Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру, штаттық қарулануы мен ұрыс техникасы, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері

Бекешов Сырым Шайдоллаұлы

Батурин жалпы орта білім беретін мектебі

  әскери дайындық  пәні жетекшісі

Батыс  Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Янайкин ауылы.

Сабақтың тақырыбы: Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру, штаттық қарулануы мен ұрыс техникасы, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

  1. Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды жаяу әскердің ұрыстық машинасындағы мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуымен таныстыру;

  1. Дамытушылығы: Оқушылардың әскери білімдерін арттыру;
  2. Тәрбиелілігі: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуға, батылдыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу .
  3. Уақыты: 45 минут.
  4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.
  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, жалпыәскери Жарғылары, плакаттар. интернет тақта, слайдтар
  6. Сабақтың барысы:
    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
    Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
    ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
    б) Негізгі бөлім – 25 минут.
    Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.
    Мотоатқыш бөлімшелері –  тактикалық бөлімшелер болып табылады. Ол мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше болып табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып табылады.

Жаяу әскердің ұрыс мәшинесіндегі (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамында кіретіндері:
– бөлімше командирі;
– көздеуші – оператор;
– механик – жүргізуші;
– пулеметші;
– гранатаатқыш;
– гранатаатқыштың атқыш –  көмекшісі;
– аға атқыш;
– атқыш.

Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс мәшинесі ЖҰМ, қолпулеметтер, танкіге қарсы гранатаатқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаталары болады.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Мәшине маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70 км/сағ), су бөгеттерінен (10 км/сағ), жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған. Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері.
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорығы, ұрысқа кіруі және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.

Жорық реті – бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызудан басталады. Ол қозғалыстың жылдамдығын, ұрысқа кіруі мен ұрыс реттерін, сондай-ақ жеке құрам күшін, мәшинелер мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті – лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-да немесе БТР қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады.  Бұл кезде мәшинелер командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті – 1 немесе 2 лек, ал взводтың жорық реті – 3 немесе 2 лек бойынша жасалады. К- командир; МВ- механик-жүргізуші;
НО-көздеуші-оператор; ПГ-көмекші гранататқыш; П- пулеметші; СГ- гранататқыш; С- атқыш; СС- аға атқыш.

Ұрысқа кіру реті – маңдай шеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысы кезінде қозғалыстың жоғарғы екпінінде қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез өтіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті – лек саналады; жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін –  маңдай шеп пен терендікте бір-бірінің 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі саналады.

Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс жүргізу үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімше күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, сондай-ақ жергілікті жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6–8м, (8 – 12адым)  яғни бөлімшенің шабуылының маңдай шебі 50 м-ге дейін болады.

 

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті – мәшинелер арасындағы аралық 100м-ге дейін болатын ұрыс желісі.

 

Атқыш – зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді. Қорғаныста мотоатқыш бөлімшесі майдан бойынша 100м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ (БТР) – атыс бекінісіне ие болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты бөлім бекінісінің орталығында, қапталда немечсе 50 м артқы жақта орналасады.  Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Бөлімше бекінісі арасындағы аралық 50 м-ге дейін болуы мүмкін, ол көрші бөлімшелердің қапталдай және айқастыра атысымен  және тірек пунктерінің тереңдігінен атыс бойынша тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдай шеп пен тереңдікте 200 м дейінгі аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін. Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар взводтарының тірек пунктеріне және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс беінісінен құралады.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

  1. Жаңа сабақты пысықтау.

Жаңа сабақты бекіту:

Бағалау: Үй тапсырмасына және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: §3 «Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру, штаттық қарулануы мен ұрыс техникасы, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

» тақырыбын оқып келу. 93 – 95  беттер.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:
– жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.
– жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.
– мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы
жайлы айтыңдар.

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика