Натюрморт (Презентация)

натюрморт Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
«Аудандық көркемсурет лицейі» МКҚК-нің
кескіндеме пәні мұғалімі
Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт»
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі: оқушыларға натюрморт жанры туралы мағлұмат бере отырып, олардың әрбір затты кеңістікте дұрыс көруге, түс-реңін ажыратуға, форма арқылы көлемін бейнелеуге, бояу түстерін бір-біріне үйлесімді байланыстыруға жаттықтыру. Затқа қарап сурет салуды және түстің шешімін ажыратуды түсіндіру.
б)дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін түстің түсінуін, түстің бейнелеу мүмкіндіктеріне қатысты түсінігін тереңдете түсу. Оқушылардың бойындағы шығармашылыққа деген сұранысты арттыру, дамыту.
в)тәрбиелігі: оқушыларды рухани адамгершілікке, инабаттылыққа, түстерді көңіл-күйді бейнелеу құралы ретінде қабылдай білуге баулу, тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым, т.б.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.                                                                  
ІІ.Жаңа сабақ. Тақырыпты хабарлау, негізгі мақсатын түсіндіру.
Натюрморт-француз сөзі, өлі табиғат деген ұғымды білдіреді. Адамды қоршаған ортаны бейнелейтін суретті натюрморт дейді. Натюрморт негізінде ХVII ғасырда Голландияда кеңінен дамыды, ол кездерде мыс заттардан құралған натюрморттық композициялар болды. Натюрморт екі топқа күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады. Натюрморт кездейсоқ таңдалған заттардан құралмайды. Олар бір-біріне ұқсайтын, туыс заттар болуы қажет. Натюрморт композициясы таңдап алынған заттар тобы табиғи әсер бергенде ғана әдемі шығады.
Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт. Топтың ішінде мағыналық жағынан, көлемі, пішіні, түсі жағынан негіз бола алатындай зат болуы қажет. Қалған қосалқы заттар осы басты дүниеге бағынуы тиіс. Алдыңғы қатарға бет-бедері мен түсі жағынан өзге заттардан ерекшеленіп тұратын кішігірім затты қоюға болады, ал артқы планға көлемі жағынан үлкен заттарды қойған дұрыс. Жалпы натюрмортта түс үйлесімділігі де маңызды. Натюрмортта түстері біріңғай реңдік пен түске бағынуы тиіс.
Қойылымды құру: Натюрморт қойылымы тым тығыз және шашыраңқы орналаспауы қажет. Олар бір-біріне көлеңгелемей, бір-бірінің қасиеттерін ашып тұратындай етіп бейнеленуі тиіс.
Суретті салу реттілігі: Ең алдымен қағазға дұрыс орналастыру, яғни қағазды тік немесе көлденең ұстау. Сурет салғанда ұсақ бөліктерге көңіл бөлудің қажеті жоқ, ол жұмысқа кедергі келтіреді, жұмысты жалпыдан бастаған дұрыс. Түстің шешімі, жұмысқа ашық бірақ қатты көзге ұрмайтын түстерді пайдаланған дұрыс және сурет үйлесімді болуы тиіс.
Практикалық бөлім. Қағаз бетіне дұрыс орналастыру. Түстік шешімін табу.
«Жасырын сөз» ойыны

  • Мына кесте ішінен жасырынған 5 сөзді тап. Олардың барлығы бейнелеу өнеріне қатысты.

Г

А

М

М

А

У

К

В

Ж

Э

А

Р

А

А

Т

Ш

Е

П

З

Ю

Ь

Л

Е

И

Д

 

 

 

 

 

Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп мынандай сұрақтарға жауап берейік.

1) Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
а) пейзаж б) өлі табиғат в) портрет
2) Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне жатады ма?
а) түріне  б) графика  б) жанры
3) Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?
а) Голландияда    ә) Францияда    б) Германия
4) Натюрморт қанша топқа бөлінеді?
а) 5    б) 3    в) 2
5) Күрделі натюрмортқа қандай қойылым жатады?
а) 1-3    б)  4-5    в) 5-тен жоғары
Үйге тапсырма: Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау. Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін, натюрмортты аяқтау.
Оқушыларды бағалау:
Оқушылардың жұмысын талдап, бағалау. Жұмыс орындарын жинастыру.
[bws_related_posts]

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *