«Не?Қайда?Қашан?» (интеллектуалды ойын)

Жанар Бегенова
«Қарлығаш» бала бақшасының
тәрбиешісі
Меркі ауданы
 Тақырыбы: «Не?Қайда?Қашан?»  (интеллектуалды ойын) ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Мақсаты:Балаларды ойын арқылы тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балалардың тілін,ойлау қабілеттерін,шапшаңдықтарын дамыту.
Ұқыптылыққа өзара бірін-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Ойынға арналған үлкен дөңгелек барабан, түрлі түсті текшелер, көлеңкелі театр.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Ойынның тапсырмаларын ата-аналардың көмегімен видеоролик түсіру
Белингвалды компонент:Отан-Родина,кітап-книга.
Ойын барысы:
Тәрбиеші: – Балалар, сәлемдесу туралы мақалды есімізге түсірейік. Балалар: – «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергенім».
Тәрбиеші:-Онда жылы шыраймен сәлемдесіп, жылы жүзбен қарайық.
Балалар:-Сәлеметсіздер ме!Здравствуйте!Good morning!
Тәрбиеші:-Балалар, достарымызбен қол ұстасып, бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық.
Балалар:-Қол алысып,қане біз
Достасайық бәріміз.
Қандай жақсы бір тұру
Достарменен бір жүру
Қандай жақсы дос болу!
Тәрбиеші:-Балалар, сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр оқу қызметіміз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік.
Балалар:-Біздің күлкіміз көңілді,
Сыйлаймыз жылу мен шаттықты.
Бөліскен жақсы бұл өмірде,
Қуаныш, мейірім, бақытты.
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар,балалар!Бүгін біз «Не?Қашан?Қайда?» ойынын ойнаймыз.Бұл ойын бізге таныс.Қане, ойын ережелерін есімізге түсірейік.
1-бала:-Барабанның көрсеткішін айналдырамыз.
2-бала:-Ұяшықтардағы тапсырмаларды орындаймыз.
3-бала:Сұрақтарға толық жауап береміз.
4-бала:Ойын барысында ұқыпты боламыз.
Тәрбиеші:-Ендеше, орнымызға жайғасайық. Ерсін, барабанның көрсеткішін айналдыр! (көрсеткіш «тақпақ» деген ұяшыққа түседі)
Тәрбиеші:-Балалар, барабанның көрсеткіші «тақпақ» деген ұяшыққа түсті.Қане, теледидардан бізге қандай тапсырма бергенін тыңдайық. (тапсырманы ата-аналар видеороликпен теледидар арқылы береді)
1-ата-ана:-Балалар,сәлеметсіңдер ме! «Отан» туралы тақпақ білесіңдер ме? (балалар Отан туралы тақпақ айтады)
Тәрбиеші:-Нұрхан,барабанның көрсеткішін сен айналдыр.                                  ( көрсеткіш «сауат ашу» ұяшығын көрсетеді)
Тәрбиеші:-Балалар,көрсеткіш «сауат ашу» ұяшығын көрсетті.Қане, теледидардан тапсырманы тыңдайық.
2-ата-ана:Балалар, «Отан» деген сөзді буынға бөліп, текшелермен жазып, дыбыстық талдау жасаңдар!
Тәрбиеші:-Балалар, «Отан» деген сөз қандай дыбыстан басталады?
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
– «Отан» деген сөзді буынға бөліңдер! «Отан» деген сөзде неше буын бар?
– «Отан» деген сөзді орыс тілінде, ағылшын тілінде айтыңдар!
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар, балалар, бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар! Келесі, барабанның көрсеткішін Назым айналдырады. (көрсеткіш «сергіту сәті» ұяшығын көрсетеді)
Тәрбиеші:-Балалар, барабанның көрсеткіші «сергіті сәті» ұяшығын көрсетіп тұр.Бұл ұяшық бізге қандай тапсырма беретінін теледидардан көрейік.
3-ата-ана: -Шаршасаңдар ,балалар
Орнымыздан тұрайық.
Жаттығуды жасайық,
Бір дем алып қалайық! (балалар теледидарға қарап, ағылшын видеоролигін «Head, Shoulders, Knees and Toes» жасайды)
Тәрбиеші:-Балалар, барабанның көрсеткішін Арай айналдырады! (көрсеткіш «жұмбақ құрастыру» ұяшығын көрсетеді)
Тәрбиеші:-Балалар, барабанның көрсеткіші «жұмбақ құрастыр» ұяшығына түсті.Қане, тапсырманы тыңдайық!
4-ата-ана:-Балалар, менің қолымдағы  затқа(кітап) жұмбақ құрастырыңдар.
Балалар:-Ол қағаздан жасалынған
-Оның парақтары көп
-Оны оқыған адам білімді болады
-Оның ішінде түрлі-түсті суреттер бар
-Оның ішінде ертегілер, әңгімелер, өлеңдер бар
-Оны ұқыпты ұстау керек
Тәрбиеші:-Иә, сонымен, бұл не екен?
Балалар:-Кітап
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар, балалар, бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар! Келесі барабанның көрсеткішін Нұрәлі айналдырады. (көрсеткіш «мақалды жалғастыр» ұяшығын көрсетеді.
Тәрбиеші:-Балалар, барабанның көрсеткіші «мақалды жалғыстыр» ұяшығын көрсетіп тұр.Тапсырманы тыңдап көрейік!
5-ата-ана:-Балалар, «мақалды жалғасыр» ойынында теледидардан  ата-аналар мақалдың басын айтады,сендер мақалды жалғастырыңдар!
-Қыз өссе елдің көркі, ……..
-Бала тәрбиесі,…….
-Елі байдың,…..
-Нан тамақтың-атасы,……
-Еңбектің наны тәтті,……
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар,балалар, бұл тапсырмадан да сүрінбей өттіңдер!Келесі барабанның көрсеткішін Айару айналдырады. (көрсеткіш «ертегі» ұяшығын көрсетеді)
Тәрбиеші:-Балалар, барабанның көрсеткіші «ертегілер» ұяшығын көрсетті. Тапсырманы тыңдап көрейік!
6-ата-ана:-Балалар, «Түлкі мен тырна» ертегісін көлеңкелі театр арқылы көрсетіп беріңдер! (балалар ертегіні көрсетеді)
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар, балақайлар!Тапсырманың барлығын дұрыс орындадыңдар!
-Ойын сендерге ұнады ма?
-Бұл ойын қалай аталады?
-Кімге не ұнады?
Тәрбиеші:-Балалар, бүгінгі өте белсенді болдыңдар!Мен сендерге ризамын.Енді, қонақтармен қоштасайық!
Жылы жүзбен сіздермен жүздесейік,
Бала-бақша шаңырағында кездесейік.
Біздің топқа қонақтар келе берсін,
Өнерімізді әрқашан көре білсін!
Алаңсыз ойнап, күлеміз,
Бәріңізді біз сүйеміз!
Сау болыңыздар! До свидание! Good bye!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика