М е н м е й і р і м д і а д а м м ы н » тренинг

Қызылорда облысы Арал ауданы Т. Г. Шевченко атындағы

 №13  орта мектептің

педагог-психологы Әлжанова Гүлбану  Нұржауқызы

Өтетін орны: АКТ залы

Сабақтың тақырыбы:

 «М е н    м е й і р і м д і   а д а м м ы н »  тренинг

Мақсаты:  

  • мейірімділік сезіміне баулу.
  • Біріне – бірі жақсылық жасауға , көмек беруге үйрету
  • Мейірімділік сезімін жақсы тілекпен, жақсы сөзбен жеткізуді үйрету, дағдыландыру

 

Әдіс – тәсілдер: әңгіме айту, талдау, сұрақ – жауап , ойын

Амандасу рәсімі:

            Балалар шеңберге тұрып «Мен қандаймын?» сұрағына өз атының бірінші әріпінен  басталатын сөзді атымен қосып айтады

                                              

Танысу тренингі

            Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Орындарын ауыстыру ойыны.

  1. Қыс айында туылғандар
  2. 13- ке толғандар
  3. Ән айтқанды жақсы көретіндер
  4. Әжесімен бірге тұратындар
  5. Мектепке келерде жолдан өтетіндер
  6. Осы айда сабақтан қалмаған оқушылар

 

Көңіл – күйді көтеру

            Үшке дейін санап, балалар көздерін жұмады. Көз алдымызға елестетейік. Жаңбыр жауып тұр: тырс – тырс. Жауып тұрған жаңбырдың тамшылары жай тамшылар емес, алтын тамшылар. Рбір алтын тамшы жерімізге, қаламызға  мейірін төгіп, нұрын шашып тұр. Айналаға қарасақ, ағаштар жайқалып, көшелеріміз айнадай тазарып, гүл шоқтары жайнап тұр.

            Аспанда әдемі, түрлі – түсті кемпірқосақ көздің жауын алып тұр. Сендер кемпірқосақтың қай түсінің үстіне ұшып барып қонғыларың келеді….

            Сол түсті естеріңе сақтап, көздеріңді ашыңдар. Қағаз бетіне сол түсті дөңгелендіріп түсіріңдер.

 

Сабақтың мазмұны:  Бүгін біз мейірімділік жайында  әңгімелесеміз: 

  1. Мейірімділік деген не?
  2. Неге мейірімді болу керек?
  3. Қалай мейірімді болу керек?

«Үлкен жұлдыз»  құрастыру ойыны

            Қол шапалақтау арқылы  үлкен жұлдыз құрастыру. 2 рет шапалақтаса – 2 адам, 6 рет шапалақтаса – 6 адамнан жұлдыз құрайды.

 

Жауын

  1. Қолды ысқылау
  2. Екі қолды шерту
  3. Қолды санға ұру
  4. Қолды бір рет шерту

«Жүрек» ойыны

            (Жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген)

            Әрюір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржыннан адамның қасиеттерін анықтайтын сөзде жазылған түрлі пішіндер алады.

            Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешірімді

            Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек құрастырылады.

 

Рефлексия

           

ӘР топқа тапсырмалар беру:

  1. Сенің мамаң жұмыстан шаршап келді. Сен қайырымды болсаң не істер едің?
  2. Даладан сен қанаты сынған құсты көрдің. Сен қайырымды болсаң не істер едің?
  3. Көшеде саған өте кәрі атай кездесіп, сенен дәріханаға дейін жеткізіп салуын сұрады. Сен мейірімді болсаң не істер едің?
  4. Досың сабақққа келе алмай үйде ауырып қалды. Сен қайырымды болсаң не істер едің?

Мейірімділік дегеніміз- бір – бірімізге деген жылуымыз, достығымыз, көмегіміз. Бәріміздің жүрегіміз жақсылық пен мейірімділікке толы. Осы жылылықты бір – бірімізге шашашайық. Шашқан жылылығымыз өзімізге қайта оралады.  

 

Шығармашылық тапсырма

Жүректің ішіне өзіңе ең жақын адамның суретін сал.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *