Модель және модельдеу

Алматы облысы
Талдықорған қаласы
Еркін ауылдық округінің шағын орталығы бар №26 орта мектеп
Бимурзаева Асем Габдилхамитқызы

Пән: информатика Сыныбы: 6 Оқыту тілі: қазақ Мерзімі:5.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу
Сабақтың мақсаты: Модель термині түсіндіріледі, модельдеу түрлерін үйренеді, зерттеушілік диалог арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арттырылады.
Сабақтың міндеттері: 1.      Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беріледі;

2.      Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттері дамытылады;

3.      Әр оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуге қол жеткізіледі.

Сабақтың табыс криттерийлері: 1.      Модель және модельдеу түсініктері талдау және диалог арқылы іске асады;

2.      Модель түрлерін ажыратып үйренеді;

3.      Оқушылар модель құруға дағдыланады.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, оқушы топпен және жекелей жұмыс жасайды.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері» тренингі, «Жұлдыздар» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Кубизм» стратегиясы, «Инсерт» әдісі.
Көрнекілігі: Тақырыпқа қатысты суреттер, презентация, түрлі-түсті маркерлер, плакаттар.
Сабақта қолданатын құралдар: Интербелсенді тақта, дербес компьютерлер;
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, биология, бейнелеу өнері
Сілтеме: Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған оқулық
САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ МОДУЛЬ, ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
І. Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1.     Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару

2.    Психологиялық дайындық: «Мен саған…» тренингін өткізу

1. Оқушылар дөңгеленіп щеңбер құрады, бір- бірімен амандасады.

2. «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне тілек білдіреді.

«Шаттық шеңбері» тренингі
 3.  Оқушыларды үш түсті (қызыл, жасыл, көк) жұлдызшалар арқылы үш топқа бөлу. Оқушылар өздері қалаған жұлдызды алады. Оқушылар «Компьютер», «Ақпарат», «Информатика» топтарына мұғалімнің бағыт беруі арқылы жайғасады. 1. Оқушылар столдағы жұлдыздардың ішінен бір ғана жұлдыз алады. Мұғалімнің бағыт беруімен парталарына отырады. «Жұлдыздар» әдісі, оқушыларды топқа бөлу
І.Білу

 

 

Үй жұмысын тексеру

«Миға шабуыл» әдісі

Презентацияда өткен сабаққа байланысты сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген оқушыларға дөңгелек ұпай беру.

Оқушылар сұрақтарға жауап қайтару тиіс «Миға шабуыл» әдісі

 

ІІ. Түсіну

Жаңа сабақ

«Модель және модельдеу» тақырыбына байланысты видео көрсетіледі.

Видео көрсетіліп жатқан уақытта жазбаша үй жұмысы тексеріледі. Құлақтың және жасушаның модельдері көрсетіліп, модель және модельдеу терминдері тағы да түсіндіріледі.

Оқушылар жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды, модель және модельдеу терминін дәптерге жазады.

 

 

Оқулықпен жұмыс
ІІІ. Қолдану      
ІV. Талдау 1.      КУБИЗМ стратегиясы

Суретте: Модельдеуге тым үлкен немесе тыс кішкене объектінің суретін сал.

Салыстыру: Модель және модельдеудің айырмашылығы неде?

Зертте: Модельдеу кезеңдерін зертте!

Қолдан: Кеменің моделін топтың көмегімен салады (Дербес компьютер қолданады)

2.      Бекіту:

Сұрақ:

1. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы қандай?

2. Бір нысанның көптеген модельдері болуын қалай түсіндіресіз?

Топтық жұмыс

І топқа:

1) Сурет салады, неге ол суретті салғанын түсіндіреді

ІІ топқа:

2) Венн диаграммасы немесе өз қалауларына қарай айырмашылығын түсіндіреді

ІІІ топқа:

3) Компьютерде кеменің суретін салады.

 

 
V. Жинақтау «Инсерт» әдісін пайдалану:

 

Білемін Білдім, үйрендім Білгім келеді
     
Оқушылар «Инсерт» әдісі қолданатын таратпа қағаздарды толтырады.  
VІ. Бағалау Оқушылар жинаған ұпайлары бойынша бағалау.    
Үй тапсырмасы беру: 1. Өз бөлмелерінің, үйінің моделін құрып келу. (ДК-де)

2. Қағаз, мата, түйме, т.б. қолданып модель құрып келу.

Күнделікке жазып алу  
Қоштасу Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!    
[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика