М.Қабанбай  «Бауыр» әңгімесі. Оқырман

Бекітемін: Директордың ОТЖ   орынбасары Мергалиева Н.Х.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

3-бөлім. Адамгершілік-асыл қасиет.

Мектеп: №20 ЖОББМ
Күні: 15.03.2018 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Шалкарова А.Т.
Сынып: 5

 

Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы  М.Қабанбай  «Бауыр» әңгімесі. Оқырман
Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

5.3.4.1. (Б/С) – оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

 

Сабақтың мақсаты 1.Барлық білім алушылар орындай алады:             шығарманы талдай отырып, хабарлама жаза алады.

2. Білім алушылардың көпшілігі орындай алады: Хабарлама жазуда шығарма кейіпкерлерінің өмірін саралай отырып, сыни көзқарасын білдіре алады.                                                                3. Кейбір білім алушылар орындай алады:

Кейіпкерлер әрекеттерін бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз көзқарасы тұрғысынан бағалайды.

Тілдік мақсат     Мақал-мәтелдер,тұрақты тіркестер: шер тарқату,қой аузынан шөп алмайтын.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сөйлеу, қарым – қатынас, тақырып. Идея.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Бағалау критерийлері – Берілген шығарманы толық талдай алады;

– Тақырып бойынша өз пікірін өмірмен байланыстырып дәлелдейді.

– Кейіпкерлерді өмірмен байланыстырады, болжам жасайды.

-Оқырманның рухани дүниесіне шығарманың қандай әсер беретінін талдай алады.

-Сыни көзқарасын білдіріп, хабарлама жаза алады.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Құндылықтарға баулу Ынтымақтастық қарым-қатынас, ашықтық,  Қазақстандық патриотизм, Құрмет.
Пəнаралық байланыс  әдебиет, тарих, өзін-өзі тану
Алдыңғы білім Шығарманың тілдік-көркемдік ерекшелігіне талдау, туыс, бауыр туралы ұғым.

 

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басы

 

5 минут

 

Ширату, топқа бөлу

Шаттық шеңбері: «Жылы сөздер» әдісі бойынша оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, жылы сөздер айту арқылы топқа бөледі.

-Бірлігі жарасқан!

-Бір шаңырақ астында!

-Бір бөлкені бөле жеген!

-Бір үйдің баласындай!

 

Сөздерін айтып 4 топқа бөледі. Әр топқа жақындап, сөз тіркестерін сөйлемге айналдырып, зат есімдерді ІІ жақта жіктеп айтады, оқушылар І жаққа алмастыру қажет.

-Сіздер бірлігіңіз жарасқан баласыздар!

-Сіздер бір шаңырақ астында татусыздар!

-Сіздер бір бөлкені бөле жеген достарсыздар!

-Сіздер бір үйдің баласындай бауырсыздар!

 

Сыныпты 4 топқа бөледі.

 «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпты анықтау.                                                                       – Біз айтқан «жылы сөздер» сізге қандай ой тастады?

–  Бүгінгі сабақта қандай мақсатта жұмыстанамыз деп ойлайсыздар?                                                                                          ( Мұғалім оқушылардың жауабын қорытындылап, оқу мақсаты мен бағалау критерийін хабарлайды.)                           Мұғалім қолдауы

 

Алдыңғы білім

«Ақылдас, шешім қабылда» әдісі бойынша топ мүшелері 1 минут ақылдасып, топтан шығармасын оқитын 1 оқушыны анықтайды.

8-тапсырма, 121-бет

Әңгімені өздерің қалай аяқтар едіңдер?  Ағайындылар болашақта кездесді деп ойлайсыңдар ма? Кездессе, кездесулері қалай болуы мүмкін? Кездеспейді деп ойласаңдар, не себепті кездесе алмай кетеді?

(Әр топтан 1 оқушы өз шығармасын оқиды.)

Қ/б. «Үздігін анықта»

 

Сабақтың ортасы Критерийі:  Берілген шығарманы толық талдай алады.

  1-тапсырма. а) Әңгімеге СКТ арқылы талдау жасату. Теориялық білімді ортаға саламыз.

1.      Авторы– М. Қабанбаев 1948 ж. Шығыс Қазақстан обл., Зайсан ауданында дүниеге келген. Жазушы, белгілі публицист. Шығармалары: «Бақбақ басы толған күн», «Жиһангез Тити», «Пысық болдым мінекей», «Қала мен қыз бала», «Қазақ қайда барасың», «Сурет салғым келмейді», «Бауыр» т.б повестер мен әңгімелер топтамалары, «Кермек дәм», « Айшылық алыс жол» романдары жарық көрді.

2.      Тақырыбы – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.

3.      Жанр түрі – әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, шұғыл үн қосқыш жанр.

4.      Идеясы – бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат – мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады.

5.      Шығарманың композициялық құрылысы:

1.      Оқиғаның басталуы – Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, Директормен әңгіме.

Оқиғаның дамуы – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы

1.      Оқиғадағы шиеленіс – Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.

2.      Шарықтау шегі – Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұрап, жаттығуға асығуы.

3.      Оқиғаның шешімі – Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы.

2.      Шығарамадағы кейіпкердің бейнесі:

1.      Жағымды– Манап, Қали

2.      Жағымсыз кейіпкерлер жоқ десе болады.

8.      Тәрбиелік мәні: Оқырманды жетімдер тағдырына қайырымдылықпен қарауға тәрбиелейді, бауырға деген мейірімділік сезімі оятады.

 

Дескриптор:

3.      Шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды.

4.      Шығарманың тәрбиелік мәнін ашады.                                                         Қ/Б «Білемін, білуім керек»                                               

Саралау. Кесте бойынша әлі де білуі керек оқушыға кеңес беремін.

 

«Үлгілі оқиға» бейнежазбасын көрсету

(https://www.youtube.com/watch?v=ErlFl1PoGuw)

Түрткі сұрақтары:

-Бейнежазбаның қандай тәрбиелік мәні бар?

-Бұл бейнежазбадағы оқиғаны әңгімедегі оқиғамен қалай байланыстырар едіңіз?

-Олай болса біз осы сабақта бір туған бауырларды бірге өсіруге кедергі болған оқиғаларды сынға ала отырып, сыни хабарлама жазуды үйретентін боламыз.

 

Хабарлама –  нақты бір адресат үшін жазылады және көбіне сұранысқа жауап, белгілі бір мәселені хабарлау болып табылады;

Сын – белгілі бір тақырып аясында ой өрбіту үшін «сұрақ жаудыру», күман келтіру.

Сыни хабарлама – берілген сұранысқа жауап ретінде күман келтіре отырып, қарсы сұрақ қоя отырып жауап хабарлама жазу.

 

 

2-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Топта жұмыстана отырып, берілген сұраныс-хатқа жауап ретінде сыни хабарлама жазыңыз.

І топ – қара сөзбен постерге сыни хабарлама жазады;

ІІ топ – өлеңмен сыни хабарлама жазады;

ІІІ топ – қара сөзбен компьютерге сыни хабарлама жазады;

ІҮ топ – риторикалық сұраулы сөйлемдермен сыни хабарлама жазады.

 

Сұраныс-хат:

Сонау ХҮ ғасырда қазақ халқының хандық билік құрған кезіндегі елім деп ерен еңбек еткен хан, билердің ХХІ ғасырдағы ұрпағына жолданған сұраныс-хаты.

«Ау, қазақ елінің болашағы болып саналатын жастары!

Біз -қазақ деген мал баққан ел едік,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан ел едік.
Елімізден құт-береке қашпасын деп
Жерімізді жаудан қорғаған ел едік.

Атадан ұл туса,
Құл болам деп туған жоқ.
Анадан қыз туса,

Күң болам деп туған жоқ.

Жетімді жылатпаған ел едік,

Жетімдер үйін тұрғызбаған ел едік.

Ұрпағын далаға тастамаған ел едік.

Ал, бүгін ше, бүгін күнің не болды?

Бүгінгі жайың не болды?

Осыны маған хабарла, бабаңның сенер ұрпағы.

Сұраныс-хат иесі: Хазақ хандығын құруда белсене қатысқан билер.

 

Дескриптор:                                                                          

1.      Хабарлама жазудың құрылымын сақтайды;

2.      Кейіпкерлердің өмірімен немесе өмірмен байланытырады;

3.      Сыни көзқарасын білдіреді.

                                                               Қ/Б «+-» әдісі 

Саралау жұмысы  жүргізіледі.

 

3-тапсырма

Өздері жазған сыни хабарлама негізінде 2030 жылға болжау хабарлама жазу.

Қазақстан Республикасы президентінің 2030 жылғы сұраныс-хаты:

«Құрметті, қазақстандықтар! Біз Қазақстан деген ұлы мемлекетті құрған кезде бұл елдің Мәңгілік ел болуын мақсат тұтып едік. Елдің экономикасын жақсарттық, ауылдың жағдайын түзедік, халықтың әлеуметтік халін күшейттік, елді бірлікке шақырдық, адамдарды жұмыспен қамтыдық, бейбіт, бақытты өмір сүру үшін бар қолдан келгенді жасадық. Ал, бүгінде, яғни 2030 жылы балалар аналарымен бақытты ма, бүлдіршіндердің халі қалай? Сол жағдайдан хабар беріп, болжау хабарлама арқылы жауап беруіңізді сұраймын. Сұраныс хат иесі: ҚР тұңғыш президенті»

Оқушылар дәптерлеріне болжау хабарлама жазады.

Қ/б. «Бір сөйлеммен қамты»

Дескриптор:                                                                           

1.      Хабарлама жазудың құрылымын сақтайды;

2.      Болашақпен байланытырады;

Саралау жұмысы жүргізіледі.

Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс 

 

 «ПОПС» әдісі арқылы сынып оқушылары берілген сұраққа өз ойларын дәлелдермен жеткізеді.                                                                                                        П – мен былай деп санаймын…

О- мен оны былай деп түсіндіремін…

П – мен оған мынадай мысал келтіремін…

С- мен мынадай қорытындыға келдім….

 

Дескриптор:

1.      Оқушы өз пікірін білдіреді.

2.      Оқушы өз пікірін дәлелдермен жеткізеді.                                                                                Қ/б.   Оқушылардың өзара бағалауы                     

  «Блоб» ағашы

Оқушылар сабақтың өн бойында өздерін ағаштың қай бөлігінен көрді, сол бөлігіне белгілейді.

 

Орал қалалық білім беру бөлімі

№20 жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: «М.Қабанбай  «Бауыр» әңгімесі. Оқырман»

 

 

 

 

 

Өткізген:  қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалімі Шалкарова А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2018 жыл

 

 

 

І топ – Құрметті, қазақ хандығын құрушы билер! Заманның қиындығына байланысты, өкінішке орай, елімізде барлық балалардың жағдайы қиын болып отыр.  Соғыс кезінде ата-анасы баға алмай балалар жетімдер үйіне тапсырылып, ағайынды жігіттер бір-біріне қамқор бола алмады. Бір үйдің балалары бауыр ретінде танымады. ….. Бірақ бұл жылдар өте келе шешімін табады деп сенеміз. Еліміздің болашағы балалардың қолында. Сондықтан балаларға жағдай жасалынады деп сенемін. ……..

 

 

ІІ топ –

Құрметті, қазақ хандығын құрушы билер!

 

Батыр бабам елге қорған болған еді,

Ұрпағына опасыздық болмап еді,

………………………………………………………..

…………………………………………………………

 

…………………………………………………………

…………………………………………………………

………………………………………………………..

………………………………………………………..

 

…………………………………………………………

……………………………………………………………

……………………………………………………………

…………………………………………………………..

 

 

ІІІ топ-

 

Құрметті, қазақ хандығын құрушы билер!

 

Халқымыз қашан да жетімін жылатпаған халық екені рас еме пе еді? Рас болса, Манап пен Қали сияқты қанша бала соғыс кезінде ата-анасынан алыстап, жетімдіктің зардабын шекпеді деңізші?……..

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. Машанова Гульсара Кисашевна

    Айнұр, керемет сабақ! рақмет!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика