М.Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасы

торСабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасы

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Жазушының биік тұлғасын, әдебиетке сіңірген еңбегін танып білу, шығармашылығына көңіл аудару

Дамытушылық:   Өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану

Тәрбиелік:  Әңгімеден шығармамен таныстыру, ақын туралы, өз бейнесіне  деген сүйіспеншілігін үлгі ету.

Сабақтың түрі:  Жинақтау

Құралдар:   флипчарт, қағаз

Әдіс-тәсілдер:  пікірталас, СТО технологиялары, тренинг, диалог, (стратегиялары)

Оқыту нәтижесі:  Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже

  1. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі
  2. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
  3. Шыншылдық, еңбекқорлыққа дағдыланады.
  4. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады
  5. Топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Сілтеме: Әдебиет теориясы оқулығы

Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
 Ұйымдастыру кезеңі:

 

2 мин

 

Мыс, АКТ

1.     Психологиялық дайындық.

2.     Эдвард де Боно «6 ойлау шляпасы» сабақ соңында мінездеме беру

 Амандасу түрлерінен үзінді

    Әр оқушы өзіне ұнаған түсті бөліп алады

 Жаңа сабақ мақсатына шығу

Білу

 5 мин –                    Өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнымен танысып, тараулары бойынша бөлімдерге бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Бүгін осы шығарманың мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне, тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасаймыз. Ол үшін алдымен шығарманы еске түсіріп өтейік. Шығарма 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге бір оқушы қысқаша шолу жасап өтеді.

 

 

1.     Тектіғұлдың өлімі

2.     Түнгі жортуыл

3.     Соққы

4.     Жарасбайдан пана іздеген Бақтығұл

5.     Болыстық маңындағы талас

6.     Сатқындық

7.     Қашқын Бақтығұл

8.     Қанды кек

 

 

I Қызығушылықты ояту сатысы.

Түсіну

 3 мин

 

 

«Ой қозғау» стратегиясы ІNSERT

әдісі бойынша

Білемін маған таныс,

Мен үшін жаңа ақпарат,

Мен үшін түсініксіз ақпарат

Мені таңғалдырады

235 беттегі ақпарат көздерін оқып, таблицаны толтыру

 

 

 

 Негізгі бөлім

 

II Мағынаны тану сатысы 

Қолдану

 

5 мин

 

 

 Міне, шығармаға толық талдау жасап біттік, шығарма мазмұнын есімізге түсірдік. Енді осы шығарманың оқиғалар желісіне сүйене отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына талдау жасайық. Ол үшін «Тұжырым кестесін» толтырамыз. «Тұжырым кестесіне» шығармадағы басты кейіпкерлерді алып отырмын.

 

1-қатар:   Бақтығұл

2-қатар: Жарасбай болыс

3-қатар: Сәлмен бай

Оқушылар дәптерлеріне орындайды.

Тұжырым кестесі

Кейіп

кер

Іс-әрекеті Адами

 қасиеттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңынан оқушыларға жазғандарын оқытамын.

Өлеңді мәнерлеп оқып, түйінді сөздерді дәптерлеріне жазады

Қай лирикаға жатады?

Табиғат лирикасы

«Тұжырым кестесі» арқылы шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйене отырып, толық мінездеме бердік. Ал осы шығармадағы басты кейіпкер Бақтұғұлдың өмірдегі прототипі Тұрар Рысқұлов екенін өткен сабақта айтқан болатынбыз. Тұрар Рысқұловтың кім екенін сендер жақсы білесіңдер. Сонда да болса, мына суретке назар аударайық.

 Пікірталас (үш топөз тұжырым

дарын дәлел-

дейді)  

/талдау/

10 мин

 

 

 1. Өзін таныстыру..

2. Өлең туралы толғаныс

3. Өз бейнесі /адамгершілік қасиеттері/ Әр шумақтағы ойды флепчарт қағазға түсіндіріңдер

Төраға, хатшы, баяндамашы, таимкипер, бақылаушы

4.Жалпы сұрақ жырдағы ақынның мақсаты?

 

 

Ақын өз өмірін, іс-әрекетін қалай жырлайды, ақын өмірінің қысқалығына қынжылады

Өлең туралы пікірі, ойы айтылады, іші алтын, сырты күміс, ел жүрегіе жетіп, көңілінен шығатын өлең тудыруды ақын өзінің мақсаты санайды.

Ақынның бейнесі көрінеді

жолдасына адал, достыққа берік, екіжүзділікке қас, өз бақына емес, өзгенің жеңісіне қуана білетін, ақын бейнесі.

Топтастыру.

Синтез

 

10 мин  Сол ойларыңызды топ алдында топтастырасыздар

 

Сұрақ-жауап қоюға болады. Топтағы жұмыс әрекеті де талданады
Таным дерек 5мин  Өздерің байқағандай, шығарманың басты кейіпкерінің прототипі Рысқұл Жылқайдарұлы еті тірі, пысық, қай істі қолына алса да тындырып істейтін тындырымды кісі болса, ұлы Тұрар да өз елім, ұлтым деп өткен ұлтжандылығының арқасында елінің, халқының жүрегінен мәңгілік орнын тауып отыр.

Осы шығармада Тұрар бейнесі кімнің атынан көрінеді?

Сейіттің өжет мінезі шығармада қай тұста байқалады?

Бұған дейін Тұрардың балалық шағын бейнелеген қандай шығармамен танысып едік?

Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасында Тұрардың өжет қылықтарын қандай істерінен байқап едік, естеріңе түсіріңдер.

( Оқушылардың ойын тыңдаймын)

«Тұтқын балада» Ш.Мұртаза Тұрар бейнесін сомдаса, «Қараш-Қараш оқиғасында» М.Әуезов Рысқұл бейнесін сомдап отыр. Рысқұлдың оқыс қимыл-әрекеті М.Әуезовке әсер етеді де, 1927 жылы хикаятты жазып шығарады, 1957 жылы қайта өңдеп шығарылады. Кейін 1969 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» бірігіп, «Выстрел на перевале» («Қараш асуында атылған оқ») фильмін түсіреді
 

Бағалау: 

Баға

Пайым жасау                                                                                             

 

3 мин

 

Шығарманы оқи отырып, М.Әуезовтің адам психологиясын, сезімін, қоршаған ортаның сұлулығын суреттеудің шебері екеніне тағы да көзіміз жетіп отыр. Бұған дейін де «Көксерек» әңгімесімен, «Абай жолы» романынан үзінділерімен танысқанда бұған көзіміз жеткен болатын. Ендеше осы шығарманың тіліне де талдау жасап өтейік .

Әр оқушының ойы құнды

«Екі жұлдыз, бір-ұсыныс» айтады.

Өз жадыларынан екі ұнаған жерлеріне жұлдызын айтады, келесіде нені дамытуға, қарастыруға болады екені туралы жазып беріңіз

 

Үй тапсырмасы                                                                                  

 

2мин Шығарманың мазмұнын оқу, суреттер топтамасы, өмір белестері, шығ-қ кезеңдеріне топтастырып келу.  

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған