Орал (Мұғалжар)тауы

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қаражар елді мекені

Қаражар орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

Жұбаналина Нұрия Шоқанқызы

 

Класс:      8

 Сабақтың тақырыбы: Орал (Мұғалжар)тауы

Мақсаты: Орал (Мұғалжар) физикалық-географиялық аймақтың негізгі ерекшелігі мен оған кіретін негізгі таулар мен бастау алатын өзендерді анықтау. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.

Білімділігі: Орал (Мұғалжар) физикалық-географиялық аймақтың негізгі  ерекшелігі мен оған кіретін таулар мен бастау алатын өзендерді анықтау.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, Өз елін жете   тани білуге қызығушылығын ояту,Картамен жұмыс жасау белсенділігін арттыру;

Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз бетімен жұмыс қабілетін дамыту, қызығушылығын ояту, логикалық ой-өрісін дамыту, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

Сабақтың типі:      Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдістері:      Баяндау,түсіндіру,топпен жұмыс

Оқу құралдары:   Қазақстан физикалық, саяси, тақырыптық карталар.                                                                          презентация.

Пәнаралық байланыс:  Әдебиет, музыка,биология

Сабақтың барысы:         

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа  аударту.

ІІ. Жаңа сабақ.

І кезең.  Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Әр топ өздеріне берілген тапсырма арқылы жаңа сабақты постер қорғау арқылы түсіндіріп, баяндайды.
І ТОП.  Орал (Мұғалжар )тауының географиялық орны,жер бедері.

ІІ ТОП. Орал(Мұғалжар) климаты мен су қоры.

ІІІ ТОП. Орал(Мұғалжар) пайдалы қазбалары мен тіршілік дүниесіне сипаттама    беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалжар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II кезең. Сұраққа  жауап

Оқушылардың қаншалықты тақырыпты түсінгендерін білу мақсатында әр топ өз тақырыптары бойынша 3сұрақтан дайындайды.

Сергіту сәті.

Мақал- мәтел жалғастырыңыз.

1.Бұлақ көрсең көзін аш.

2.Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.

3.Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер.

4.Көп түкірсең, көл болар.

  1. 5. Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас

6.Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ.

 

ІІІ кезең. Картамен  жұмыс.


  • Сарыарқа
  • Мұғалжар
  • Тұран
  • Сырдария
  • Ойыл
  • Жем
  • Ертіс
  • Жайық
  • Үлкен Боқтыбай
  • Ақтөбе
  • Каспий маңы ойпаты
  • Жайық-Жем үстірті
  • Байғанин
  • Сағыз
  • Елек
  • Ырғыз
  • Ор
  • Каспий

 

 

Жаңа сабақты бекіту. Тест тапсырмалары арқылы.

«Таным таразысы»

1.Сарыарқаның биік нүктесі?

А.Бесшоқы       Ә.Ұлытау                     Б.Ақсораң

  1. Сарыарқаның басты өзендері

А.Ойыл,Ырғыз      Ә. Есіл,Нұра        Б. Ертіс,Бұқтырма

  1. Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан үстірт.

А. Торғай         Ә. Үстірт               Б. Бетпақдала

  1. Сарыарқаның негізгі пайдалы қазбалары

А. Мұнай,газ       Ә. Темір,мыс       Б. Никель, хром

5.Сарыарқаның ең биік тауы

А. Қызыларай    Ә. Шыңғыстау    Б. Баянауыл

6.Мұғалжар тауының ең биік нүктесі.

А. Үлкен боқтыбай.    Ә. Ақсоран.     Б. Шыңғыстау

7.Мұғалжар тауының ұзындығы.

А. 650.                          Ә. 450.              Б. 540.

8.Мұғалжардан бастау алатын өзен.

А. Сарысу.                   Ә. Есіл.             Б. Ырғыз.

9.Мұғалжар тауы неше жотаға бөлінеді.

А. 3                               Ә. 5                   Б. 2

10.Мұғалжар тауы осы металға бай.

А. Никель.                   Ә. Қорғасын.   Б. Вольфрам.

11.Мұғалжарда жауын-шашынның орташа мөлшері неше мм?

А. 500                           Ә. 300               Б. 600

12.Біршоғыр бойында қандай пайдалы қазбаның кені бар?

А. Мұнай.                    Ә. Алтын.        Б. Көмір.

13.Мұғалжарда топырақтың қандай түрі басым?

А. Қара топырақ        Ә. Қара қоңыр.     Б. Сұр қоңыр топырақ

14.Мұғалжардың қай беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылады?

А. Батыс.                    Ә. Шығыс.        Б. Оңтүстік

15.Мұғалжарда неше табиғат зонасы кездеседі?

А. 4                             Ә. 2                    Б. 3

 

Жауаптары:

 

1.Б

2.Ә

3.А.

4.Ә

5.А.

6.А.

7.Ә

8.Б.

9.Б.

10.А.

11.Ә.

12.Б.

13.Ә.

14.А.

15.Б

 

.

2- тапсырма. Венн диаграммасы арқылы  Сарыарқа мен Орал тауының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру.

Сабақты қорытындылау:

 

Б.Ү.Ү.  кестесі

Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді

Бағалау.

Үйге тапсырма: Орал (Мұғалжар) тауы, кескін картаға түсіру.

Ақтөбе облысы туралы мәнжазба жазу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *