Нүкте.Сәуле. Кесінді.

Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы,
«Қ.И.Сәтбаев атындағы  №7 мектеп- лицейі» КММ
Жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Козыбаева Гульнур Жумабековна

Тосын сабақ математика пәнінен «Нүкте.Сәуле. Кесінді.»

                

 

Математика пәнінен

«Үздік тосын сабақ»

Сабақтың  тақырыбы : Сызықтар. Нүкте. Сәуле

Сабақтың  мақсаты :

а )   Сызықтар. Нүкте. Сәуле табуға арналған тапсырмаларды  орындау  жағдайымен  таныстыру;

ә)   Оқушылардың  шығармашылықпен  өздігінен жұмыс істей білу шеберлігін ұштау, ойлау  есте сақтау, өз бетінше шешім  қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіруін  дамыту.өзіне  сеніммен  қарай білуге үйрету;

б)  Оқушыларды ұжымға тәрбиелеу

Сабақтың  формасы  : саяхат сабақ

Сабақтың  әдіс- тәсілдері  :  талдау,  жинақтау,  салыстыру,  түсіндіру, құрастыру, түрлендіру, өзін тексеру, бағалау

Сабақтың көрнекілігі:  сюжетті суреттер, санамақтар, геометриялық фигуралар, экран, проектор

 

1

Ұйымдастыру кезең

Сыныпты белсендіру үшін  сөз көшбасшыға беріледі. Даярлықтарын.

— Балалар сіздерге бүгін математика сабағына ертегілер елінен хат келіпті.Ол хатты сендерге аю, жолбарыс жолдапты. Хатта былай делінген  алыс тоғай ішінде керемет ғажайып тілек ағашы бар екен. Ол тілектерді сәбилердің ата-аналары жазған деседі.Сонда барып тілек ағашындағы тілектерді оқып көрсек дейді, мүмкін бізгеде жазған болар. Бірақ ол сыйқырлы тілек ағашына жету үшін бірнеше кедергілерден өту керек.Сол кедергілерден өту үшін ( көмек керек болып тұрғаны( слайд-1) дейді.

— Көмектесеміз бе?

-Рахмет оқушылар! (слайд-2)

2

Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектілендіру

Сыныптағы оқушылар  тарапынан тексерілетін, олардың сөйлеуіне қойылатын талаптарды білуі тиіс.

Жолымыздың бастамасы мына нүктеден басталмақшы. №І кедергі бақаның мекенінде, яғни судан өту керекпіз. Ол үшін бақаның тапсырмасын орындауымыз керек екен. (№І тапсырма. Екі суретті салыстырып айырмашылығын табыңдар (слайд-3)

3

Стандартты және өзгермелі жағдаятта білімді қолдану үлгісін құрау

№ІІ кедергі тасбақаның мекенінде, яғни құрлықтан өту керекпіз. Ол үшін тасбақаның тапсырмасын орындауымыз керек екен. (№ІІ тапсырма. Топтарға бөл) (слайд-4) (сауле)

4

Білімді өз бетінше қолдану

Сынып оқушылары сурет бойынша жұмыс істейді.

№ІІІ кедергі тоғайдағы аюдың тапсырмасы екен. (№ІІІ тапсырма. Суретке қарап әңгіме құрастыр) (слайд-5) (қисық сызық)

5

Сергіту сәті

Экраннан қимыл-қозғалысқа арналған жаттығулар

6

Бақылау және өздік бақылау

№IV бекетте балалар жүр. Оларда қиналған секілді, ия?! Оларға кім тапсырма берген? Ергежейлінің тапсырмасы « Әр түрлі тәсілмен қалай орналастыруға болады? (слайд-6) (түзу сызық)

7

Түзету

Тілек ағашына жеттік пе? Бірақ тілектерді алу үшін тиынның тапсырмасын орындау керек екенбіз. №V бекетте фигураларды ата және топтарға бөл. (слайд-7)

8

Түйсіну

Сынып көшбасшысы оқушыларды белсендіріп, әрбір оқушының басқалардан басымдылығы мен кемшіліктерін ескертіп, атап көрсетеді.

9

Түсінік беру

Бекеттердегі жолдар неге ұқсайды? Нүкте. Түзу сызық. Қисық сызық. Сәуле. Бұларды біз бір бірінен ажырата аламыз ба?

10

Қорытындылау

Ойын арқылы « Ойнайық та, ойлайық!»

11

Бағалау

Мұғалім сыныптық-команда мен көшбасшының тырысып күш салуы жұмысының сапасын ескереді.

Балалар сіздерге бүгін математика сабағына ертегілер елінен хат келіпті.Ол хатты сендерге аю, жолбарыс жолдапты. Хатта былай делінген  алыс тоғай ішінде керемет ғажайып тілек ағашы бар екен. Ол тілектерді сәбилердің ата-аналары жазған деседі.Сонда барып тілек ағашындағы тілектерді оқып көрсек дейді, мүмкін бізгеде жазған болар. Бірақ ол сыйқырлы тілек ағашына жету үшін бірнеше кедергілерден өту керек.Сол кедергілерден өту үшін

( көмек керек болып тұрғаны( слайд-1) дейді.

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *