Мәліметтер қоры және қосымшалар

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Информатика пәнінің мұғалімі
Оқытушы: Бекмаханбетов Алмат
Пәннің аты: Объектілі бағытты бағдарламалау
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер қоры және қосымшалар.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес жаңа сабақ
Сабақтың типі: Аралас (көрнекі-түсіндірмелі, практикалық) сабақ
Сабақтың әдісі: топтық, жеке жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, сиқырлы дөңгелек, рефлексия («Т» кестесі).

 

Білімділік:

С++ Builder 6 ортасындағы мәліметтер қоры туралы түсінік қалыптастыру. Мәліметтер қорының қосымшасын құру.

Тәрбиелік:

Білімгерлерді ұйымшыл болуға,  тәртіптілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздің техникасы ережелерінің сақталуы үшін реттілікке баулу.

Дамытушылық:

Жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін одан әрі дамыту және білімгерлердің   ақпараттық құзіреттілігін дамыту.

 

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Ресурстар:

Интерактивті тақта, дербес компьютер, сәйкестендіру парақтары, топқа бөлу стикерлері, жеке тапсырмалар, рейтингілік бағалау парағы, маркерлер, тақырыптық презентация, Интернет сілтемелер.

 

САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер және ұсыныстар)

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, түгелдеу.

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

  • Топтарға біріктіру (1+1=2; 3+3=6; 4+4=8; 5+5=10)

  1. Үй тапсырмасы

  1. «Интерфейстер элеменеттері» тақырыбы бойынша топтардың білімін байқау мақсатында сәйкестендіру парақтарын тарату, әр топ бір-бірінің орындаған жұмыстарын тексеріп баға береді.

  • «Ой қозғау» арқылы топтардың «мәлімет», «қор» сөздеріне қатысты түсініктерін қалыптастыру.

  • «Сиқырлы дөңгелек» арқылы жаңа тақырыпты ашу.

  1. Жаңа тақырыпты баяндау

  1. Мәліметтер қоры дегеніміз … ережесін құрастыру. Әр топқа ереженің сөздері ретсіз орналасқан мәтін ұсыну. Берілген сөздерден ереже мәтінін құрастыру. Ең дұрыс құрастырған топты анықтау, мадақтау, рейтингілік бағалау жүйесін жүргізу.

Мәліметтер қоры (МҚ) — құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Мәліметтер қорында сақталатын деректер кесте түрінде жасалады (құрылады).

  1. Мәліметтер қоры туралы түсінік. (тақырыптық презентация бойынша)

  • Білімгерлердің мәліметтер қорынның қосымшасын құрастыру. (көрнекі түсіндіру)

  • Жеке тапсырма (Білімгерлердің мәліметтер қорының қосымшасын құру)

  • Сергіту сәті: Физкультминутка.

  1. Бекіту (жаңа тақырыпты түсіндіру барысында білімдерден кейін немесе тақырып толық түсіндірілгеннен кейін)

  1. Білімгерлердің білімін анықтау мақсатында компьютермен MyTestX бағдарламасында тест сұрақтарын ұсыну. Білімгерлер тест тапсыру арқылы өздерінің білім деңгейлерін анықтайды.

  • Бекіту сұрақтары:

  • Мәліметтер қоры дегеніміз не?

  • Мәліметтер қорындағы деректер қалай беріледі?

  • Мәліметтер қорын жасақтауға және пайдалануға арналған қандай бағдарламаларды білесің?

  • Деректер файлының орналасуына қарай мәліметтер қоры  қаншаға бөлінеді?

  • Құрылған мәліметтер қорының терезесі қандай компоненттерден тұрады?

  1. Үй тапсырмасы

Дәрісті оқу, түсінік.

«Мәліметтер қоры» тақырыбында сөзжұмбақ құрастыру.

«Білімгерлер» тақырыбында мәліметтер кестесін жасау.

Бағалау. (формативті, суммативті)

Кері байланыс (Рефлексия) «Т» кестесі.

Тексерілді:

Әдіскер: Рахметова Г.

Топтарға біріктіру

Сәйкестендіру кестесі

Ой қозғау

 

Сиқырлы дөңгелек

Мәліметтер қоры белгілі бір пішімдегі ақпараттарды сақтайтын файлдардан және оларды басқаратын бағдарламадан тұрады. Жалпы жағдайда басқару бағдарламасы мәліметтер файлдарын жасақтауға толықтыруға және өзгертуге мүмкіндік жасайды. Ал оның негізгі қызметі қордағы мәліметтерді сұрыптау және қорға сұраныс беру арқылы қажетті ақпараттарды пайдаланушыға шығарып беру болып табылады.

Қазіргі уақытта мәліметтер қорын жасақтауға және пайдалануға арналған көптеген бағдарламалық жүйелер жасақталған. Мәліметтер файлының орналасуына қарай оларды екі топқа бөлуге болады:

  • дербес басқарылатын (оқшау, жергілікті) мәліметтер қорын жасақтауға арналған (мысалы: dBase, FoxBase, FoxPro, Access, Paradox);

  • алыстан басқарылатын мәліметтер қорын жасақтауға арналған (мысалы: InterBase, Oracle, SysBase, Infimix, Microsoft SQL Server).

C++ Builder ортасында бағдарламалық жүйелердің бірнеше түрін пайдаланып, мәліметтер файлымен жұмыс жасауды жеңілдететін жән басқару бағдарламаларын оңай құруға көмектесетін көптеген компоненттер бар. Қажетті пішімдегі мәліметтер файлын жасақтау және редакторлау үшін C++ Builder пакетінің құрамындагы арнайы Borland Database Desktop утилитін пайдалануға болады.

Дербес басқарылатын мәліметтер қорының мәліметтері компьютердің құрылғысында (мысалы, қатқыл дискіде) немесе желімен жалғасқан екінші бір компьютердің қүрылғысы (мысалы, желілік дискіде) орналасады. Соңғы жағдайда, мәліметер қорын (мәліметтер файлын) бірнеше қолданушы бір мезгілде пайдаланғанда олардың кезегін ұйымдастыратын арнайы әдіс (бағдарлама) қолданылады. Бұл әдістің қызметі қолданушының байланысы аяқталмай тұрып, кезектегі екінші қолданушыға мәліметтер қорымен байланысуға мүмкіндік бермеу.

Алыстан басқарылатын мәліметтер қорының мәліметтері (файлдары) қашықта тұрған компьютерде орналасады. Бұл жағдайда мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын бағдарлама екі бөліктен тұрады:

  • бағдарламаның клиенттік бөлігі пайдаланушының компьютерінде жұмыс жасайды, серверлік бағдарламамен және мәліметтер қорымен сұраныстар арқылы байланысты іске асырады;

  • бағдарламаның сервистік бөлігі алыстағы компьютерде жұмыс жасайды. Ол клиенттік бағдарлама жіберген сұраныстарды қабылдайды және орындайды, содан соң алынған мәліметтерді клиенттік бағдарламаға қайтарып береді.

Сұраныс деп SQL (Structured Query Language) құрылымды сұраныстар тілінде жазылған командаларды айтады. Сервистік бағдарлама өз жүмысында бір мезгілде бірнеше қолданушымен қатесіз қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін транзакңия механизмін пайдаланады.

Мәліметтер қоры белгілі бір шарт бойынша реттелген біртекті ақпараттар жиынтығы болып табылады. Мәліметтер қоры қағаздағы жазбалар немесе компьютердегі деректер файлдары түрінде берілуі мүмкін. Қағаздағы мәліметтер қорының мысалдары: кітапхана бумасы, емхана картотекасы, телефон анықтамасы, поездардың қозғалыс кестесі. Әрине, мұндағы мәліметтерді кесте түрінде бейнелеу қолайлы болатыны даусыз. Сондықтан да компьютердегі мәліметтер қоры бір немесе бірнеше кестеден құралады деп есептеп, одан алынған ақпаратты экранда кесте түрінде көрсетеміз.

Мәліметтер қоры жазбалардан тұрады. Әр жазба бір объект туралы ақпаратты сақтайды. Ақпараттар әр түрлі өрістердің мәндері болып табылады. Барлық жазбалар бірдей өрістерден құралады, бірақ кейбір жазбаның небір өрісінде мән болмауы да мүмкін. Мәліметтер қорын кесте түрінде елестетсек, онда оның әрбір қатары (жолы) жазбаға, ал әрбір ұяшығы өріске сәйкес келеді. Кестенің бір бағанында орналасқан ұяшықтардың өрісі ортақ болады. Кестенің әрбір бағанына (Мәліметтер қорының өрісіне) Қайталанбайтын ат, ал әрбір қатарға жазба нөмірі беріледі.

2 кестеден құралған «Колледж» атты мәліметтер қорын мысалға келтірейік. «Білімгерлер» атты бірінші кесте «Тегі», «Аты», «Мекен-жайы», «Оқу тобы», «Курс», «Оқу түрі», «Стипендия» өрістерінен құралған көптеген жазбадан (666 білімгер) тұрады:

 

Тегі

Аты

Мекен-жайы

Оқу тобы

Курс

Оқу түрі

Стипендия

Абдибаева

Регина

6-12-15

02-11

3

Күндізгі

12000

Ермек

Нұрсұлтан

3-22-12

02-11

3

Күндізгі

12000

Сәрсеқұлов

Бақытжан

2-28-5

02-11

3

Күндізгі

12000

Бақторазов

Наурызбай

3-22-12

03-12

2

Сырттай

Жанұзақов

Ұлантай

А.Оразбаева, 21

03-13

1

Күндізгі

 

«Қызметкерлер» атты екінші кесте «Тегі», «Аты», «Қызметі», «Пәні», «Мекен-жайы», «Телефоны» өрістерінен құралған көптеген жазбадан тұрады:

 

Тегі

Аты

Қызметі

Пәні

Мекен-жайы

Телефоны

Ескерту

Утебаева

Гүлнұр

Оқытушы

Информатика

2-25-52

62632

Бекмаханбетов

Алмат

Оқытушы

Экономика

3-47-58

Сауханов

Аманжол

Директор

Математика

6-25-45

64585

Молтаева

Майра

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тарих

3-26-25

61226

Мұқашев

Мерей

Оқытушы

Геодезия

2-6-24

64512

Білімгерлердің мәліметтер қоры қосымшасын құру

Ең алдымен C++ Builder ортасын жүктейміз. Standard қосымшасынан Panel компонентінің үшеуін қосамыз. Бірінші компоненттің Align қасиетіндегі көрсеткішті AlTop-қа ауыстырамыз. Панель пішіннің жоғарғы жағына бекітіледі.  Үшінші компоненттің Align қасиетіндегі көрсеткішті AlBottom-ға ауыстырамыз. Панель пішіннің төменгі жағына бекітіледі.  Енді Additional қосымшасының Splitter компонентін пішінге орналастырамыз. Оның да Align қасиетіндегі көрсеткішті AlBottom-ға ауыстырамыз. Бұл компонент Panel3 компонентінің үстіңгі шекарасына бекітіледі. Splitter компоненті панельдердің биіктігін өзгертуге мүмкіндік береді. Енді екінші Panel2 компонентінің Align қасиетіндегі көрсеткішті AlClient-ке ауыстырамыз. Бұл компонент өзіміз көріп отырғандай пішіндегі бос қалған барлық орынға бекітіледі, яғни үстіңгі және астыңғы панельдердің ортасындағы бос аймаққа орналасады. Panel1, Panel2, Panel3 компоненттерінің Caption қасиеттерін өшіреміз.

Жоғарғы панельге Standard қосымшасынан RadioButton компонентінің үшеуін орналастырамыз. Бұл компоненттердің Caption қасиеттерінде біріншісіне «мекен-жай», екіншісіне «телефон», үшіншісіне «оқу тобы» деген көрсеткіштер берейік. Осы компоненттер арқылы мәліметтер қорындағы деректерді таңдалған көрсеткіштер арқылы шығаруға болады. Мекен-жай компонентінің Chekked қасиетіндегі көрсеткішті True мәніне ауыстырамыз. Енді жоғарғы панельге Additional қосымшасынан Bewel1 компонентін қоямыз. Оның Width қасиетіндегі пиксельдер санын 2-ге теңестіреміз. Бөлінген оң жақтағы бетке Standard қосымшасынан Label компонентін орнатамыз. Оның Caption қасиетін «Тегі бойынша іздеу» деп ауыстырайық. Осы қосымшадан Edit компонентін орнатамыз. Оның Text қасиетін тазалаймыз. Сосын Button компонентін енгізіп, Caption қасиетіне «Іздеу» сөзін енгіземіз. Тағы да екі Button компоненттерін енгізейік. Оның біріншісі ағымдағы жазбаны өңдеу үшін арналған болсын, және Caption қасиетін «Өңдеу» деп ауыстырайық. Екіншісі жаңадан жазба қосатын батырма болсын, және Caption қасиетін «Жаңа білімгер» деп ауыстырайық. Екінші және үшінші панельдер Data Controls панеліндегі DBGrid компоненттерінен ғана тұрады. Олардың Align қасиеттеріндегі көрсеткішті AlClient-ке ауыстырамыз.

Енді пішіннің Name қасиетіне fName атын енгізейік. Caption қасиетінің мәнін «Білімгерлер» деп ауыстырайық. Бұл модульді Main атымен сақтайық. Жобаның атын Bilimgerler деп сақтайық. Осыдан келе бізде мынадай қосымша пайда болуы тиіс. (1-сурет)

1-сурет. Колледж мәліметтер қорының «Білімгерлер» деп аталатын кестесі.

 

Бекіту сұрақтары:

  • Мәліметтер қоры дегеніміз не?

  • Мәліметтер қорындағы деректер қалай беріледі?

  • Мәліметтер қорын жасақтауға және пайдалануға арналған қандай бағдарламаларды білесің?

  • Деректер файлының орналасуына қарай мәліметтер қоры қаншаға бөлінеді?

  • Құрылған мәліметтер қорының терезесі қандай компоненттерден тұрады?

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру.

Бағалау.

Рефлексия (кері байланыс):

«Т» кестесін пайдаланып тақырыптың түсінікті/түсініксіз болғанын білу арқылы білімнің қай сатысында тұрғандығын, неге көңіл бөлу керектігін анықтау.

Білімгерлердің мәліметтер қоры қосымшасын құру

Ең алдымен C++ Builder ортасын жүктейміз. Standard қосымшасынан Panel компонентінің үшеуін қосамыз. Бірінші компоненттің Align қасиетіндегі көрсеткішті AlTop-қа ауыстырамыз. Панель пішіннің жоғарғы жағына бекітіледі.  Үшінші компоненттің Align қасиетіндегі көрсеткішті AlBottom-ға ауыстырамыз. Панель пішіннің төменгі жағына бекітіледі.  Енді Additional қосымшасының Splitter компонентін пішінге орналастырамыз. Оның да Align қасиетіндегі көрсеткішті AlBottom-ға ауыстырамыз. Бұл компонент Panel3 компонентінің үстіңгі шекарасына бекітіледі. Splitter компоненті панельдердің биіктігін өзгертуге мүмкіндік береді. Енді екінші Panel2 компонентінің Align қасиетіндегі көрсеткішті AlClient-ке ауыстырамыз. Бұл компонент өзіміз көріп отырғандай пішіндегі бос қалған барлық орынға бекітіледі, яғни үстіңгі және астыңғы панельдердің ортасындағы бос аймаққа орналасады. Panel1, Panel2, Panel3 компоненттерінің Caption қасиеттерін өшіреміз.

Жоғарғы панельге Standard қосымшасынан RadioButton компонентінің үшеуін орналастырамыз. Бұл компоненттердің Caption қасиеттерінде біріншісіне «мекен-жай», екіншісіне «телефон», үшіншісіне «оқу тобы» деген көрсеткіштер берейік. Осы компоненттер арқылы мәліметтер қорындағы деректерді таңдалған көрсеткіштер арқылы шығаруға болады. Мекен-жай компонентінің Chekked қасиетіндегі көрсеткішті True мәніне ауыстырамыз. Енді жоғарғы панельге Additional қосымшасынан Bewel1 компонентін қоямыз. Оның Width қасиетіндегі пиксельдер санын 2-ге теңестіреміз. Бөлінген оң жақтағы бетке Standard қосымшасынан Label компонентін орнатамыз. Оның Caption қасиетін «Тегі бойынша іздеу» деп ауыстырайық. Осы қосымшадан Edit компонентін орнатамыз. Оның Text қасиетін тазалаймыз. Сосын Button компонентін енгізіп, Caption қасиетіне «Іздеу» сөзін енгіземіз. Тағы да екі Button компоненттерін енгізейік. Оның біріншісі ағымдағы жазбаны өңдеу үшін арналған болсын, және Caption қасиетін «Өңдеу» деп ауыстырайық. Екіншісі жаңадан жазба қосатын батырма болсын, және Caption қасиетін «Жаңа білімгер» деп ауыстырайық. Екінші және үшінші панельдер Data Controls панеліндегі DBGrid компоненттерінен ғана тұрады. Олардың Align қасиеттеріндегі көрсеткішті AlClient-ке ауыстырамыз.

Енді пішіннің Name қасиетіне fName атын енгізейік. Caption қасиетінің мәнін «Білімгерлер» деп ауыстырайық. Бұл модульді Main атымен сақтайық. Жобаның атын Bilimgerler деп сақтайық. Осыдан келе бізде мынадай қосымша пайда болуы тиіс. (1-сурет)

1-сурет. Колледж мәліметтер қорының «Білімгерлер» деп аталатын кестесі.

 

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *