«Н» дыбысы мен әрпі

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Тәрбиеші: Калинбаева Галия

                                               Коммуникация: Сауат ашу.

Тақырыбы: «Н» дыбысы мен әрпі.

Шаттық шеңбер.

Алтын сәуле арайлы,

Баршамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы таң аналар,

Қайырлы таң достарым.

Достарымды көргенде

Қуанамын әрдайым.

Қолымызбен ұстасып,

Жылулықты алайық.

  • Балалар бүгін аптаның қай күні?
  • Біз сауат ашу сабағында не үйренеміз.
  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбысты естиміз, айтамыз.
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді
  • (дауысты, дауыссыз).
  • Дауысты дыбыс қалай айтылады?
  • Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
  • Балалардың жауаптары тыңдалады.
  • Әріп дегеніміз не?
  • Балалар жауаптары.
  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық.
  • А, Т дыбыстарымен.
  • «А» – дыбысы қандай дыбыс (жуан дауысты) текшемен көрсету.
  • «Т» – дыбысы қандай дыбыс (қатаң дауыссыз) текшемен көрсету.
  • Д/ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Балалар жауаптары,тапқан сөздерді буынға бөлгізу.

  • Енді біз дыбыстармен танысуымызды жалғастырамыз.

Есік қағылып Алдар Көсе қонаққа келеді. Балаларға тапсырмалар әкеледі.

Асты тас – үсті тас

Ортасында піскен ас. (Нан)

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Алдар көсе балаларға нан туралы түсінік береді.Нанның қасиеті туралы айтып береді. Нан туралы балалардан мақал-мәтел, жұмбақ, өлеңдер сұрайды.

Тақпақтар:

Нанда жердің исі бар,

Нанда күннің исі бар.

Нанда гүлдің исі бар,

Нанда өмірдің исі бар.

 

Нанды шашпа,

Аяқпен баспа,

Жерде жатса көтеріп,

Торғайларға таста.

 

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар,

Нақыл сөздер: «Нанды бір қолмен үзбе», «Нанды аяқпен теппе», «Нан уағын шашпа», «Ас атасы-нан».

  • «Нан» сөзінен қандай дыбысты естіп тұрсыңдар.
  • «Н» – дыбысы.
  • Ендеше бүгінгі танысатын дыбысымыз «Н» дыбысы екен.

Екі тіреуі бар

Бір басқышы бар. «Н»

«Н» дыбысын ашамыз.

Тіл үстарту:  на – на –на

Ең бақытты ана.

  • Ауада жазғызу.
  • «Н» – дыбысы, үнді дауыссыз дыбыс.
  • «Н» дыбысына сөз ойлату
  • Д/ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
  • Буынға бөлгізу.

Алдар көсенің 1-ші тапсырмасы.

  • 3 қатарға – 3 сурет береді. (тон, ине, нан)
  • Суреттегі заттың атын атау, буынға бөлу, сол сурет бойынша сөйлем құрау.
  • Балалар жауаптары.
  • Сергіту сәті (үнтаспамен)
  • Алдаркөсенің 2-ші тапсырмасы:
  • «Буындардан сөз құра» дидактикалық ойыны.
  • Қорытындылау.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика