Озон- оттек аллотропиясы,табиғатта таралуы,қасиеттері.Озон қабатын қорғау шаралары

Сыныбы 8
Пәні Химия
Тақырыбы Озон- оттек аллотропиясы,табиғатта таралуы,қасиеттері.Озон қабатын қорғау шаралары
Түйінді  идеялар Озон газы туралы және озон қабатындағы қара дақтар,озон қабатын қорғау туралы түсінік қалыптастыру
Мақсаты: -Озонның табиғатта кездесуі,физикалық және химиялық қасиеттері,аллотропия ұғымы туралы білімдерін арттыру

-Атмосфера қабатының тазалығы туралы экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызу                                                                                                                                          -Оқушыларды өз бетінше ізденуге, өзінің ойын жеткізе білуге,бір-біріне түсіндіру әдісіне дағдыландыру,мұқият тыңдау,бір-бірін сыйлау қасиеттерін тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер Топтық, жұптық, жеке  жұмыс,Э.Бононың ақылдың алты қалпағы әдісі,Бағдаршам әдісімен бірін-бірі бағалау
Күтілетін  нәтиже Оқушылар  өз  ойларын  жүйелеп  жеткізеді, бір-бірін  мұқият  тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық  ахуалды қалыптастырады, бағдаршам әдісі арқылы топтық жұмысты бағалай  алады, қатемен  жұмыс  жасайды, ортақ  қорытынды  шығарады.
Тапсырмалар 1.Ынтымақтастық  атмосферасын  құру

2.Өткен  сабақты  қайталау(сұрақтар  қою)

3. Тақырыпты  ашу(зерттеу жұмысын жүргізу)

4. Топқа  бөлу(алты түс арқылы)

5. Топтық  жұмыс: Алты ойлау қалпағы әдісі  арқылы

6. Сыни  сұрақтар  қою

7. Кері  байланыс

Сабақ  барысы  :                 Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөліну,топ ережесіне тоқталу

1.«Қар көшкіні » тренингі.

Оқушылар орнынан тұрып, шеңбер құрайды.Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен бір сын есімін қосады. Мысалы, Айнур өз есіміне «ақылды» сын есімін қосады.Әр оқушы дәл осылай өз есімін қосады да,алдында тұрған барлық есімдері мен эпипеттерін қайталап шығу керек.Оқушылар шеңбер түзу арқылы өз аттары мен сын есімдерін қоса қайталайды, тапсырма шарты бойынша аталған есімдер мен эпипеттерді мұқият тыңдап шатаспай айтып, орындарына жайғасады.

 

6 түсті қалпақтың түрлерін таңдау арқылы алдын-ала топқа бөлініп,соған сәйкес тапсырма алған оқушылар орындарына барып отырады.

Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақ  қою  түрлері(бастама,жауап, кейінгі  әрекет, түрткі, сынақтан  өткізу, қайта  бағыттау )

1.Оттектің жалпы сипаттамасы.

2.Оттектің физикалық қасиеттері сипатта.

3.Оттектің алыну жолдарын жазып көрсет.

4.Өршіткі дегеніміз не?

5.Оттектің атмосферадағы мөлшері?

6.Жану реакциясы дегеніміз не?

7.Оксидтер дегеніміз не?

8.Тотығу дегенімізді қалай түсінесің?

9.Оттектің химиялық қасиеттерін жазып көрсет.

 

Тақырыпты  ашу Озон қабаты туралы оқушылардан  сұрау  арқылы  тақырыпты  ашу, алдын-ала оқушыларға берілген зерттеу тапсырмалары арқылы әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды.                                                                                 «Алты ойлау қалпағы» әдісімен  озон қабатына 6 түрлі көзқарас білдіру
«Ақ қалпақ» тобының зерттеу жұмысы

Ақ қалпақ – ақ түс, қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.                                                              Ақ қалпақ тобының мүшелері озон қабатының ашылу тарихына және озон қабатына жалпы сипаттама беріп шығады

 

 

 

«Қызыл қалпақ» тобының зерттеу жұмысы

Қызыл қалпақ – қызыл түс ашуды,шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты қандай сезімдер туындайды?  Бұл топтың мүшелері жер бетіндегі тіршіліктің озон қабатынсыз мүмкін еместігін,озон қабатындағы қара дақтарды жоюдың жолдарын тез арада шешу қажеттігіне баса назар аударады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сары қалпақ» тобының зерттеу жұмысы

 

Сары қалпақ – сары түс ,күн көзінің тіршіліктің түсі.Сары қалпақтағы адам оптимизмге  толы,ол артықшылықтарды іздестіреді.

 

 

 

 

 

«Қара қалпақ» тобының зерттеу жұмысы

Қара қалпақ – қара түс,қараңғылық,қаhарлық,бір сөзбен айтқанда – суық.Қара қалпақты адам қауіптілік  танытады.                                                                             Бұл топ мүшелері озон қабатындағы қара дақтардың жылдан-жылға ұлғайып бара жатқанын атай келіп,оның жердегі тіршілікке зиянына мысалдар келтіруге тырысады.Мысалы,ғаламдық жылыну, парниктік эффектілер,зымырандардың жиі ұшырылуы ,т.б.с.с.экологиялық зардаптарға мысалдар келтіріп бағады.

«Жасыл қалпақ» тобының зерттеу жұмысы

 

Жасыл қалпақ – жасыл түс өсімдіктердің

молшылықтың,табыстың түсі.Жаңа идеялар туындап,шығармашылық бастауын алады.                                                  Топ мүшелері озон қабатындағы қара

дақтардың ең алғаш пайда болған кезінен бастап,осы уақытқа дейінгі жасалынған қорғау шараларының әрқайсысына жеке тоқталады.Бұл шаралардың жүзеге асуына баса назар аударады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көк қалпақ» тобының зерттеу жұмысы

Көк қалпақ – көк түс,аспан түсі.Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты.Бұл топ мүшелері барлық қалпақтың зерттеулеріне  тоқталып,қорытындысында неге қол жеткізуге болатындығын және болашақта      атқарылатын іс-шараларға,қорғау жұмыстарына тоқталады

Ақ қалпақ тобы:

 Озонның ашылу тарихы,сипаттамасы.

 

Бір элементтің бірнеше жай зат күйінде болу құбылысы аллотропия деп аталады.
Озонды ең алғаш рет 1785 жылы голланд физигі және ботанигі Мартин Ван Марум ашқан.
Озон (грек тілінен ozon – аңқығыш дегенді білдіреді.Химиялық формуласы: О3.
Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15-тен 50 км аралығындағы биіктікте орналасқан. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым, оны озондық қабат деп атаймыз. Олқабатта озон концентрациясыорасанзоремес, көлемі 3 млрд. тоннаданастамғана.

Озон молекуласы үш атомнан тұратын оттектің аллотропиясы.Озон оңай ыдырайтын тұрақсыз қосылыс:

О3О2  + О

Лабораторияда озонды озонатор дейтін құралмен алуға болады

Реакция теңдеуі: 3О23

Оттек      Озон

 

«Қызыл қалпақ» тобы.

Озон қабатындағы «қара дақтар» және оларды жою жолындағы жұмыстарға тоқталады.

 

 

Озон жыртығы, озон тесігі – озоносфера қабатының жарылуы (диаметрі 1000 км-ден астам). Антарктида мен Арктикада ерекшебайқалады. Бұлқұбылыс 20 ғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оныңпайда болу себебіәлікүнгедейінталастудыруда. Озон жыртығытабиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайларғабайланысты, әсіресеөнеркәсіптежәнекүнделіктітұрмыста озон қабатынбұзатынқұрамында хлоры бар хладондарды (фреондарды) пайдалануғабайланыстыпайдаболадыдепесептелінеді.Озон қабатын қорғау бойынша міндеттемелерді орындау үшін бірнеше жобалар дайындалды.Климаттың өзгеруі бойынша Координация орталығы, осы базаның аясында Озонды мекеме құрылды. Оның мақсаты Қазақстандағы ОРВ тұтынуын шектету. қазіргі таңда озонды бүлдіруші заттардың қолдануын шектететін, ОРВ тұтынушы кәсіпорындарын қолдау және құрал-жабдықтарды ауыстыру, оларды қолданыстан алдырып тастау шараларын қамтыған 5,4 млн.АҚШ долларынан астам 5 жоба іске асырылуда. Бұл жоба мен жоспарды іске асыру Қазақстан міндетінің басты бөлігі болып саналады. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстанға МЭҚ 5 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлді.Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше,ол Күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып,оның күйдіргіш әсерін азайтады.Соның арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды.Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып,жағымсыз иісті қалдықтарды зарарсыздандырып,сыртқы ортаны ластамайтын заттарға айналдырады.  Озон тұрақсыз, өздігінен жылу бөліп, оттекке айналады.

 

«Сары қалпақ» тобы.

Бұл топ озонның пайдалы жақтарын қарастырады.

 

Озоносфера-  озон қабаты (гр. ozon – аңқығыш және sphaіra – шар), озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі 10 – 50 км) қабат. Атмосферадағы озонның ең көп концентрациясы 20 – 25 км биіктікте болады, мұнда озонның тығыздығы жер бетіне қарағанда 10 есе көп. Озон оттегінің күн радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін бөлшектерін сіңіруінен пайда болады. Озон мөлшерінің көп болуы көктем айларына, азаюы күз айларына сәйкес келеді. Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістерімен байланысты.

Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек (О2{\displaystyle O_{\mathrm {2} }}) молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде (О3{\displaystyle O_{\mathrm {2} }+O_{\mathrm {} }=O_{\mathrm {3} }}) пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады.Озон газын қолдану арқылы ауыз сулар мен ағынды сулардағы және бөлме ауасындағы бактерияларды жоюға болады.

 

«Қара қалпақ» тобы.

Бұл топ озон қабатындағы дақтардың тіршілікке зияны туралы айтып кетеді.

 

Соңғы 20 жылда озон жыртығы аясы ұлғая түсті (жыл сайын 4%-ға). Озон жыртығы арқылы күннің ультракүлгін сәулелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы тірі организмдерге қауіп-қатер туғызады. Түрлі вирусты және қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкеледі. Сондай-ақ күннің ультракүлгін радиациясының жоғарылауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі мен протеиннің түзілуі тежеледі. 1985 ж. озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 ж. Монреаль хаттамасықабылданған. Озон жыртығы алғаш рет 1985 ж. ағылшын зерттеушісі Дж. Фарман байқаған. Озон газы күшті тотықтырғыш, алтын мен платинадан басқа барлық металдарды тотықтырып, кейбір органикалық және бейорганикалыққосылыстарға әсер етіп, озонидтер түзеді. Озонды иод-крахмал қағазының түсінің өзгеруі бойынша анықтайды:

O3+ +2KІ+H2O=І2(көк)+O2+2KOH.

Кәдімгі оттек О2 КІ-мен реакцияға түспейді. Табиғатта озон найзағай жарқылдаған кезде және кейбір органикалық заттар тотыққанда түзіледі

 

 

«Жасыл қалпақ» тобы.

Бұл топ озон газының қасиеттеріне және қорғау шараларына тоқталады.

 

Озон газының химиялық белсенділігі оттектен жоғары.Түсі – қою көк, өткір иісті газ,
ал сұйық озон – күлгін көк түсті.
Балқу t – 192,7°С,
қайнау t – 112°С.
Суда ерігіштігі 0,394 г/л (0°С-та).
Молекулалықмассасы — 47,998 а.е.м.
Озонның газ күйі — диамагнитен,
ал сұйықкүйі — слабопарамагнитендепаталады.
Озон табиғаты. Озон – үшатомды оттек, газ, көктүсті. Төменгітемпературадақанықкөктүстісұйыққаайналады, осы жағдайдатөменірексалқындатсақанық сия түстес кристалл алынады. Атмосфераныңкөгілдіртүскебоялуыозонғабайланысты.
Озон қабатын қорғау туралы’’ Вена конвенциясы

1985 жылы 22 наурызда “”Озон қабатын қорғау туралы’’ Вена конвенциясы қабылданды. Қатысушы елдер жүйелі және негізгі зертеулер жүргізу менозон қабатын қорғау үшін озонды құртатын зиянды заттарды қадағалау жайлы келісімге келді.1986 жылы әлемдегі Хлор-фтор- карбоны органикалық қосылысының мөлшері 1 100 000 тонна болған болса, 2001 жылы бұл көрсеткіш небары 110 000 тоннаға жеткен. Қазіргі кезде атмосфераның төменгі қабатындағы озонды жоятын улы заттардың мөлшері азайып келеді. Алдағы уақыттарды жоғарғықабаттағы, стратосферадағы, зиянды заттар азая бастайды. Егер осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болса, ғалымдардың болжауынша 2060 жылға қарай озон қабатының күйі (қалыңдығы) бастапқы қалпына келеді екен Озон электр зарядының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда пайда болады.Сонымен бірге ,электр машиналары, кварц лампалары жұмыс жасап тұрғанда және суды электр тогымен айырғанда,озонға тән «электр иісі»сезіледі.

 

«Көк қалпақ»тобы

Бұл топтың мүшелері барлық зерттеулерге тоқталып,болашақта жасалынатын істерге тоқталады.

 

Озон қабатын қорғау шаралары алғаш рет озон  қабатындағы зиянды заттардың табылғандығы жайлы мәлім болғаннан бері қолға алынып келеді. Бірақ алғашқы кезде белсенді түрде жұмыстар жасалынбады. 1985 жылы озон тесігі табылған кезден бастап озон қабатын қорғау мәселесі әлемдік қауымдастықта басымдыққа ие болды.

1985 жылы 22 наурызда “”Озон қабатын қорғау туралы’’ Вена конвенциясы қабылданды. Қатысушы елдер жүйелі және негізгі зертеулер жүргізу мен озон қабатын қорғау үшін озонды құртатын зиянды заттарды қадағалау жайлы келісімге келді.

Конвенцияға  Қазақстан Республикасының «Озон  қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясына  қосылуы туралы» 1997ж..30.10 заңы негізінде қосылды.

Конвенцияныңнегізгіережелері

Конвенция озон қабатынқорғаужөніндегіжалпыережелердіқамтыған. Онда озон қабатынреттеуші (ОРВ) негізгішараларды қамтитын, хаттамалардықабылдау, хлорфторкөміртегінөндіружәнелақтыруақпараттарыменалмасу, озон мониторингіжәнеғылымизерттеулероблысындақарым-қатынасжөніндегіміндеттемелербекітілген.

ҚазақстанРеспубликасыныңнегізгіміндеттемелеріне

озон қабатына кері әсерін тигізуі мүмкін немесе тигізетін қызметтерді доғарту  немесе қысқарту, шектеу бойынша тиісті әкімшілік шаралар,айыппұлдар немесе заңды бақылау  шараларын қабылдау болып табылады.. Бұл міндеттемелер озон қабатына тигізетін кері әсерді төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға және ұлттық саясатты құруға бағытталған.

 

 

Сыни сұрақтар қою Топ мүшелері бір-біріне сыни  сұрақтардың  түрлерін  қояды
Бағалау Тақырып  аясындағы әр топтың жасалынған  зерттеу жұмыстарына және қорғап шыққан әрекеттеріне байланысты, басқа топтар қалыптастырушы бағалау түрімен бағдаршам  арқылы басқа топтардың жұмыстарын бағалайды,түсінбеген мәселелер бойынша сұрақтар қояды.Ал, топ басшылары өзінің тобындағы оқушыларды бағалау парақшасындағы критерийлер арқылы бағалайды.Қорытынды жиынтық бағаны мұғалім қояды
Сабақты қорытындылау Мұғалім сабақ бойынша оқушылардың нені түсінген,түсінбегендерін сұрап, сабақты қорытындылайды.
Үйге тапсырма беру П-34.Озон-оттек аллотропиясы,табиғатта таралуы,қасиеттері.

5-кестені толтыру.

Рефлексия Не  қиын  болды

Не  ұнады

Нені  өзгертер  едің

Өміртай Гүлжан Қалиярқызы

«Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің химия пәнінің мұғалімі

Туылған жылы: 1қыркүйек 1964 жыл

Бітірген оқу орны : М.Әуезов атындағы ОҚМУ химия пәнінің мұғалімі

Шығармашылық жұмысының тақырыбы: «Химия пәнінен оқушыларға экологиялық  білім мен тәрбие беру»

Педагогикалық еңбек өтілі :24 жыл

Санаты : Жоғары

Біліктілікті арттыру курсы : 1( ілгері) деңгей,2014ж  Шымкент қаласы

Мектеп тренерлері курсы  2016ж

Марапаттаулары : Мектепішілік,аудандық,облыстық Мақтау Қағаздары мен Грамоталары,  «Білім беру ісінің үздігі»төсбелгісі

Дайындаған химия пәнінің мұғалімі : Өміртай Г.К

[bws_related_posts]

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика