Орыстың Үлкен театры

img11992651Жасағанбергенова Баян Идрисовна
№6 Хромтау гимназиясының  музыка пәні мұғалімі
Тоқсандық тақырып:  Еуропа опералық   театрларына  саяхат
Сабақтың тақырыбы: Орыстың Үлкен театры
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, жинақтау, салыстыру, ой қозғау.
Көрнекіліктер:  Музыка аспабы,  оқулықтар, электрондық тақта, үнтаспа, слайдтар т.б
Сабақтың мақсаты: Орыстың Үлкен театры тарихымен таныстыру
Білімділік: Орыстың Үлкен театры туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: оқушылардың музыка мәдениетіне қызығушылығын дамытуға ықпал ету, қиял мен интуицияға ерік беру.
Тәрбиелік:  оқушыларды өнерсүйгіштікке  тәрбиелеу, баланың рухани әлемін қалыптастыру.
                                              Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу , түгелдеу, білім алушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
Метрополитен театр қай қалада орналасқан?
-Тетар шымылдығын қай спектакльмен ашты?
— Жаңа ғимараттағы театр жұмысы кімнің  операсымен басталды,
— Метрополитен театры басқаша қалай аталады?
Жаңа білімді хабарлау: Орыстың Үлкен театры
Үлкен театрРесейдің Үлкен театры — дүние жүзіне танымал алдыңғы қатарлы опера және балет театры, Ресейдің ұлттық музыкалы театр мәдениетінің ең ірі ошағы.
Театрдың алғаш құрылуы 18 ғасырдағы Ресей ұлттық мәдениетінің гүлденуімен, кәсіби актерлер өнерімен және орыс опера музыкасының қалыптасуымен байланысты болды.
1776 ж. Мәскеудің губ. прокуроры князь П.В. Урусов пен антрепренер М.Г. Медокс Мәскеу ресейлік театрының тұрақты труппасын құрды. Сол жылдан бастап спектакльдер Знаменкадағы граф Р.И. Воронцовтың үйінде қойыла бастады.1780 ж. театр Петровка көшесінде (қазіргі Үлкен театрдың орнында) салынған ғимаратқа көшіп, “Петров театры” немесе “Опера үйі” деп аталды да, мұның өзі Мәскеу қаласындағы түңғыш тұрақты театр болды. Театрдың алғашқы актерлері: И.И. және Н.Ф. Калиграф, Г.В. Базилевич, М.С. Синявская, И.М. Соколовская, А.Г. Ожогин, Е.С. Сандунова, т.б. Театр репертуарынан орыс (В.А. Пашкевич, М.М. Соколовский, Е.И. Фомин), сондай-ақ шет ел (В.А. Моцарт, Дж. Перголези, А.Гретри) композиторларының шығармалары орын алды.
1805 ж. театр ғимараты өртеніп, 1825 жылға дейін театр труппасы (1806 ж. мемл. театрға айналды) әр түрлі орындарда ойын көрсетіп жүрді. Үлкен театрдың осы күнгі ғимараты (А.А. Михайловтың жобасы бойынша; арх. О.И. Бове) 1824 ж. салынды.
Музыка тыңдату:

 

/Композиторлар туралы қысқаша мәлімдеме жасалынып,музыкалық шығармаға түсінік беріледі/
-М.И. Глинканың “Иван Сусанин” (1842) ,“Руслан мен Людмила” (1846)
— А.С. Даргомыжскийдің “Су перісі”
-Музыка нені баяндар екен?
-Көз алдарыңа нені елестетер екенсіндер?
Үйретілетін ән: «Жол әні» Б.Әлімжан әні
Әнді тыңдату;
Мазмұнына талдау жүргізу;
Фраза бойынша үйрету;
Топ – топқа бөліп орындату .
Қорытындылау, бағалау:
-Орыстың Үлкен театры қай қалада орналасқан?
-Алғашқы қойылымдар кімнің үйінде қойылды?
—Кейін қай театрда қойылымдар қойылды?
-Үлкен театр ғиматарыт қай жылы салынды?
Үйге тапсырма:
Орыстың Үлкен театры тарихы туралы оқып, «Жол әні» Б.Әлімжан әнін орындап келу.

 
 
5 сынып   ІІІ тоқсан
Тоқсандық тақырып: Әлем халықтарының музыкалық театры
Сабақтың тақырыбы: Италия классикалық музыкасы-опера өнері
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, жинақтау, салыстыру, ой қозғау.

Көрнекіліктер:  Музыка аспабы,  оқулықтар, электрондық тақта, үнтаспа, слайдтар т.б
Сабақтың мақсаты: Италия классикалық музыкасы-опера өнері туралы түсінік беру.
Білімділік: білім алушылардың   Италия классикалық музыкасы-опера өнері туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: білім алушылардың  ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын молайту.
Тәрбиелік:  білім алушылардың Италияның музыка мәдениетіне деген қызығушылығын арттыра отырып,өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу , түгелдеу, білім алушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
-Гайднды кім деп атайды?
-Бетховен неше симфония жазған?
-Моцарт қай елдің композиторы?
-«Анашым» әнін сұрап, бағалау.
Жаңа білімді хабарлау:
XVI ғасыр Италия музыкасы Еуропа музыка мәдениетінде алдыңғы қатарда болды. Шіркеулік капеллалармен бірге, оның ошағы болып қолөнерцехтық бірлестіктер, әдебиет және өнерді сүйетіндердің үйірмелері жұмыс істеді. Ең ірі және көрнекті мектептер — Рим және Венеция мектептері болды.
Италия музыкасының ең бай түрі — халық әндері мен билері (сальтарелло, форлана, тарантелласицилиан, т.б.). Халық музыкасы кәсіби музыка шығармашылығына әсер етті.
1581 жылы В.Галилей «Ежелгі және жаңа музыка туралы диалог» деген пәлемикалық трактат жазды. Галилейдің ойларын 1570 жылда Флорентий камератасына біріккен бір топ ақындар, музыканттар және гуманист-ғалымдар қолдады. Бұл үйірменің кайраткерлері Я.Пери мен О.Ринуччини ең алғашкы «Дафна» және «Эвридика» (музыкасын жазуға 1600 жылы Дж. Каччини қатысты) операларын жазды. Кейінірек «Эвридика» операсына Дж. Каччини либретто жазды; ол «Жаңа музыка» деген бір дауысты мадригал мен ария жинағының авторы; өз операларына төн стилистикалық принциптерді дамытқан. Бұл мәнерге «жаца стилъ» немесе «бейпелеу стилі» деген ат берілді. К.Монтеверди операға драматизмді кіргізді, оның шығармашылығының шыңы —«Помпейдің таққа отыруы» операсы. Венецияда операны бәрі көре алатын болды, ал 1637 жылы мұнда ең алғашқы «Сан-Кассиано» деген опера театры ашылды. Мифологиялық тақырыптың орнына тарихи сюжеттер, драмалық және батырлық, комедиялық және фарстық тақырыптар енді. Римде комедиялық опера жанрының үлгілері пайда бола бастады («Кезбе де уміттенеді» Моццокки және Мараццоли, 1636; «Жаман айтпай жақсы жоқ» Аббатини және Мараццоли, 1653). М.А.Чести операларында вокалды рөлдер көбейді. Оның «Алтын алма» (1667) операсы Еуропа елдерінде көрсетіле бастады.
XVII ғасырда соңында Италия операсының дамуындағы негізгі рөл Неапольға ауысты. Неаполитандық опера мектебінің алғашкы ірі кайраткері Ф.Провенцале, бірақ оның негізгі басшысы А.Скарлатти болды. Ол опера-сериа түрінің типтік белгілерін бекітті. Ол ән айту және аспапты опера түрлерін байытып дамытты, сонымен қатар ол Италия операсының увертюраларын жасады. Операмен тығыз байланыста әдеби емес діни өнер — оратория жаңа жанры дамыды.
Музыка тыңдату:

 

 

  • Верди «Классикалық итальяндық опера» 19 ғасыр

-Бір сәт көз алдарыңызға не елестеді?

-Қандай әсер қалдырды?

Үйретілетін  ән:

Е.Хасанғалиев  «Анаға сәлем»

Әнді тыңдату;

Мазмұнына талдау жүргізу;

Фраза бойынша үйрету;

Топ – топқа бөліп орындату .

Қорытындылау:

-XVI ғасырдағы ең ірі мектептерді ата?

-Алғашқы опералар?

-1637 жылы  ең алғашқы ашылған опера театры?

Рефлекция:

-Бүгінгі сабақтан не біліп, нені үйрендіңдер? Тыңдалған музыкадан қандай әсер алдыңдар?

Үйге тапсырма:

Вена классикалық симфониясы   туралы оқып, «Анаға сәлем» әнін орындап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 сынып ІІІ тоқсан

Тоқсандық тақырып: Өнер тұлғалары

Сабақтың тақырыбы: Оркестрмен тілдескен дирижер

Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау /Концерт сабақ/

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, жинақтау, салыстыру, ой қозғау.

Көрнекіліктер:  Музыка аспабы,  оқулықтар, электрондық тақта, үнтаспа, слайдтар т.б

Сабақтың мақсаты: Нұрғиса Тілендиев туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Нұрғиса Тілендиев туралы туралы білімдерін тереңдете отырып, «Отырар сазы» оркестрімен таныстыру.

Дамытушылық: Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.                                             

Тәрбиелік:  Азаматтық, Отансүйгіштік, абыройлық, адамгершілік сияқты қасиеттерді жетілдіру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу , түгелдеу, білім алушылар назарын сабаққа аудару.

Жаңа білімді хабарлау:

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1 сәуір1925 ж — 15 қазан1998 ж) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975 жыл), КСРО халық әртісі (1984 жыл), халық қаһарманы (1998 жыл).

Туып өскен жері — Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.

Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (19531961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (19811998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм»киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Музыка тыңдату:

Н.Тілендиев «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелдеуінде «Ата толғауы», «Махамбет», «Көш керуен»

-Қандай әсер алдыңдар?

Тапсырма: Күйлердің ұқсастығы мен айырмашылығын ВЕНН диаграммасы арқылы ажырату.
Үйретілетін ән:

Н.Тілендиев «Әже туралы ән»

Ән үйрету жолдары.
1. Өлшемі, сазы, екпіні, характері.
2. Динамикалық белгілерімен жұмыс
3. Дикциямен жұмыс.

Қорытындау: Нұрғиса Тілендиев кім?/Кластер арқылы/

                   

 

 

 

 

 

 

Рефлекция: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай болды?

Бағалау.Үйге тапсырма:

Нұрғиса Тілендиев  туралы мағлұмат жинап, оқып келу. «Әже туралы ән»әнін орындап келу.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *