«Мен өмірді қалаймын»

«Мен өмірді қалаймын»

Бауырым, сөз ұғынсаң, маған қара,
Айтайын бір өсиет бар жаhанға.
Адам қонақ білесің бұл өмірге,
Ал өмір біздер үшін қысқа ғана.

Айтады бір данышпан, ғылым кісі
Зерттеген жер мен суды материкті
«Көрмедім, бір де бір ел, бірде бір жер
Жеркеніп,жек көретін, темекіні»

Біледі барлық ғалам «наша» сөзін
Ол сонда неге керек ұрпақ үшін?
Бір мезгіл байып шығып, миллиард шашып,
Көрсету үшін бе еді, үстемдігін?!

Ұрпағының жоятын болашағын
Нашақорлық-ауруы адамзаттың
Қанша ғұмыр ертеден үзілсе де
Пенделер көп бұл затқа құмартатын

Жас талант-өз өмірін өз қолында
«Денсаулық азбас байлық»соны ұмытпа
Ертенің шамшырақ боп жансын десең
Салауатты өмірдің салтын сақта!

Игенбайқызы Байан
10 «А» сынып оқушысы
Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп
Қызылорда обылысы
Қазалы қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика