«Мәңгілік ел – болашағымыз»

«Мәңгілік ел – болашағымыз»

«Туған ел,  қымбат болдың мұнша неге,

Білмеймін, сонша ыстық па  әр пендеге?

Ойымнан қайда жүрсем бір кетпейсің,

Көңіліме  қағылыпсың  болып шеге…,-

Сегіз сері  ( Мұхамед- Қанапия)    Шақшақов

Қазақ – сан ғасырлық жолында  арман – мүддесін  жігерлі қайратымен, өжет батылдығымен, терең ойшылдығымен, кестелі сөзімен жеткізе білген ұлы халық.

Жүрегі елім, жерім,халқым   деп соққан  азамат қана ел тірегі болатыны айқын.

Мәңгілік ел – ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.                    Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан  ойып тұрып орын алатын  «Тәуелсіз мемлекет» атану  еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты,  түтіні түзу шыққан, ұрпағы  болашаққа сеніммен қарайтын бақытты ел болу.  Менің ойымша,  қазір сол армандар ақиқатқа айналды.  Мәңгілік елдің  іргетасын қаладық.  Бізде болашағымызға бағдар беретін ұлтты ұйыстырып,  ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.  Ол – «Мәңгілік ел» идеясы. Бұл дамыған отыз мемлекеттің қатарына  кіруімізге  серпін беретіні сөзсіз. Әрбір жолдауында  Ұлт көшбасшысы  Елбасымыз  халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Өз тәуелсіздігінің  22  жылын артқа қалдырған  еліміз  бүгінде  жаңа экономикалық өрлеу жолында. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз  мәңгілік мұраттарына жете алады. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі- Мәңгілік  Елордамызды тұрғыздық. Бірақ тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру-  әлдеқайда қиын. Бұл әлем  кеңістігінде ғұмыр кешкен талай  халықтың  басынан өткен тарихи  шындық. Өзара алауыздық пен  жан – жаққа  тартқан берекесіздік  талай елдің  тағдырын құрдымға жіберген.

Біз үшін « Мәңгілік ел- болашағын» тәуелсіздіксіз елестету – өте қиын. Сондықтан біз бірлік пен татулықты ту еткен, ұлт  ынтымақтастығы өте күшті  мемлекет болуымыз қажет. Біздің мақсатымыз- Мәңгілік ел болу. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап,  ұдайы алға ұмтылу. Байлығымыз да,бақыттымыз да болған тәуелсіздігімізді көздің  қарашығындай сақтап  қана «Мәңгілік  ел» бола аламыз.

Сол үшін ең бастысы – тәуелсіздігімізді сақтау. Біз –  Мәңгілік  елдің  білімді де саналы, сауатты ұрпағын тәрбиелеу,  оларға сапалы білім беру жолында аянбай  еңбек етуге тиіспіз. Бүгінгі төгілген тер  ертеңгі өскелең ұрпақтың  болашағына жұмсалатын алтыннан да қымбат қазынасына айналады. Еліміздің гүлденуі мен  әрі қарай дамуына, көркеюіне өз үлесімізді қосайық.

Артылған үміт пен сенімнің жүгі қанша ауыр болмасын, сан қилы, сан қырлы соқпақты жолдар балса да, қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай  еңсемізді  тік ұстап, нық  басайық!

[bws_related_posts]

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика