Ойынның негізгі ерекшелігі және тәрбиелік мәні (Презентация)

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Бастауыш білім беру пәнінің оқытушысы
Коданов Дуйсенбай Ойыкбаевич

Сабақтың тақырыбы:  Ойынның негізгі ерекшелігі және  тәрбиелік мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Білімгерлердің зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, қызығушылығын арттыра отырып, шапшаң ойлауға қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Білімалушыларды өмірге деген құштарлығын, еңбекке, ойынды дұрыс ұйымдастыра білуге деген іскерлік ынтасын арттыра отырып тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдістері: Топтастыру, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс істеу
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, үлестірмелі қима қағаздар, слайд, интерактивті тақта
I. Ұйымдастыру кезеңі:    а) Білімгерлермен сәлемдесу
ә) Білімгерлердің сабаққа қатысуын тексеру
б) Олардың назарын сабаққа аудару
в) Үй тапсырмасын сұрау
II. Жаңа сабақ:  Бастауыш мектепте оқу тәрбие үрдісінде ойынның маңызы  зор. Ойын баланың мінез-құлқына, физикалық және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.
Ойын-баланың жан серігі. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де, мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқамаймыз.
Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатарбілімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Жалпы, ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тыңыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады:

А) Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.

Ә) Ерлік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сананы жетілдіреді.

Б) Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

В) Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.

Г) Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

Ғ) Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Ойынның негізгі белгілері: Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін бейнелейді, оларға өздерінің қатынастарын білдіреді. Ойынның құрылымдық элементтері: ойынның түпкі ниеті, сюжеті, немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты  және ойында ойында балалардың өзінше бір іс- әрекеті ретінде көрсетеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Ойынды ұйымдастырып, жетекшілік жасап, оған педагогикалық басшылық берудің кілті тәрбиеленушінің қолында. Ойынның тағы бір ерекшелігі- ойын оқумен байланысты, ойын үстінде бала сыпайлық пен дөрекілікті, әдептілік пен сотқарлықты, ізеттілік пен қыңырлықты ажырата алады.

III. Слайдтар:

  1. Слайд: Тұжырым туралы түсіндіру
  2. Слайд: Топтастыру әдісі  бойынша тірек-сызбамен жұмыс. Ойынның түрлері туралы түсінік.
  3. Слайд: «Құпия сандық» ойыны.
  4. Слайд: «Кім зерек?» ойыны.(сұрақ-жауап)
  5. Слайд: «Сөз құра»ойыны ( әр сөзден мақал шығару)
  6. Слайд: Сөзжұмбақ

IV:Қорытынды. Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс.

V.Бағалау.

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *