояу арқылы)

Сары түс-өте жақсы

Қызғылт сары түс-орташа

Қоңыр түс-төмен

Топқа бөлу.

1) Жапырақтар арқылы (сары, қоңыр, қызыл, жасыл) бөлінеді

2) «Жапырақтың тапсырмасы»

— Әріп деген?

— Әріп дыбыстың таңбасы.

— Әріпті не істейміз?

-Әріпті жазамыз, көреміз.

-Дыбысты ше?

-Айтамыз, естиміз.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Екіге бөлінеді- дауысты және дауыссыз дыбыстар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Парақша

Түрлі жапырақтар

Ортасы

25  мин

– Балалар, мына сурет бойынша не айтуға болады?

— Біздер ана тілі сабағында қандай тарауды өтіп жатырмыз?

— «Менің отбасым» тарауын өтіп жатырмыз.

— Олай болса, отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

— Ата, әже, әке, ана, аға, қарындас, іні, апа, әпке, сіңлі т.б.

Жұптық жұмыс «Сөз құрайық»

— Балалар, сендердің алдарыңда кеспе әріптер берілген. Мынау кімдердің суреті . Сол сөзді кеспе әріптермен жазып шығыңдар. Тақтада дұрысы тұрады. Тексереді

— Балалар, бұл сөздер туралы не айтуға болады?

-«Жеті ата»  деген сөзді естіп көрдіңіз ба?

— Кім атап шығады?

Топтық жұмыс «Орналастыр»

— Балалар, осы отырған тобымызбен мына суреттерді

1)ең үлкенінен жасы кішісіне қарай орналастырындар.

2) орыс, ағылшын тілінде аудармасын атаңдар.

— Қай топ дайын болды.

-Кімде өзгеше?

Жеке жұмыс «Бәйтерек»

-Ендеше, отбасымыз жайында өз ойымызбен бөлісеміз. Мына ағаштың бұтақтарына өз отбасыларыңның мүшелерін жазыңдар және отбасыларың туралы жұптарыңа айтып беріңдер. Неге өзіңді мына жерге жаздың? Ал ата мен әжені неге жоғары бұтаққа жаздың?

Көмекші сұрақтар.

• Сенің отбасың қандай?
• Неше адам бар?
• Атаң, әжең бар ма?
• Әкең қайда жұмыс істейді?
• Анаң қайда жұмыс істейді?
• Ағаң, әпкең, інің, сіңлің, қарындасың бар ма?

— Өзің жақсы айттың ба? Қалай жауап бердің?

— Өзіңе қандай баға қояр едің?

— Кімде сұрақ бар?

— Енді жұптарыңның жауаптарын бағалаңыздар.

Ширату

-Балалар, қазір мен сөйлемдер айтамын, егер ол сөйлем дұрыс болса, сендер шапалақтайсыңдар, ал қате болса, аяқтарыңды топылдатасыңдар.

Немерсінің жасы атасынан үлкен.

Інісі апасынан кіші.

Әжесі немересінен кіші.

Папасының жасы ұлынан кіші.

Мамасы қызынан үлкен.

Отбасының ең жасы ол-атасы.

Отбасының ең үлкені- әжесі.

Жаңа сабақ

— Балалар, қане есімізге түсірейікші, отбасылар қандай болады?

— Өнерлі, ақылды, тәрбиелі, өнегелі т.б.

— Бүгін біз «Өнерлі отбасы» туралы сөйлесеміз  және жаңа әріппен танысамыз.

— Өнерлі деген сөзді қалай түсінесіңдер?

— Қандай өнер түрлерін білесіңдер?

— Сендердің араларыңда өнерлі отбасынан шыққан бала бар ма? Қандай өнерлерің бар?

— Ендеше, жаңа әріпті білу үшін жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ.

Есенде бар,

Досанда жоқ.

Бейсенде бар,

Асанда жоқ.

— Бұл қай дыбыс?. (Е)

— Ендеше бәріміз Е деп айтып көрейікші
— Е дыбысы қалай айтылады?
— Созылып айтылады
— Е е дыбысы дауысты дыбыс Е е дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында айтылады.

— Олай болса, е дыбысы бар сөздерді айтайық және оларға сөйлем құрап, оны сызба түрінде көрсетейік.

(тақтайшаларына жазады)

Дәптермен жұмыс

— Е дыбысының бас әрпі 2 тармақтан тұрады. Бірінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарай салынады. Екінші тармағы жолдың ішінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарап салынады: Кіші әрпі толықтай жолдың ішінде салынады.

1) ауамен жазу

2) дәптерге жазу

Оқулықпен жұмыс.

Берілген сөздерді оқу, буынға бөлу.

Есен сөзіне дыбыстық талдау жасау.

(тақтамен салыстыру)

Неше буыннан тұрады?

Неше дауысты дыбыс бар? ( ереже)

Е-сен, Бей-сен қандай балалар?

Мына суреттер туралы не айтуға болады?

Күйсандық, биші бала.

Пианинокүйсандықдеп те аталады. Пианино сандық сияқты. Жіңішке, жуан шектері қақпағы жабық сандықтың ішінде керіліп, дауысы біркелкі ұяң естіледі.

-Олай болса берілген кестеге сәйкес осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайық.

-Енді сұрақ белгісінің орнына бір сөз қояйық, өнерге байланысты. Мысалы: домбыра.

-Тақтада сендерге мәтін берілген. Мүмкіндігімізше осы мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқып көрейік.

1) мәтінді оқу

2) аспаптарды атау

Дауылпазқазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Дауылпаз – өзінің аты айтып тұрғандай үні дауылды, күркіремелі.

Қобызысқышпен тартылатын, қос ішекті музыка аспабы.Дыбыс ішекті тырнақтың жағымен басу арқылы шығады.

— Қазір осы мәтін бойынша жұптық жұмыста диалог құрастырасыңдар

Постер

-Қазір сендер «Өнерлі адам» тағы қандай болады, сол бойынша өз ойларыңызды мына постерде көрсетесіңіздер. (сурет салады)

Интерактивті тақта

слайд №1

 

Сюжетті суреттер

Слайд№2

 

Отбасы мүшелерінің суреттері

 

 

Ағаш суреті

 

 

Слайд№3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд№4

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтайша, маркерлер

 

 

 

 

Слайд№5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

постер

Соңы

5 мин

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не істедік?

Соның қайсысы сендерге ұнады?

Қайсысы сендерге қиындық тудырды?

Неге қиын болды?

Келесіде не үйренгілерің келеді?

Үй тапсырмасы: жеті атаны жаттау.

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *