Монтессори әлемі

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№56  «Жұлдыз» бөбекжайы

Тәрбиеші: Аминова Кумисай                     

Сабақтың тақырыбы: «Монтессори әлемі»

 

         «Ғажайып телефон» І кіші топтарға арналған жаңажылдық сценарий.

Әуен ойналып, бөбектер ішке қол соғып кіреді. Шыршаның жанында шеңбер құрып тұрады.

Тәрбиеші: Балалар қарағдаршы айнала қандай әдемі, құлпырып кеткен! Далада суық қыс мезгілі болса, ал бізде көңілді мереке Жаңа жылды тойлап жатырмыз. Ортада шыршамыз сондай әсем, өзі түрлі ойыншқтармен жасанып алған. Сендер бүгін қоян мен ұлпақарларға айналдыңдар. Бүгін мерекеміз өзгеше, әрі таңғажайып болып өтеді.

Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте.

Бұл  не, балалар?

Балалар: Шырша.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ол шырша.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Құтты болсын Жаңа жыл!

Ән: «Жаңа жыл жыры»

Ән біткенен кейін балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші : Балалар, қараңдаршы, шыршаның түбінде бірдеңе жатқан сияқты. Ол не болды екен, қарайын.(еңкейіп шыршаның түбінде жатқан телефонды алады). Ой, балалар бұл телефон ғой. Өзі сондай әдемі.(осы кезде телефон шырылдады).

Тәрбиеші(көтеріп): Алло, бұл балабақша, мұнда көңілді жаңа жыл мерекесі болып жатыр. Әрине, сені қуана күтеміз. Балалар, бұл тауық қой! Сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келемін дейді.

Есікті соққан дыбыс естіледі. Осы кезде әуен ойналып ортаға тауық кіреді.

Тауық: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.

Келіңдер биге басайық!
Тауық балалармен бірге қарапайым қимыл қозғалыспен би билейді.

Би: «Буги-вуги»

Тауық: Жарайсыңдар, балалар, өте тамаша биледіңдер.

Телефон шырылдайды.

Тәрбиеші: Алло, Аязата, Ақшақар, сәлеметсіңдер бе! Бүгін бізде жаңа жыл мерекесі, балалар қоян мен ұлпақарларға айналып, сендерді күтуде. Тезірек келіңдер, асыға сендерді күтеміз!(балаларға қарап): Балалар, кәне, Аязата мен Ақшақар тезірек келу үшін оларды дауыстап шақырайық.

Балалар: Аязата! Ақшақар! Аязата! Ақшақар!

                           Әуен ойналып, ортаға Аязата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Ау, армысыңдар ма, ұлдарым,
Армысыңдар ма, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің.
Қандай жарқын жырларың.
Асулармен алысқан.
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: О, жараңдар қараңдар,
Қызықтарын санаңда.
Сүйсіндірер маңайды.
Ақшақармын арайлы,
Жалт – жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ал менің ұлпақарларым қайда? Кәне, маған қарай келіңдер!

Би: «Ұлпақарлар»

Ақшақар: Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ.
Кәне, балалар келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.

Балалар тақпақтары.

1-бала: Жаңа жыл Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
2-бала: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам он болсын.
Төрле, төрле Жаңа жыл,
Бізге Құтты жыл болсын.

3-бала: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
4-бала: Шырша келді ортаға,
Қандай жақсы шыршамыз,
Тауда тауып, тауда өсіп,
Ән шырқайық баршамыз.
5-бала: Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап,
Балалармен бірге қонды.
6-бала: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда – жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
7-бала: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Аязата: Жарайсыңдар, балалар, тақпақтарың тамаша екен! Енді менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ия.

Аязата: Ақшақар қызым сен маған көмектесіп жіберші.

Ақшақар: Жарайды ата, әрине көмектесемін.

Ойын: «Мұз тамшыларын жина»

Шарты: Бір шетке құрсау қойылады. Балаларға алдын-ала жылтырақ картоннан жасалған мұз тамшыларын таратады. Әуен ойналған кезде балалар, оны шетте тұрған құрсауға жинайды.

Ойын екі рет қайталанады.

Аязата: Жарайсыңдар, балалар, ойынды өте жақсы ойнадыңдар.

Ақшақар: Дұрыс, айтасыз Аязата. Балалар ойынды жақсы ойнады. Енді менің қояндарым қайда екен, келе қойыңдар, көңілді би билейік.

Би: «Қояндар»

Тәрбиеші: Аязата, Ақшақар көп рахмет сіздерге. Балалар енді сіздермен бірге шыршаны айналып, ән салғысы келіп тұр.

Ән: «Аязата»

Тәрбиші: Аязата, балаларға сыйлық алып келдіңіз бе? Балалар сізден сыйлық күтіп тұр.

Аязата: Әрине, әкелдім. Ақшақар, тауық қайдасыңдар? Маған сыйлықтарды таратуға көмектесіңдер.

Кейіпкерлер балаларға сыйлықтарды таратып береді.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата: Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болып жүріңдер.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жаңа жылда қуаныш болады деп сеніңдер.
Сау болыңдар, балалар.

                Кейіпкерлер қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!-деп осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Қош сау болыңдар!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика