Металдарды кесу

Металдарды кесу – бұйымдардың қажетті пішіндері мен өлшемдерін қалыптастырып, олардың беттерінің белгіленген технологиялық сапаларын қамтамасыздандыру мақсатымен металдан жаңқа алып тастау арқылы өңдеу. Металды кесу металкескіш білдектерде металкескіш құралдармен немесе қолмен іске асырылады.

 

Металдарды кесумен металкескіш станоктарда әр түрлі кескіш құралдардың көмегімен өңдейді. Бөлшектер үшін дайындама ретінде шойынның, болаттың, түсті металдар мен олардың қорытпаларының құймалары, сол сияқты шындалған темірлер, т.б. пайдаланылады.Кесумен өңдеу процесінде екі түрлі жұмыстық қозғалысты ажыратады: жоңқа бөлінуінің жылдамдығын анықтайтын басты қозғалыс – V; құралдың кесетін жиегінің металдың жаңа қабаттарына енуін қамтамасыз ететін беру (жіберу) қозғалысы – S.Металдарды кесумен өңдеудің көптен-көп тараған тәсілдері -жону, тесу, фрезерлеу, сүргілеу, ажарлауКесу тәртібінің негізгі элементтеріне жатады: кесу жылдамдығы, беріліс, кесу тереңдігі және кесіктің көлденең қимасы (ені мен қалыңдығы).Кесу жылдамдығы деп, дайындаманың өңделетін бетіндегі уақыт бірлігінде құралдың кесу жиегімен салыстырғандағы ауысуын айтады. Жону кезіндегі кесу жылдамдығыV = рDn /1000 м/мин,мұндағы D-дайындаманың өңделетін бетінің диаметрі, мм; n-дайындаманың бір минуттегі айналым саны.Беріліс S-кескіштің кесу жиегінің өңделетін дайындама бір айналғандағы ілгерлемелі ауысуы (жонғанда берілістің өлшемі мм/айналым). Кесу тереңдігі t-кескіштің бір өткенінде алынған өңделетін және өңделген беттердің ара қашықтығы. Сырттай бойлық жонғанда кесу тереңдігі былайша анықталады t = (D-d)/2, мұндағы d-дайындаманың өңделген бетінің диаметрі. Кесіктің көлденең қимасы F (кесілген қабаттың ауданы) кесіктің ені а мен калыңдығының b көбейтіндісінен немесе беріліс S пен кесу тереңдігінің t көбейтіндісіне тең, былайшаайтқандаF=аЬ=S*tМеталлкесетінстаноктардыңжіктелуіҚазіргі металл кесетін станоктар әр түрлі белгілері бойынша топтарға бөлінеді: қызметі бойынша – токарь, тескіш, фрезер, сүргілеу және ажарлау станоктар тобына; тартып өңдейтін, арнайы (бұранда өңдеуші т.б.); агрегаттық немесе мамандандырылған және басқадай (центрлеуші, арамен кесуші т.б.);автоматтандыру дәрежесі бойынша – автомат-станоктар, жартылай автоматтар, бағдарламамен басқарылатын, автоматтандырылған станоктар желілері т.с.с:өңделетін бөлшектер өлшемдерінің дәлдік дәрежесі бойынша – кәдімгі дәлдікті және жоғары дәлдікті станоктар (прецизиондық);өңделетін беттердің тазалығы дәрежесі бойынша – сыдырушы және тазалаушы;
конструкциялық белгілері бойынша (шпиндельдердің орналасуына байланысты) – көлбеу-фрезерлеуші, вертикаль-фрезерлеуші, вертикаль – бұрғылаушы және т.с.с.Әр топтың станоктары конструкциялық және технологиялық ерекшеліктеріне, мамандандырылу дәрежесіне т.с.с. сәйкес жартылай топқа (түрге) және үлгілерге бөлінеді.Бұрғылау және кеңейжону станоктарында өңдеу Б ұ р ғ ы л а у мен к е ң е й ж о н у – ішкі цилиндрлі беттерді бұрғының немесе жону кескіштерінің көмегімен кесіп өңдеу әдістері.Бұрғылар мен тесіктердің беттері көбінесе дайындамалардың бүтін металында немесе әр түрлі габаритті бөлшектерде қалыптасады. Кеңейжону кескіштерімен тесіктерді дәл үйлестірілген өстерімен алу үшін алдын ала қалыптастырылған тесіктерді әдібімен өңдеуді жүргізеді. Бөлшектердің тұрқысына арналған орта және ірі габаритті дайындамаларды жонады. Бұрғылау және кеңейжону станоктарының негізгі түрлеріне саналатыны: тік-бұрғылау, координатты-кеңейжонушы, радиалды-бұрғылау, көлденең-кеңейжонушы, алмазды-кеңейжонушы, агрегаттық станоктар-жартылай автоматтар.Кесуші құралдың түрлері
Бұрғылау станоктарында өңдеу бұрғылармен, үңгілермен, ұңғылағышпен, таңбалаушылармен (метчиктермен) және құрастырылған аспаптармен жүргізіледі.Б ұ р ғ ы л а р конструкциялық белгісі бойынша шиыршықты (спиралды), кіндік тесіктерін жасаушы және арнайы болып бөлінеді. Ең көп тарағаны шиыршықты бұрғылар болып саналады, кесуші тістерінің (жүздерінің) саны Z=2. Бұрғыны құрайтын бөліктеріне ұзындығы l1 жұмыс бөлігі, мойыны l2 , құйрығы l3 және табаны l4. Құйрығының қызметі – бұрғыны станоктың шпинделіне конусты жанасу бетімен үйкеліс күштерінің әсерімен бекітілуі. Табаны бұрғыны шпинделден ұрып шығару үшін, сонымен бірге ол құйрықты жаншылудан сақтайды. Жұмыс бөлігі кесуші l5 және бағыттаушы l6 бөлінген. Бұрғының геометиялық өлшемдері мынадай: алдыңғы бұрыш ц, артқы бұрыш б, бұрғы ұшындағы бұрыш 2ц, көлденең кесу жиегінің көлбеу бұрышы ш және бұрғылау арнасының көлбеу бұрышыҮ ң гі л е р құймаларда, шыңдалған темірлерде немесе дайындамаларда қалыптасқан тесіктерді өңдеу ұшін қолданылады. Бұл үшін дайындама бұрғылаумен алдын ала өңдеуден өткізіледі. Өңделетін беттердің түріне қарай үңгілер цилиндр бетті (а,б), конус бетті (в) және тік кесінді бетті (г) болады. Ұ ң ғ ы л а ғ ы ш т ар деп, тесіктерді ақырғы өңдеу үшін қажет құралды айтады, олар металдың аз қабатын (әдібін) алады, сондықтан жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді.Б ұ р а н д а о й ғ ы ш қ ұ р а л д а р тесіктерге бұранда ойықтарын салу үшін қолданылады. Таңбалаушы құралды дұрыс бұранда ою және құралды сындырмау үшін арнайы патронда бекітеді.Жонушы станоктарда өңдеуді жүргізу үшін әр түрлі құралдар қолданылады: жонушы кескіштер, бұрғылар, үңгілер, ұңғылағыштар, таңбалағыштар, фрезалар. Бәрінен жиі жонушы кескіштер пайдаланылады: өтетін, кесетін, арнаулы және бұрандаушы, жоғарыда қаралғандарға ұқсайтындар.Дайындамаларды сүргілеу, қашау және тартып өңдейтін станоктарында өңдеу
Механикалық өңдеу әдістері – с ү р г і л е у мен қ а ш а у – дербес және аз – сериялы өндіріс жағдайында қолданыс табады.Сүргілеуде екі кесу қозғалысы орындалады: кескіштің немесе дайындаманың үдемелі қозғалысы (негізгі қозғалыс) және үздік-үздік үдемелі беріліс қозғалысы. Беріліс қозғалысы негізгі қозғалысқа перпендикуляр бағытталған

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика