Наурызым – жаңа күнім

Наурызым, жаңа күнімҚызылорда облысы

Қазалы ауданы, Қазалы қаласы

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп жанынан құрылған «Еркетай» шағын орталығы

Бақбергенова Жұлдызай

«Наурызым – жаңа күнім» тақырыбындағы мерекелік ертеңгіліктің сценарийі

 

Көрнекіліктері: Ұлыстың  ұлы  күніне  арнаулар,интерактивті  тақта  арқылы  суреттер. 

Компазициялық көрініс.

Қатысатындар: Жер-Ана, Қыдыр баба, Наурыз-көктем, Күн, Түн.

Қараңғыланған сахнаның екі жағынан 7 жігіт шырақ алып шығады, ортаға Жер-Ана келеді.

Жер-Ана(Алмагүл) — Ей, адамзат! Тәңірім дүниені жаратқалы мен бүкіл әлемді алақаныма салып, аялы бесігімде тербетіп келемін. Мен сенің бар ғұмырыңның мәңгілік куәгері атанған Жер-Анаңмын:

Міне, бүкім мұсылмандар қауымына ортақ қадірлі Қызыр түні… Жұрт аман. Ел тыныш. Тәубе! Тәубе! Ұлылықтң ұйытқысы, жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы бола көр.

Қызыр түні… Елімізді Қызыр баба аралап жүр. Ол адамзатқа дәулет даратып, бақ қондырады.

/Сахнаға Қызыр баба шығып, аралап жүреді/.

Шыққан күн шығыстан, батпаған ай батыстан қарап тұр. Бір-біріне күле қарап, күн мен түн теңеседі.

/Ортаға күн мен түн шығады/.

Жаңа жылдың алғашқы таңы да атып келеді. Менің тоң кеудемді жібітіп, наурыз-көктем келеді. Хош келдің, көктем-ару, әз Наурыз!

/Сахнаға наурыз-көктем шығады/.

Наурыз көктем: — Армысың, Жер-ана! Менің келе жатқанымды қайдан сезе қойдың?

Жер Ана: — Пай-пай, Наурыз-ару! Сенің лебің бізге алыстан сезіледі емес пе? Алыстан ескен сол жылы лебің оятты мені. Сенімен бірге ьар тіршілік оянды. Ей, дүние, Наурыз көктем келді! Оян! Тіршілік оян!

 

(Көнілді музыка ойналып, адамдар бір-бірімен құшақтасып, көріседі. Наурыз көже таратылады. Өнерпаздар шығып, төрге орындарына жайғасады. Әжелер шашу шашады. Жүргізушілер шығады).

Қалымбет  Ерасыл :    Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

                                         Той  дабылын  қағып  тұрған,

Мұнда  біз  бар!

Естімеген  естіңіздер,

Тыңдамаған,  тыңдаңыздар,

Наурыз  тойы   басталды,

Бір  орында  тұрмаңыздар!

 

Санжар:  Армысың ,Наурыз!

Қуаныш  боп  кір  төрлет,

Ел  боп  саған

Көрсетіп  жатыр  сый  құрмет.

Жүргізуші:  Құрметті  ата-аналар!  Дәстүрімізге  айналған  Ұлыстың  Ұлы  күні  Наурыз  айы  құтты  болсын!  Күлімдеген   шуақты   көктеммен    бірге  жылдан  үміт  күтіп,оны  ақ  тілекпен,  ақ  ниетпен  қарсы  алады.  Ұлы  мереке  сіздерге  бақыт  сыйласын!                                   « Қарлығаш»  тобының  тәрбиеленушісі  Жүгерібай  Айғанымды

« Наурыз-көктем»  әнімен  қарсы  алыңыздар.

Жүргізуші : Қол соғып,еркелерімізге қошемет жасап отырыңыздар!

 

Ал балалар  тұрмайық,

Әндетейік, шырқайық,

Думандатып,би  билеп,

Әнмен  күйді  төгілдіріп,

Інжу-маржан   шашайық ,

Келген  қонақ  таң  қалсын,

Өнерден  күмбез  жасайық!

« Қарлығаш»  тобының  тәрбиеленушісі Қылышбай  Ақеркенің  орындауындағы  

« Наурыз  поздравляет» әнін  қабыл  алыңыздар.

Жүргізуші:  Жігітке  жеті   өнерде  аз  деген,жігіттер  араларында  өнерлі   жас  болса,өнерін  тамашалаймыз  ба?  Біздің  жігіттердің   барлығы  өнерлі,ақын  да,  әнші  де,  биші  де. Шешендік  өнер  ежелден  ата-бабаларымыздың  қолындағы  қаруы  емес  пе?   Ол  «айтыс»   дегенде   делебесі  қозбайтын  қазақ  бар  ма?  Қане,  ортаға  айтыскерлерімізді  шақырайық:

Айтыс:Асылзат пен Думан

Ұл бала: Ауылда  бүгін  бастаңғы,

Жиналды  барлық  жастары

Қыздар  келді  жүгіріп,

Шаруаның  бәрін  тастады.

Хайләйлім-хайләйлім-ай!

Қыз  бала: Бар  дәстүрді  ертеден  ел  сақтаған,

Ел  мақтаған,жігітті  қыз  жақтаған.

Әзілдесе   жігіттер   қыздарменен,

Жеңіл  екен  әзілі   ақ  мақтадан.

Игай-ай,игай-а17

Ұл  бала:  Ел  еркесі  әзілкеш,

Қыздарым  әркез  әсем-ой,

Бастаңғы  өтсін  көңілді,

Бердім  саған   жолымды.

Хайләйлім-хайләйлім-ай!

Қыз  бала:   Бар  еді  ауылымда  небір  серке,

Қалайша  өнерлерін  көрсетпейді.

Бастаңғы   халқымыздың  салты  еді,

Өнерін  салсын  әнге  шарықтатып

Игай-ай ,  игай-ай.

Жүргізуші: Көргенде қуанасың таза әуені,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,

Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

               «Қазақ биі» орындайтын  «Балауса» тобы

Жүргізуші: Мың бұрала билеген бүлдіршіндерімізге өнерлерің өрге жүзсін дейміз .

Жүргізуші: «Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақтың, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың тарихта табан тірер бұдыры, тереңге тартқан түбірі, тамыры бар ұлт, шежірелі халық екенімізді білдіретін айғақты мейрамы-наурыз! Табиғат-анамызды түрлендіріп, ғажайып күйге енгізген наурыз мертекесі елімізге құт-береке, ырыс-несібе,-әкелсін деген ниетпен ең кіші тобымыз «Балауса »бүлдіршіндерімізді «Батырлар» биімен ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші:  Наурыз  тойға   жиналған  халқым  менің,

Бәріңнің  ойға  алғаның  жарқын  мінез,

Бүгінгі  той, ертеңгі   ардақты  ісім,

Ғажап  болсын ,   алдағы   еңбектерің,-дей  келе  өлең  шумақтарын  тыңдайық.Қарсы алыңыздар ортада еркетайдың  еркелері. Қол соғып , қошемет жасап отырыңыздар!

Әдеби  монтаж , Қарлығаш , Жауқазын , Балапан , Балауса тобы

«Қыздар» биі , «Қарлығаш» тобының  тәрбиеленушісі

Ән  «Наурыз келді сағынған» , Балапан тобы тәрбиеленушілері

 

Жүргізуші: — Наурыз келсе

Барлығы жасарады.

Жасарады, табиғат жасанады,

Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен

Аластасын пәледен босағаны

Әже: -Алас! Алас!

Алтайдан Атырауға дейін,

Каспийден Алатауға дейінгі ұлан ғайыр кең далама кесапатын тигізер кеселден алас!

Алас! Алас  ! Асыл туған азаматымды Ар жолынан оздырар Басына бағы тұнып байлығы асқан бар бәледен алас!

Елдігімнің елдігін тайдырғысы келетіндерден

Ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден Алас!

Соғыстан, табиғат апатынан, барша жамандықтан Алас!

Жүргізуші:Аластаса әжеміз босағаны

Бар жаманның көңілден босағаны

Жеті шырақ – жаңа өмір жаршысындай

Лаулап жанып Қыдырды тосады әлі

 

Ән «Наурыз — думан» ,орындайтын «Жауқазын» тобы тәрбиеленушілері ,

биі   «Қарлығаш» тобының  тәрбиеленушілері

 

«Тұсау кесу» рәсімі , орындайтын «Балапан» тобы тәрбиешілері , тәрбиеленушілері

«Өзбек биі» орындайтын  «Балапан» тобы тәрбиеленушілері

 

Алдар  көсе  кіреді:  ( Музыкасымен )

Алдаркөсе: Есек  сатамын,есек  сатамын.Бағасы  арзан,  өзі   дәмді,өзі   жылдам  жүреді.

Осы  кезде  бай  келеді.

Бай: — Ей,Алдар  сен  есекті   қаншаға  бағалайсың?

Алдаркөсе:Екі  мың  теңге.

Жүргізуші: Алдар  көсе,  Байеке  саудаласқандарыңды  қойыңыздар, бүгін  бізде  мереке  болып  жатыр.  Одан  да  балаларымызға  қандай    ойын  алып  келдіңіздер?

Алдаркөсе:  Ойын  демекші  күшімізді   сынаспаймыз  ба,  Байеке?

Байеке:Менің  күшім  сенен  де  көп,қазір  көресің. ( Алдар  мен  Бай  күресіп,  Алдар  жеңіске  жетеді. )

Ойын: «Арқан  тартыс»

Жүргізуші: Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай.

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

Осындай әдемі өлең шумақтарынан кейін мектеп директоры О.Маханбетовке сөз кезегін беріп , жылы лебізін тыңдасақ.

 

Би «Жауқазын» тобы

 

 

Жүргізуші:  Жыр  сыйлаған,нұр  сыйлаған,

Қастерледік  қадіріңді  білдік  те.

Құтты  болсын, ұлыс  күні  жұмылдырып,

Бәріміз  ынтымақ  пен  бірлікте  ,-дей  келе  бүгінгі  мерекемізді   аяқтаймыз.  Көріп  тамашалағандарыңызға  рахмет.Сау-саламатта  болыңыздар.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *