Отан сүйер ұлан тәрбиелеу ұстаз қолында

Отан сүйер ұлан тәрбиелеу ұстаз қолында

        Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану – рухани өркендеудің түп-тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деген нақыл сөзін басшылыққа ала отырып, мектебімізде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша,  ата-аналардың қатысуымен бірнеше сабақтар және пән  апталығы, үлгілі сабақтар фестивалі өткізілді.Өткізілген іс-шараларға   мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, өзара ой бөлісті. Өзін-өзі тану пәнінің өткізілуінің ерекшелігі, оқушылардың өз ойын еркін айтуымен бірге, шығармашылықпен жұмыс істеуіне мұмкіндік беруінде.Оқушылармен өткізілген әр сабақ қызықты, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Соның дәлелі ретінде биылғы оқу жылында, мектепте өткізілген іс-шаралар, сабақтар болды.Оқу жылында өткізілген әр сабақ үлгілі сабақ. Пән бойынша өткізілген жұмыстар өте көп, нәтижесіде бар. Жеке оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинақталған.Солардың аз бөлігіне тоқталып өтсем деймін.

 Өзін-өзі тану  пәннің мақсаты: Оқушылардың рухани – адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге баулу;

сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке , табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

 «Табиғат ғажаптары» сабағына   6 сынып оқушылары қатысып, өз ой пікірлерін жазып, өмір ағашына жапсыру жүргізілді.

                          

 otan

«Мен өмірді сүйемін! Аллаға мың шүкір ! Мен бармын, жер басып жүрмін! Мен өмірге келген соң, табиғатты жақсы көрмеуім  мүмкін емес! Менде табиғаттың бір  бөлшегімін!» – деп, өз ойларымен 6 «ә» сынып оқушылары  Аружан мен Ырысты бөлісті .

 9 -10 сыныптарда өткізілген сабақтар  тартымды болды.  Шаттық шеңберде оқушылардың «өз елі, жері, Отаны туралы мақалдар мен өлеңдер айтып, бір-біріне шаттық пен қуаныш, осы еліміздің тыныштығында , бейбітшілігінде»- деп қуанды.

                        

-Біз елімізді сүйеміз! Біз еліміздің  болашағымыз! Елім үшін, жерім үшін, Отан үшін адал қызмет ету мен  үшін қуаныш! Отанымның көркеюіне менде өз үлесімді қосамын! Ол үшін жақсы оқып, білім алуымыз!

Өзін -өзі тану пәні оқушылардың санасына адамгершілікпен жасалған қайырымды істер адамды үлкен қуанышқа бөлейтіндігін, бақыт әкелетінін, ішкі жан дүниеміздің сұлулығы, сыртқы сұлулықпен үйлесімді болуға үйретеді. Күнделікті  қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейтеді. Өмірге жаңаша көзқараспен қарауға  баулиды. Адам бойына рухани күш, байлық береді. Сондықтан  осы пәннің  мектепте өтілуіне ризамыз!

 

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылы

Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп-шағын орталығы

Өзін-өзі тану пәннің мұғалімі ,психологы

Бекбергенова Жанар Жақсыбайқызы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика