Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу

 

Пән: Математика

Менің өлкемнің табиғаты

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2С бөлім – Жиындарды және олардың элементтерін белгілеу. жәнетаңбалары

Мектеп: Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ш. К. Арконова
Сынып: 2 «Ә»

55-сабақ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу.
Оқу мақсаты 4.1 Жиындар және олармен операциялар
Сабақтың мақсаттары 2.4.1.1. Тең жиындардың бірігуін жəне жиыннан оның тең бөліктерін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу

2.5.2.2.Жиынды белгілеу үшін латын əліпбиінің бас əріптерін, оның элементтерін белгілеу үшін кіші əріптерді, элементтің жиынға тиесілілігін жəне тиесілі еместігін белгілеуге арналған ∈ жəне ∉ белгілерін пайдалану.

Бағалау критерийлері Білім алушылар:

жиындар мен олардың элементтері туралы білетін болады;

элементтердің жиынға тиісті (∈) немесе тиісті еместігін (∉) белгілеуді үйренеді.

Тілдік мақсат Сабақ барысында оқушылар «жиын», «жиындар элементі» сөздерін қолданады. Оқушылар «элемент жиынға тиісті/ элемент жиынға тиісті емес» сөздері арқылы математикадық тілін дамытады.
Құндылықтарды дарыту Жеміс-жидектер, көкөністер жиындары жайлы айту барысында қысқаша әңгіме жүргізіп салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Алдыңғы білімдер Критерийлер бойынша заттарды классификациялау дағдылары бар
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі:  

Оқушылар  тұрып,  бір-біріне  қарап  айтады. Сәттілік  тілейді.

-Кел,  жаныма  тұр,  сыныптас,

Өз  алақаныңды маған  аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу  қос!

  «Жылы  алақан»

 Оқушылар  қарсы  тұрып, басбармақтан  бастап  кезек-кезек  саусақтарының  ұштарын  бір-біріне  тигізеді.

1- барлық

2- істе

3-саған

4-сәттілік

5-тілеймін

6-алақандарын  қосады – РАХМЕТ!

 

Қол.Бас.Жүрек.

-Балалар, бүгінгі  сабақта  бізге  Шульманның  3 көмекшісі  қажет  болады. Олар: бас, қол, жүрек.

-Басымызбен   жақсы  ойланып, ойлағанымызды қолымызбен  іске  асырып,  қолмен  істегенімізді  жүректен  өткізу  керекпіз.

(МК,Ұ) Топтарды анықтау

–        Балалар, мына қораптан бір-бір суреттен ала қойыңдар. Оқушыларды суреттер арқылы  топқа бөлу.

Құстар:  аққу, бүркіт, көгершін, торғай, сауысқан, қарға,

Ағаштар: қайың, емен, қарағай, шырша, терек, жөке,

Жемістер: (қызыл, сары, жасыл)алма, алмұрт, өрік, жүзім,

Аңдар: түлкі, қоян, тиін, қасқыр, ақбөкен, арқар

Гүлдер: бақ-бақ, қоңыраугүл, түймедақ, қазтабан, бәйшешек, қызғалдақ,

Кездейсоқ таңдап алған атаулар бойынша  оқушылар 5 топқа бөлініп отырады.

 

1-топ:Құстар

 

2-топ:Ағаштар

 

3-топ:Жемістер

 

4-топ:Аңдар

 

5-топ:Гүлдер

–        Бәріңнің қолдарыңда нелердің суреттері?

–        Ағаштардың, құстардың, аңдардың, гүлдердің, жемістердің суреті.

–        Осы атаған заттар біздің өлкемізде кездесе ме?

–        Иә, кездеседі. Өйткені олар біздің өлкеміздің – табиғатына жатады.

–        Олар бізге не үшін керек?

–        Оларға қандай қамқорлық көрсетеміз?

Өткенді еске түсіру: «Миға шабуыл»

(Ұ) Өткен сабақтағы жиындар туралы түсініктерін қайталау үшін  сабақты әңгімелесуден бастау.

– Балалар, жиын дегеніміз не?

-Жиын – ортақ белгілері бойынша біріккен заттар жиынтығы. Жиынды әртүрлі нысандардың қандай да бір белгісі негізінде құруға болады.

– Жиынның элементтері дегеніміз не?

– Жиынды құрайтын заттар элементтер деп аталады.

–        Жиынды қалай белгілейміз?

–        Латын әріптерінің бас әріпімен белгілейміз.

–        Оның ішіндегі элементтерін қалай белгілейміз?

–        Латын әріптерінің кіші әріптерімен белгілейміз.

Элементтің жиынға тиісті екендігін білдіретін таңбаны сызып көрсетіңдер.

– Элементтің жиынға тиісті емес екендігін білдіретін таңбаны сызып көрсетіңдер.

/оқушылар ламинатталған тақтаға таңбаларды сызып көрсетеді/

(Т,Ұ,Қ) Тақырыпты ашу

–        Балалар, жаңа топқа бөлінген суреттеріңді алып тақтаға жиын құрастырып көріңдерші. /құстар ман аңдар тобын шығару/

-Балалар, барлығы  неше  жиын  құрдық?

– Екі жиын құрдық.

– Құрған жиындарыңа атау беріңдер.

– Аңдар жиыны және құстар жиыны және А жиыны мен В жиыны.

– Әр жиында қанша элемент бар?

– Алты элемент бар. Барлығы да жиынға тиісті.

– Ал, енді осы жиындарды біріктіруге бола ма? Болса қандай жиын пайда болады?

/тақтаға сызып көрсету/

-Жануарлар жиыны немесе С жиыны пайда болды.

– Бұл жиында неше элемент бар? Бәрі С жиынына тиісті ме?

– Иә, тиісті. 12 элемент бар.

– Ал, енді, қалған суреттерді мына тақтаға орналастырайық. Бұл жерде қандай жиын бар?

– Өсімдіктер жиыны немесе D жиыны.

/белгілеп жазып қою/

–        Бұл жерде неше жиын бар?

–        Бір жиын.  18 элемент бар. Барлығы жиынға тиісті.

–        Енді, осы жиынды бөліктерге бөлуге бола ма?

/бөліктерге бөліп жиын құрастыру./

–        Неше жиын құрастырдық?

–        Үш жиын құрдық. Яғни, ағаштар жиыны /К жиыны, жемістер жиыны /Е жиыны, гүлдер жиыны/ М жиыны. 6 элементтен құралған. Барлығы жиынға тиісті.

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу.

-Сабақтың  соңында  қандай  жетістіктерге  қол жеткізесіңдер?

– жиындарды құрастыруды және жіктеуді үйренеміз

– жиындарды біріктіруге элементтердің тиістілігін анықтаймыз.

-жиынды біріктіру және бөліктерге бөлуді үйренеміз. Оқушылардың  ой-пікірлерін  тыңдау, тақтаға жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

• «- тиісті белгісі,  – тиісті емес белгісі»

 

Сабақтың ортасы

7

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

(Т) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушылар сабақтың мазмұнын толық ашу үшін берілген тапсырмалармен мысалдар келтіріп, топтасып, жұптасып,  өзара талқылап жұмыс жасайды.Әр жиынға атау беріп, жиынның элементтерін анықтап, тиісті және тиісті емес белгілерінің символдарын ажыратып, мәнін түсіндіреді.

/кітап пен дәптердегі тапсырмаларды беру/

 

(ҚБ)  Қалыптастырушы бағалау. Өздік жұмыс.

 

1)  _________________________________________жиыны ;

2) Жиынының элементтері____________________________ сандары;

3) Жиынға қай элементтер тиісті емес? Оларды белгіленуімен жазыңдар._______________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Дескриптор:

–        жиын, жиын элементтерін біледі;

–        жиын элементтер санын көрсетіп жазады;

–        жиынға тиісті, тиісті емес екенін ажыратады;

Сергіту сәті: (әр топ топтың атын үш тілде айтып шығу.)

 

Дәптермен жұмыс.

№4 тапсырма

Дүкенде 34 жәшік алма және 23 жәшік алмұрт болған еді. Дүкенші 12 жәшік жемісті сатып жіберді. Дүкенде неше жәшік жеміс қалды.

Шешуі: 1- тәсіл: (34+23)-12= 45 (жәшік қалды)

2- тәсіл: (23-12)+34= 45(жәшік қалды)

3- тәсіл: (34-12)+23= 45(жәшік қалды)

Жауабы: дүкенде 45 жәшік жеміс қалды.

 

 (Т) «Жиын элементтерін ата» тапсырмасын ұсынып тақырыпты бекіту. Оқушыларды  біреуі бір қағаз алып, оқиды. Жиынның элементін атайды. Қалғандары оған өз элементтерін қосады.

Мысалы:

1) оқушыларды оқытатын қызметкерлер жиыны; (мұғалімдер)

2) жәндіктер жиыны – шыбын, маса, ара, инелік, және т.б.

3) адам емдейтін қызметкерлер жиыны;(дәрігерлер)

4) мектепте оқитын балалар жиыны(оқушылар) 5)оқулықтар жиыны – қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану, әдебиеттік оқу, т.б.

 

 

Оқулықпен  жұмыс.

№5.  Әр топтағы оқушылар өздері қалаған үш мысалды ламинант тақтаға жазып, шығару.

25+9=34              100-2=98                  90-18=72

90-36=54             74-8=66                    89-45=44

27+33=60            76+7=83                    14+56=70

 

Әр жұпқа берілетін файл парақтары;

• «- тиісті белгісі,  – тиісті емес белгісі»

көрсетілген кеспеқағаздары.

Сабақтың соңы

1

Үйге тапсырма.50-бет, №3

Қорытынды.

Оқушыларға жабық сұрақтар қою арқылы қорытындылаймын.

Жиын бола ма? иә жоқ
Оқушылар +
Кітап
Дәрігерлер +
Натурал сандар +
Қарағанды

 

 

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін

анықтау үшін сұрақтар қойыңыз:

• Жиын дегеніміз не?

• Жиынды бөліктерге бөлуге бола ма?

Жұмыс дәптерінде берілген суреттер арқылы

өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Кері байланыс

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қиналатын оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру  арқылы көмек көрсету.

 «Жиын элементтері» тапсырмасында  орындауда тапсырманы шапшаң орындайтын оқушыларға міндетті 3 элементтерінен басқа да элементтерін қосуға ұсыну.

.

 

 

Мадақтау айту, смайл беру арқылы бағалау. Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру. Сергіту сәттерін өткізу. Белсенді тақтаны 10 минуттан асырмай қолдануды жоспарлау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика