Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы, анықтамаларды түсіндіру

sandar

Алматы облысы, Балқаш ауданы,

«Ақдала орта мектебі Бояулы шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік  коммуналдық мекемесінің

Математика пәнінің мұғалімі

Каскабаева Меруерт Рахметуллаевна

Сабақтың мақсаты: Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы, анықтамаларды
түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін
пайдалана отырып, есеп шығаруда қолдана білу.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-
абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Плакат, карточкалар

Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақ:
Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы. Алгебрада өзара тең бірнеше санды көбейту дәрежеге шығару амалы ретінде қарастырылады. Мысалы, егер 4 саны өз өзіне көбейтілсе, онда 4*4=16 көбейтіндісін 4-тің екінші дәрежесі, 4*4*4=64 көбейтіндісін 4-тің үшінші дәрежесі, 4*4*4*4=256 көбейтіндісін 4-тің төртінші дәрежесі,т.с.с. деп атайды.
Егер а-кез келген сан, ал n 1-ден үлкен натурал сан болса, онда көбейтіндісі а санының nдәрежесі деп аталады да, ол a^n түрінде жазылады. Мұнда а саны дәреженің негізі деп, ал n натурал саны дәреже көрсеткіші деп аталады.
Егер сан дәреже көрсеткішінсіз жазылса, онда бұл санның дәрежесі 1-ге тең деп есептейміз. Дәрежеге шығаруға мысал келтірейік: 5^4=5*5*5*5=625, 〖(-3)〗^3=(-3)*(-3)*(-3)=-27
Бұдан оң санды дәрежеге шығарғанда оі сандар алынатынын алынатынын көру қиын емес. Нөл мен бірді нөлден өзге санға шығарғанда сәйкесінше нөл және бір саны алынады.
Ал теріс санды дәрежеге шығарғанда оң да, терісте сандар алынуы мүмкін. Теріс санның жұп дәрежесі оң сан болады, өйткені теріс сандарды бір біріне жұп рет көбейткенде оң сан аламыз. Теріс санның тақ дәрежесі тақ сан болады, себебі теріс санды өз өзіне тақ рет көбейтсек теріс сан шығады.
Санның екінші дәрежесін сол санның квадраты деп, ал үшінші дәрежесін кубы деп атайды.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Дәреженің негізі деп нені атайды?
Дәреже көрсеткіш деп нені атайды?
Теріс санның жұп дәрежесінің таңбасы қандай?
Теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қандай?

Жаңа сабақты пысықтау есептері:
№31.Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар.
a*a*a*a*a=a^5
0,3*0,3*0,3*0,3*0,3=〖0,3〗^5
(-2)*(-2)*(-2)= 〖(-2)〗^3
(1/2)* (1/2)* (1/2)* (1/2)= 〖(1/2)〗^4
(-5/3)* (-5/3)* (-5/3)= 〖(-5/3)〗^3
№32. Есептеңдер.
〖(–3)〗^3=-27
〖(-2)〗^4=16
〖(-4)〗^3=-64
〖(-5)〗^2=25
4^4=256
2^5=32
7^3=
8^2=64
〖2,5〗^2=
〖(-1/2)〗^2=1/4
№34. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар.
5*5*5*5=
x*x*x*x*x=
5*5*5*a*a=
a*a*b*b*b=
x*x+y*y=
m*m*m+m*m=
u*u*b*b=
m*x*x+n*n*y*y*y=
2*x*x*z*z*+y*y*y=
Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: §1. Натурал көрсеткішті дәреже. № 36, 37, 38, 39 (10-13 бет.)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *