Облысымыздың туристік әлеуеті  

КММ Ақсу қаласы Ю.Гагарин атындағы орта мектебі

 

 

 

 

 

Сулаймонова Дилноза

 

(9 СЫНЫП)

 

 

Тақырыбы: Облысымыздың туристік әлеуеті  

 

 

 

 

 

Бағыты:

Секция: Экология және біз

 

 

 

 

 

Ғылыми жобаның орындаушысы: Сулаймонова Дилноза

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі: Дакей Аймерей

 

 

 

 

 

 

 

2015ж

Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………………………………………….1

 

1 тарау:Павлодар облысының туристік әлеуеті

 

 1.1  Павлодар облысының табиғи ескерткіштеріне:………………………….2-3

1.2 Гусиный перелет табиғат ескерткіші………………………………………………..4

1.3. «Қаз қайтуы» табиғи ескерткіші……………………………………………………..5

1.4.Шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын…………………………………6-7

2 тарау: Павлодар облысының көрнекі жерлері

2.1.Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі………………………………………………………8

2.2.Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ескерткіш………………………………..9

2.3.Мәшһүр атындағы архитектуралық мешіт ғимараты…………………………10

2.4.Благовещенск кафедралы соборы……………………………………………………..11

2.5.Шалдай қарағайлы тоғайы……………………………………………………………….12

3 тарау: Павлодар облысының геологиялық объектілері………………..13-14

Қоңыр Әулие үңгірі.

Найзатас шыңы

Кемпіртас шыңы

Саймантас  шыңы

Жасыбай көлі

3.1.Мемлекеттік табиғи қорық – Қызылтау…………………………………………….15

3.2.Маралды көлінің жер асты байлықтары……………………………………………..16

3.4. Зоологиялық қаумал- Ертіс жағалауы………………………………………………..17

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиетте

 

 

Мақсатым

 

Мен  бұл жұмысты жазу барысында   Павлодар облысының туристік әлеуеті  ұнағандықтан. Сол себептен  мен  ғылыми жұмысымды бастаған едім.  Ғылыми жұмысымда облысымыздың көрікті жерлері   жайлы жаздым.

Ұлы дала  көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты.

Сондықтан осы тақырып қызығушылығымды тудырып отыр.  Осы мақсатта бүгінгі жас ұрпаққа     патриоттық сезім ұялатумен қатар, Елін ,жерін сүюге үйрету

Алғы сөз

 

Құрметті жас дос!

Бұл ғылыми жұмысты  жазуды  9-сынып оқушысы Сулаймонова Дилноза бастады. Дилноза  салмақты,  сабырлы, мектепте өте жақсы оқитын оқушылардың бірі. Дилнозаның  бұл жобаны жазу барысында    қызығушылық танытып,  Облысымыздың көрікті жерлерімен таныса отырып, патриоттық сезімін ояту. Таңдау себебі, Дилнозаға     облысымыздың көркем табиғаты қатты  ұнайтын болды.   Дилноза қызығушылықпен облсымыздың туристик әлеуетін зертеп шықты. Жазу  барсысында   жан-жақты дайындық үстінде болды.

Дилнозаның бұл жұмысты жазу барысында   көптеген ізденістер жасап аудандық, ауылды, мектеп ішілік кітапханаларға барып бірнеше мәліметтер әкеліп, одан түйінді ой жинай білді.  Дилнозаның жұмысын  мен мұғалімі ретінде  өте жақсы деп бағалаймыз

Аннотация

Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы   эколкгия тақырыбын негізге ала отырып жазған.  Жазу барысында жалпы толық  қамтылған. Онда облысымыздың шығу тарихынан мәлімет бере отырып, көрікті жерлерін және әсем ғимаратарын    негізге алған.

Сонымен  қатар   шет елдерден немесе көршілес елдерден келетін қонақтарымызға көрсететін көрікті жерлеріміздің  бар екеніне және елін жерін құрметтеуге, сыйлауға насихаттауға қызығушылығы артты

Оқушы  бұл жобаны жазу барысында  кеңінен дайндалғанын байқатты.

 

 

 

Мұғалім:

Тарих және география

пәнінің мұғалімі Дакей А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе

 

Павлодар облысы аса ірі өзен болып табылатын Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. 1938 жылы қаңтар айында құрылған.Облыс орталығы – Павлодар қаласы.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Омбымен, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, батыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Өңірдің көрікті орындары табиғи көркем, тарихи және сәулет ескерткіштері мен діни құрылыстарды қамтиды.

Табиғи және мәдени-тарихи қорлары, Павлодар облысының географиялық қолайлы жерде орналасуы экономикалық, балалар мен жасөсіпірімдерді емдеу және сауықтыру, ғибадат ету, өзен туризмін дамытуда әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңінен ашады.

 

Облыста 92 турфирма, 82 турагенттік және 10 туроператорлар ресми түрде тіркелген. 60 орналастыру объектілері жұмыс істейді.

 

 

Ертіс өзенінің Қазақстан бөлігіндегі кеме жолдарының жалпы ұзындығы 1 719,5 км құрайды, соның ішінде 603 шақырымы Майтүбек кентінен (ШҚО шекарасы) Клин кентіне дейін (РФ шекарасы) Павлодар облысы бойынша өтеді. Технологиялық мүмкіндіктерге ие «Павлодар өзен порты» АҚ негізгі жүк тасымалдаушы ретінде жылына 6,0 млн. тонна көлемінде әр түрлі жүктерді тиеп, тасымалдауды қамтамасыз етеді. Тіркелген флот буксирлі жылукемелері мен баржалардан тұрады.

 

 

 

 Павлодар облысының табиғи ескерткіштеріне:

 

  1. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы;
  2. Қызылтау мемлекеттік зоологиялық қорығы;
  3. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты;
  4. «Қаз қайтуы» республикалық табиғи палеонтологиялық ескерткіші;
  5. «Ертіс өзенінің жайылмасы» мемлекеттік табиғи қорығы жатады.

 

 

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

 

Баянауыл өңірі – климаттық-курорттық елді мекен, онда 1985 жылы Баянауыл табиғи саябағы құрылды. Басты мақтанышы оның табиғаты болып табылады.

Ұлттық саябақтың жалпы ауданы 68452,8 га құрайды, соның ішінде 12927 га орманды болып келеді. Ұлттық саябақ аймағы үш филиалға бөлінеді: Баянауыл – 19028 га, Жасыбай – 22094 га, Далба – 8596 га.

Баянауылдың өсімдіктер дүниесі тамырлы өсімдіктердің 474 түрін қамтиды. Осы өңірде барлық бореалды реликтің 51 түрі табылды.

Баянауыл ауданы жел мен су эрозиялары үдерісі кезінде пайда болған көркем, әрі ерекше объектілермен танымал. Әртүрлі тас мүсіндер, діңгектер, тау қуыстары, саңырауқұлақ тәрізді тастар, үңгірлер және өзге де табиғи тастар ерекше жұртшылық назарын аудартады, тәнті еткізеді. Мәселен, Жасыбай көлінің оңтүстік жағасында сыртқы көрінісі тар мойынды ыдысқа ұқсайтын «Құмыра» үңгірі бар. Осы жағалауда «Атбасы» шыңына жақын жердегі басқа атақты үңгір орыстың география қоғамының мүшесі П.Л. Драверттің есімімен аталған. Драверт үңгірі табиғаттың сыйы болып қана қоймай, ежелгі жазулар табылған жер ретінде де маңызы зор (ежелгі адамдардың сызба түріндегі суреттері).

Ұлттық саябақ аймағы этнографиялық және тарихи объектілерге өте бай. Баянауыл аймағында ежелгі зираттары мен қорымдары, қола дәуірінің балқымалары мен ерітінді қалдықтары бар балқыту пештерінің орындары табылды. Әсіресе, Жасыбай мен Сабындыкөл өзендерінің маңында көптеген археологиялық ескерткіштер ашылған.

Жедел деректерге сүйенсек, жазғы уақытта (маусым-тамыз) Баянауыл демалыс аймағына 100 000 аса турист келіп, демалады.

Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі

1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданыныңаумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау»қаумалы БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.

Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.

  • Баянауыл орманшылығы — 19 188 га,
  • Жасыбайорманшылығы — 22 904 га,
  • Далба орманшылығы — 8 596 га.
  • Кенейтілген парк аумағы — 17 764,8 га

Климаты тым континенттік (жазы – ыстық, қысы суық). Жер бедеріжекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (ЖасыбайСабындыкөлТорайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағайқайыңқандыағаш,таңқураймойылдолана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқарелікқасқыртүлкісілеусінборсықтиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққуқазүйрекқұршілбүркіт, т.б.) ұялайды. Арқарбүркітсұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортансазаноңғақалабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор

Баянауыл тауларындағы көлемі жағынан екінші болып саналатын Жасыбай көлі. Бірақ өзінің танымалдығымен ол бірінші орында. Жан-жақтан таулармен қыспақталған көлге қазақ-жонғар соғыстарының батыры Жасыбайдың есімі берілген. Мұнда тек соның есімімен аталған өткелмен жетуге болады: аңыз бойынша дәл осында Жасыбай қарсыластарының басым күштерін ұстап қалған екен. Ал өткел тұрған моласы жөнінде мынадай сенім бар. Оған бара жатып тас ала бару керек. Кейін жеткен соң оған тас лақтырып тілек айту керек. Ол міндетті түрде орындалады деген сенім қалған. Көлдің өзінде Махаббат аралы орналасқан. Бұл орын Баян-сұлу мен оның сүйіктісі Қозы-Көрпеш туралы аңызға толы жер. Қазірде бұл романтикалық даңк ғашықтардың аралда оңаша қалуына әсерін тигізеді.

 

Гусиный перелет табиғат ескерткіші

 

«Гусиный перелет» неоген кезеңінің бай жануарлар әлемінің Палеонтологиялық орнының ашылуы (25 – 2 млн. жыл) Павлодар Ертіс өңіріне бұрынғы Кеңес Үкіметінің палеозоологтарын Павлодар Ертіс өңіріне әкелді. Өкінішке орай, барлық табылған палеомәлімет ғалымдармен әкетілетін болды, себебі біріншіден, сол уақытта Павлодарда өлкетану мұражайы болған жоқ, екіншіден, палеонтологиялық қалдықтардың зерттеліп, сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми мекеме болған жоқ. Қазіргі кезде қазба кешенін әзірлеумен, ескерткіш орнында саябақ кешенін (ашық аспан астындағы мұражай) әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, мұнда кез келген адам ертедегі жануарлар сүйектерінің қазба жұмыстарын байқай алады, сонымен қатар ерте кезеңдегі негізгі жануарлар түрлері жасалатын скульптуралық галерея жұмысына қатыса алады.

 «Қаз қайтуы» табиғи ескерткіші

Ескерткіш Павлодар облысында, Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Павлодар қаласының солтүстігінде, темір жол көпірінен 500 м оңтүстікке қарай орналасқан. Ескерткіш 1928 жылы мәскеулік палеонтолог Ю.А. Орловпен ашылғаннан кейін, бұл жерде 1929-1930 жылдары палеонтологиялық қазбалар жүргізілген. Қазба нәтижесінде бірнеше мың сүйек қалдықтары табылған, бұл сүйектер плиоцен-миоцен кезеңіндегі жануарларға (қазіргі африкалық фаунаның ата тегі) тән болатын. Палеонтологиялық институт шағын ғана жерге қазба жүргізген кезде бұғының 20 түрі, керіктің 40 түрі, мүйізтұмсықтың 130 түрі, гиппариондардың 200 түрі және т.б. тапқан. Палеонтологиялық жаңалық «Қаз қайтуы» ескерткішіне палеозоолог мамандардың үлкен назарын аудартты. Өкінішке орай, табылған барлық палеоматериал ғалымдармен бірге олардың зерттеу институттарына кетіп қалды, себебі, біріншіден, Павлодарда ол кзедері өлкетанулық мұражай болмады, ал екіншіден, палеонтологиялық қалдықтарды сақтауды қамтамасыз ететін ғылыми ұйым болмады. Орловтың бастамасын 1960 жылы ҚазССР ҒА Зоология институтының палеобиология бөлімінің экспелициясы жалғастырды. Електен ортаңғы және төменг қабаттарды жуып-шаю кезінде омыртқалылардың үлкен коллекциясы табылды. Олардың арасында қояндар, шақылдақтар, қосаяқтаржәне кішкентай құстар болды. Ескерткіш қала аумағында болғандықтан, «Қаз қайтуы» ескерткішіне павлодарлықтардың да, қала қонақтарының да тарапынан келушілер саны өте көп. «Қаз қайтуы» неоген дәуірі жануарларының ең танымал және эталонды жерлену орны болып саналады. «Қаз қайтуы» бойынша әлемдегі барлық осы дәуір жерленулері салыстырылады. Қазіргі күні қазба жұмыстары жерінде ашық аспан астындағы мұражай кейпіндегі саябақ кешені жоспарануда, кез келген адам қазба жұмыстарының өту үрдісін бақылай алатын болады.

Шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын

Баянауыл – бұл шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын. Тау жартастары мен жоталары өсімдіктің көптілігімен және бірі біріне ұқсамайтындығымен таң қалдырады. Баянауыл тауларында болған адам мұнда денінің саулығы үшін демалуға міндетті түрде қайтып келеді. Туристік сүрлеумен жүріп, осы өлкенің қарттарымен танысып, сөйлескеннен кейін Сіз Қазақстанның осы бір тамаша, әдемі жері туралы ойыңызды кеңейтесіз.

Егер Павлодар жолымен Майқайың өткелінен өтсеңіз, алдыңыздан ақбоз түйенің өркешіне ұқсас таулар шыға келеді. Оңға бұрылатын дала жолы Торайғыр өзеніне тіреледі. Тас жол аудан орталығы Баянауылға әкеледі. Өткелдің ар жағында таулы шеңбердің ішінде Жасыбай көлі жайылған. Баянауылдың керемет көлдері тау жықпылдарынан өтетін бұлақ жылғаларымен толығады. Жұмбақ жотасына таяу Әулиетас үңгірі бар. Үңгір ұзындығы 30 м-ге жуық, орта ені мен биіктігі – 2 м, 4-тен 7 метрге дейін жететін күмбезі бар. Оның тереңдігінде үлкен ойық бар, түрі суға толы тасты кесе сияқты. Торайғыр көлі бойындағы жолдың кез келген орнынан Жасыбай көліне қарай кемпірдің басына ұқсас тас бар. Үңгір мен жықпыл жартастағы суреттер ертедегі адамның өмір сүргенін дәлелдейді. Ол бұл орындарда неолит заманынан, яғни бірнеше мың жыл бұрын мекен еткен. Жазудың белгілері мен мағынасы әлі ашылған жоқ.

БМТП ең биік шыңы – Ақбет (теңіз деңгейінен 1026 м), парк аймағында ғажап таулар, үстірттер, үңгірлер орналасқан. олардың кейбірі сыртқы көріністеріне байланысты Кемпіртас, Найзатас, Батылдар шыңы, От Басы, Көгершін. Үңгірлер: Драверт құмырасы, Әулиетас үңгірі, Жұмбақ алабы және т.б. парк аймағында орналасқан 9 көлдің ең ірілері – Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдері. Парк көлдерінде алабұға, тұқымбалық, таутан, шортан, шіркеші, ақ амур, ұзын мұрт сияқты балық түрлері мекен етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі

Қара суық пен Жаңажол елді мекендерінің арасында Ескерткіш орын бар – Ескелді төбесі бар, орыс тіліне аударғандағы мағынасы иесі келді – хозяин пришел деген мағынаны білдіреді. Осы жерде өз өмірінің соңғы үш жылын қазақтың ұлы баласы, ақын, ағартушы, фольклор жинаушы Мәһшүр Жүсіп Көпеев өткізген. Бұл жердегі дөңде оның кесенесі орналасқан. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жан-жақты, білімі терең адам болды. Ол өртеу зияны мен зардабы, шөп шабу мен сақтау, жылқылардың қандайын өсіру керектігі, қандай жерге егу керектігі туралы, жылқыларды емдеу, суды қай жерден іздеу керектігі туралы және т.б. мақалалар жазды. Қоғам қайраткері ретінде ол жәрмеңкелерді ашуға қол жеткізсе, геолог ретінде құдықтарды қай жерде қазу керектігіне кеңес береді.

Көпеевтің есімі елде тек ақын, фольклорист, тарихшы, этнограф, философ ретінде ғана аян емес. Көріпкелдік қасиеті үшін ол көзі тірісінде әулие атанған. Оған әр жерден адамдар ағылып, батасын алуға келген. Бір адамның бойындағы осыншама керемет қасиеттер мен таланттардың үйлесімі көз тірісінде-ақ Баянауыл жерінің ұлылары қатарына қосты.

 

 

 

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ескерткіш

Ақынға ескерткіш қоладан, тұғыры қызыл және қара граниттен дайындалған. Ескерткіш қарағайдың жанында тұрған ақынның қола бейнесін береді. С. Торайгыров жастарға тән ақын-лирик және сапалы – қиялшы бейнесінде берілген. Трагизм элементтері тұғырдың шешімдерін толықтырады – қызыл және сұр граниттердің тоғысуы, пирамида түріндегі екі үлкен емес архитектуралық формалар. Пирамидалар ақынның неғұрлым ұзақ өмір сүргенде, ол қазақ әдебиетінің шыңына жетуге мүмкіндігін береді. Мүсіннің авторы өнерге еңбегі сіңген қызметкер Есхан Сергебаев. С. Торайғыров мемориалы қала көркіне айналып, республикалық маңызы бар ескерткішке айналды. Тарих және архитектура ескерткіштері халықтың мәдени жетістігі болып табылады, сондықтан олар мемлекет қорғауында болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Мәшһүр атындағы архитектуралық мешіт ғимараты

Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің архитектуралық ғимараты көркемдігі және айбындылығымен таң қалдырады. Қаланың бас мешіті қаланың барлық жақтарынан жақсы көрінеді. Шаңырақ түріндегі көгілдір түсті күмбез алтын жарты айды қиып тұр, аспанға ұмтылған көгілдір мұнаралар мен зор баспалдақтар – жаңа мешітті ерекшелендіреді. Мешіт ғимараты мөлшері 48х48 метрді құрайтын сегіз қырлы жұлдызды бейнелейді, мұнаралар биіктігі – 63 метр, жарты айлы күмбездердің биіктігі – 54 метр. Мешіттің әшекейі Ташкент қаласында дайындалған 434 шамы бар – хрусталь «Зумрад» люстрасы. Мешіт Павлодар қаласының орталығында орналасқан және архитектуралық егер оған баспалдақ негіздерінен қарасақ, әлемге және жақсылыққа ашылған жүрекке ұқсайтынын аңғаруға болады.

 

 

 

Благовещенск кафедралы соборы

1999 жылдың 23 қазаны Ертістің Павлодар өңірі үшін маңызды есте қаларлық күн болды. Бұл күні Павлодарда Благовещенски кафедралы соборы ашылды. Павлодарлық архитекторлар Ресейдің қалаларына барып, храмның әр түрлерін көріп, Мәскеудегі бір соборға тоқтады. Бұл тек негіз ғана болды. Мәскеулік храм кішірек және қарапайымдау еді. Павлодарлықтар өз соборын жобалағанда қала тұрғындарын таң қалдырарлық жаңалықтар енгізді. Благовещенск соборының қоңыраулары Мәскеуден әкелінді. Олар паникадило АҚКЗ-да құйылған және шіркеулік бұйымдар Мәскеу жанындағы Софринодан жеткізілді, онда мәскеулік патриархияның зауыты бар. Православиенің заңдарына сәйкес онда тоғыз қоңырау қойылған. Ең үлкен қоңыраудың салмағы – 1024 кг, ең кішкентайының салмағы – 4 кг.Объект 1999 жылдың қазанында пайдалануға берілді. Объектіні салуға қала мен облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары демеушілік көмек жасады: «Евроазиаттық корпорация», «Богатырь Аксесс Комир» ЖШС, картон-рубероид зауыты, өзен порты, «Судостроитель» АҚ, «Вторчермет» АҚ, «Асыл Ағаш» фабрикасы, «Иртышбизнесбанк» ААҚ, облыс дамуына жәрдемдесу қоғамдық қоры, «Интерфинанс» қоғамдық қоры.

Шалдай қарағайлы тоғайы

Шалдай қарағайлы тоғайы – Ертіс Павлодар өңірінің басты көз тартарлық жерлерінің бірі. Планетарлық ауқымдағы табиғат ескерткіші – ғарыштан түсірілген фотосуреттерде олар Обь пен Ертіс атты қос өзеннің арасында жіңішке және ұзын (жүздеген шақырымға созылған) қарықтар түрінде көрінеді. Олардың саны бесеу, соның ішінде екеуі ғана қазақстандық-ресейлік шекарадан асып, Ертіске жетеді: біреуі кішірек – Семейге өте жақын, екіншісі ауқымдырақ – Ертіс деп аталады – Павлодар облысында.

Пікірлердің бірі бойынша, суыртпақтап өскен тоғайлар ағаш тұқымдары мен қолайлы құмды топырағы бар ежелгі мұзарт солтүстік-шығыстан сырғи келе бірнеше жерден ормансыз даланы жырып өткеннен кейін ғана пайда болды.

Шалдай қарағайлы тоғайы ақ тиіннің жергілікті түрі – телеуітпен әйгілі. Олар мұнда көп, терісі әдемі көкшіл түсті, кеңестік дәуірде оларды кәсіптік мақсатта аулап, жүнін Италияға жіберетін, онда бағалы жүнді сол жақтың тігіншілері әйелдер әшекейлеріне белсенді енгізетін.

 

 

 

 

 

 

Павлодар облысының геологиялық объектілері

Облыс аумағында республикалық және халықаралық мәндегі мемлекеттік табиғи қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілері бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құнды болып табылады, және ерекше табиғи қорғалатын табиғи территория санатына енген. Республикалық мәндегі объектілерге: Драверта үңгірі, Құмыра үңгірі Әулие және Қоңыр әулие үңгірлері, Әулибұлақ, Телебұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Тас кереметтері шатқалдары, Рахай және үшсала шатқалдары.

Қоңыр Әулие үңгірі. «Қоңыр Әулие» атауы жердің жануарлар мен құстар әлемін қорғаушысының Ной (Нұх) Пайғамбар заманынан бар. Бүкіләлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пайғамбардың кемесіне қалып қойыпты, бірақ кемеде орын болмапты, сонда үш бақанды жалғап байлап, бақанға отрып, пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттеді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып жұлынып кетті. Бұл Қызыл Тау маңында болған (сондай-ақ Әулие тау деп те атйды). Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылды. Су қайта бастағап, таулар мен шоқылар ашыла бастағанда, кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірке келді де, ол осы жерде қоныстанды Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпіріндегі қазан, осы қазан түбіне үнемі су жиналады. Осы суда барлық ауруларды жауз қасиеті бар, тіпті, бедеуліктен де. Қай уақытта болмасын үңгір жанына баланы дүниеге әкелу мақсатымен қонуға әйелдер келетін, және осы арманы шынымен де орындалатын.

Қазір үңір мыңдаған туристердің келетін жері. Үңгірден Баяауыл ұлттық табиғи паркі қорының керемет жерінің көрінісі ашылғандай. Қоңыр Әулие үңіріне көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы 110 метр, әрбір 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң жасақталды. Үңгірдіғң жалпы ұзындығы 30 метр, үңгір екі камерадан тұрады.

Найзатас шыңы. Соғыс пен шабуыл кезінде күндіз-түні Найзатас шыңынан тұрғындар тауларға беталыстарды бақылап отырған. Мыңдаған адамдар мен ауылдар шабуыл мен соғыстардан қорғану үшін таулы аймақтарда мекендеген. Шың басына тек бір жолмен көтерілуге болады. 700 метр биіктікте белдік тектеса Қазан орналасқан, қазан ішінде суы бар. Шың найза пішінді, сол себептен шыңды Найзатас деп атайды.

Кемспіртас шыңы туристердің ең көп барватын объектісі болып табылады. Кемпіртас шыңының бірегейлігі оны табиғаттың өзі жел, күн, және су күштерімен, ертегідегі Жалмауыз Кемпір (Кемпіртас) образын ұштап жаратқаны. Кемпіртас шыңы Торайғыр көлінен Жасыбай көліне қараған жолдағы биіктеген нүктелерден көрінеді.

Саймантас шыңдары. «Саймантас» шыңдары осындағы демалушылардың ең сүйікті орындарының бірі. «Тас ғажайыптарының алқабы» деп «Ат басы», «Ожаутас», «Тақиятас» шыңдары аталып кеткен. Тас колонналар адам ағзасының сәби шағынан бастап кәрі шағына дейінгі эволюциясын көрсетеді. Бұл ғажайып – табиғат жаратылысы.

Жасыбай батыр қабірі (XVIII ғ.) – қазақ халқы үшін ескерткіш орындарының бірі. Ол тарих тарихта таңбаланған дәуір «Ақтабан – шұбырындыны» – «Ұлы жұт жылдарын» еске салады.

«Жазуы бар тастар» – түсініксіз таңбалар, суреттер, тотемдер. Адамдар бұларға ерте кезден-ақ күтпеген және әртүрлі жерлерде тап болған. Олардың пайда болуы мен мәнін түсінбеген соң, адамдардың қиялы тастарды магиялық күшке бөлеген, оларға мистикалық мән берген. Адам бұл жерлерден аулақ болуға тырысқан. Жазулардан15 фигураны көруге болады, олардың ішіндегі 10-ы әртүрлі тұрыстағы адамдардың бейнесі, үшеуі күмәнсіз ер адамдарға тиесілі. Күмбездер мен қабырғалар тазалығымен ерекшеленеді. Бұл табынуға арналған заттарды сақтау орны ретінде болған. Дөңестегі суреттер діни немесе магиялық мәнде болған. Көршілес үңгірлер кең әрі сыйымды, мекендеуге әлдеқайда жақсы тұрақ.

Мемлекеттік табиғи қорық – Қызылтау

Мемлекеттік табиғи қорық – Қызылтау – Баянауыл ауданының Оңтүстік-батысында Сарыарқаның Солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы көлемі 60000 га. Сирек кездесетін жануарлар түрлері мен олардың мекен ету жерлерін жүзеге асыру және сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аудандастыру жүйесіндегі жағдай – шөлейтті ландшафты аймақ.

Рельефті гранитті тау шоқылары, күмбез тәрізді төбе – шоқылар құрайды. Алаңның тең бөлігін жабық қазаншұңқырлар алып жатыр. Бұл жерлерге тік тастар тән. Аймақ Орталық Қазақстанның каледонды бүрме аймағында орналасқан, сонымен қатар төменгі және орта палеозойдың тұнбалы-вулкандық бөліктерімен қосылған. Беттік сулар үлкен емес өзендермен көрінеді. Жер асты сулары түрлі жастағы интрузивті түрлерге бейімделген. Төмендеулерде 3-10 метр тереңдікке дейін барады, су бөлінділерінде 30 метр, тәртібі тұрақты емес. Тау шыңдарында арша өседі.

Сүтқоректілер: борсық, қасқыр, саршұнақ, қыр күзені, қоян, түлкі және басқалары. Негізгі қорғауға алынған жануар – арқар. Орнитофано: сұр құр, құр, бүркіт және басқалары.

Павлодар облысы халықаралық курорт дәрежесіне сай келе алатын аймақтардың көптігімен ерекшеленеді. Тұзды Маралды көлінің сазы мен шипалы суы көптеген ауруларды емдей алады. Ертеректе Павлода облысының территориясында көптеген санаторийлер мен профилакторийлер болған. Павлодар облысының кейбір көлдері тек жергілікті халықтың ғана емес, шет жерлердегі қонақтардың да әулие орындарына айналған. Ең көп назарға Ямышевское, Маралды және Мойылды көлдері ие. Маралды көлінің жерасты сазының қасиеттері әлі де соңына дейін зерттелмеген. Оларың әсер ету спектрі өте кең. Маралды көлінің шипалы сазы жыл сайын көптеген бас июшілерін табады. Көлдің түбіндегі температура су бетіндегі температурадан 10-15 градусқа жоғары. Маралды көлінің сазы рвматизм мен буын ауруларын емдей алады, және, болжамдарға сәйкес, шипалы саз қоры 100 мың метр кубке жетеді. Одан басқа, көл түбінде көгілдір косметикалық саздың бар екендігі анықталған.

 

 

 

 

 

 

 

  • Зоологиялық қаумал — Ертіс жағалауы

«Ертіс жағалауы» мемлекеттік зоологиялық қаумалы сол жақ жағалаудың 1-ден 10-12 км-ге дейінгі жерін, ал оң жақ жағалаудың 4-тен 6 км-ге дейінгі жерін алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 27 маусымынан №877 «Мемлекеттік қорықшалар мен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері туралы» қаулысымен «Ертіс жағалауы» қаумалы (кешенді) бекітілді. Ертіс жағалауы Павлодар облысының территориясында, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Жазықты оң жақ жағалаудағы Объ-Ертіс өзенаралығы (Құлынды) мен сол жақ жағалаудағы Ертіс маңындағы далаларға бөледі. «Ертіс жағалауы» қаумалының аумағы 377133 га. жер болса, қорғалған аумағы жоқ. Өзен жағалауы Батыс Сібірдің орманды аумағының оңтүстігін және далалық жерін толықтай қамтиды. Бұл 3 мың км жерге дейін жетеді. Ертістің қазіргі жағалауы биіктігі 7-8 метрге жететін алқапты құрайды, Павлодар облысының батыс шекарасына қарай 87 метрге жетеді, шығыс шекара аумағында – 112 м. Рельефтің дамуы бойынша Ертіс жағалауы көптеген протоколдарға, ескі арналарға, құмды аумақтарға толы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытыныды

 

Қорта айтатын болсам қазіргі кезде Павлодар облысында туристтік қызметті ісе асыруға рұқсат қағазы бар 72 туристтік ұйым тіркелген және қызмет етеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи бағында тұрғын орнын, қайық, катамаран, экскурсияға арналған автобус, жазғы кезеңге айналған мәдениет шараларын ұсынумен 35 демалыс үйі бар, оның ішінде 28 – Жасыбай көлінде, 5 – Сабындыкөл көлінде, 2 – Торыайғырда және 2 балалар лагері тіркелген. Қазіргі таңда ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіш, табиғат ескерткіштері мен көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықтағы және 1 ботаникалық орман жолымен 11 туристтік бағыттар әзірленіп, бекітіліген. Облыс өз емдік орындарымен де бай. Павлодар қ. Солүстік-шығысында емдік-сауықтыру орны – «Мойылды» санаторийі орналасқан. Мойылды өзені мен оның сазының емдік қасиеттері туралы Ертіс өңірінің халқы бұрыннан білген. Павлодар облысының шығыс жағында Ертісің оң жағалауында ««Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ бар. Шекарасының ұзындығы 556 км. «Ертіс орманы» МОТР екі филиалдан тұрады – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданының Шалдай ауылы), Бесқарағай (ауданы134714 га, орталығы Лебяжі ауданының Шақа ауылы) және 16 орман шаруашылығы. Аумақ «ерекше бағалы орман массивтері» сақтаудың бір санатымен ұсынылған. Шығыс-қазақстан және жартылай Павлодар облысы – Қазақстан бойынша мұз кезеңінен бері сақталынған жолақты қарағай ормандары бар жалғыз облыстар болып табылады. Ертіс өзенінің оң жағасында Республикалық маңызды «Қаздар ұшуы» атты табиғи Палеонтологиялық ескерткіш бар. Осыдан 7-10 млн жыл бұрын өмір сүрген неогендік қазба жануарлардың – гиппарионның, көріктің, мүйізтұмсықтың, азу тісті жолбарыстардың және т.б. көмінділері 6-8 м тереңдікте жатыр. Гиппариондық фаунаның көмінділері Еуразия бойынша ірі болып табылады. Болашақта ескерткіш орнында палеонтологиялық бақ пен қазба павильонды құру жоспарланған. Палеонтологиялық бақ пен қазба павильонын құру ғылым үшін қажет бірегей ескерткішті сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге аймақтары мен шетел туристтерін тартуға, сол арқылы аймақтың туристтік және экономикалық жағдайын көтеруге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қасиетті туған жер» Павлодар 2010ж

Бақыт  Қарманқызы Буланбаева.

2.Ұлттық  энциклопедия. Алматы 2003ж

3.Павлодар облысы жаңа тарихи беттері 1991-2012жж

Павлодар облысының 75 жылдығына арналған

4.Павлодар облысының тарихы 2001 ж Т. А.Еңсебаев

  1. Баянауыл 2010ж

 

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика