М. Әбсембет «Ақжолтай Ағыбай батыр»

ағыбайБатыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Тлегенова Ш.М.
Сабақтың тақырыбы: М. Әбсембет «Ақжолтай Ағыбай батыр»
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Автор туралы мағлұмат беру. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.Оқушы бойына адалдық, шыншылдық, батырлық сынды ізгі қасиеттерді сіңіру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, дүниетану
Сабақтың түрі : саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әлементтері, БжС технологиясы элементтері
Сабақтың көрнекі құралдары: моноблок, интербелсенді тақта, ЭО , бейнефильм, жеке суреттер
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Мұғалім: Шаттық шеңберін құрайық (Оқушылар дөңгелене тұрып, шеңбер құрады.)
Барлығы:
— Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
— Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
(Сабақтың түрі мен мақсатын хабарлаймын.)
Бүгінгі біз саяхатқа шығамыз. Саяхаттың басты мақсаты қазақ батырлары туралы алған білімізді көрсету.
Сынып үш топқа бөлініп отырады. Топ басшысын сайлайды. Әр топ басшылары өзінің тобынын вагондарын алып шығып, пойыз құрастырады. — Бұл пойыздың аты қалай аталады екен?
— «Қазақ хандығына- 550жыл » деп аталады екен. І топ- №1 , ІІ топ- №2, ІІІ топ — №3 вагондардың билеттерін сатып алу керек. Ол үшін №1вагон билет құны Білім туралы , №2 вагон билет құны Отан туралы, №3 вагон билет құны Ерлік туралы мақал-мәтел. Осы тақырыпта мақал-мәтел айтсаңдар билет сатып аласыңдар.
— Ал енді оқушылар саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Біз жолда бірнеше бекеттерге тоқтаймыз. Әр бекеттің өзінің тапсырмасы бар. Сендерге сәттілік тілеймін!
Оқушылар танысқан жаңа сөздерді еске түсірейік.
Сөздік диктант
І топқа: Шұбырынды- қорғансыз, пансыз, есеңіреген халық
Жасақ- әскер
ІІ топқа: Пырақ- жүйрік ат (Пырақ қай рәмізде бейнеленген?)
Мәміле- келісім
ІІІ топқа: Буырқану- батылдану
Уәж — сөз , пікір
Миға шабуыл
І бекет: « Елі үшін туған ерлерім»
«Ата бабам тарихы менің тарихым» атты бейнефильм тамашалау арқылы өткен материалды еске түсіру (Бөгенбай мен Қабанбай туралы мәліметке тоқталу)
Үй тапсырмасын тексеру
І топқа: Мәтінде ел басынан өткізген қандай кезең туралы айтылады?
Халықты жаудан қорғаған батыр кім?
Бұқар жырау Қабанбай батырды нелерге теңеп суреттеген?
ІІ топқа: Алмас қылышты ардагер кім?
Мәтіндегі аты аталған батыр кім, ол туралы не білдік?
Бұқар жыраудың Бөгенбай батырды қалай суреттеп жырлаған?
ІІІ топқа: Екі мәтінді салыстыр
Халық қорғаны Мәтіндердегі негізгі ой Алмас қылышты ардагер

Проблемалық сұрақ:
Қазақ батырлары не үшін атқа қонды?
Елжандылық дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІ. Мағынаны тану Күннің жады.
Авторы; Марат Әбсембеттің
Тақырып: «Ақжолтай Ағыбай батыр» мәтінімен танысамыз.
ІІ бекет: «Білгенге маржан»
Автор туралы мағлұмат
Мәтінді оқу, түсіндіру.
Сөздікпен жұмыс
«Ата бабам тарихы менің тарихым» атты бейнефильмді жалғастыру. Ағыбай батыр туралы мәлімет. Қазақ хандығы туралы деректі фильм тамашалау.
Түсіну стратегиясы.
ІІІ бекет: «Білімпаздар»
І-топ сұрақтардың жауабын тауып оқиды.
Сұрақтар:
1.Мәтіндегі патша үкіметінің саясаты туралы айтылған жерлерді тауып оқы.
2. Кенесары кім? Мәтінде ол туралы не айтылған? ( тауып оқы)
3.Неліктен Ағыбай батыр есімі Кенесары ханның есімімен қатар айтылады? ( тауып
оқы)
4.Ағыбай батырды халық қалай бағалады? Оны неліктен Ақжолтай батыр атаған? ( тауып оқы)
ІІ -топ. Жоспар құр
1.Патша үкіметінің саясаты.
2.Кенесары –ел қорғаны.
3.Ағыбай батыр-әскери кеңесші.
4.Ақжолтай батыр.
ІІІ топ «Мәтін» кестесін құр
Мәтіннің аты Ақжолтай Ағыбай батыр
Авторы Марат Әбсемет
Тақырыбы Азаттық жолындағы ерлік пен күрес
Идеясы Ел тыныш болу үшін, басшысы мықты болу керек
Түйін Отанды сүю, елжанды болу.
«Ата бабам тарихы менің тарихым» атты бейнефильмді жалғастыру. «Қазақ елі» бейнефльм көру.
ІІІ. Рефлексия
ІҮ бекет «Туған жер»
Менің қолымдағы құс тың атын білесіңдер ме?
Көгершін
Көгершін ненің символы
Бейбітшілік символы.
Бейбітшілік сөзін топтастыру (Топтастыру арқылы күннің суретін құрастыру)
Ашық аспан, жарқын өмір, жасыл ел, достық, мейірімділік, татулық, бірлік. Осы сөздерді іледі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *