Отбасының берекесі

Түпқараған  ауданы

Баутин ауылы

Ж. Мыңбаев атындағы

мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып

мұғалімі Сисембаева Умитгуль Орысбаевна

Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі.
Сілтеме: суреттер, слайд, оқулық, маркер , қағаз.
Сабақтың мақсаты: Қоғам мүшелері, отбасы берекесі туралы тақырыпты меңгерту; тілін, сөздік қорын дамыту.
Оқыту нәтижелері:
Тақырыпты түсінеді, талдайды.
Отбасының атқаратын қызметі мен тигізетін пайдасы және олардың күнделікті өмірде адамдармен туыстық қарым — қатынасы туралы ой — пікірін айтады, пәнге деген қызығушылығы оянады, қорытынды айтып үйренеді.
Тапсырмалар. 1. Тест арқылы оқушылардың білімін тексеру.
Дәптермен жұмыс:
Үйге тапсырма.
152 — 155 бет, мазмұнын айту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім Балалар (хормен)

Амансыңба Алтын күн!

Амансың ба Көк аспан!

Амансың ба Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!
— Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.- Біз бүгінгі сабағымызда үш топқа бөлінеміз.

Ереже.
1. Сабақта тыныш отыру.
2. Бір — бірімізді дұрыс тыңдау.
3. Топпен жұмыс
4. Уақытқа бағыну
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Жануарлар дүниесін қорғау. – оқыту, мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Тест
1. Жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар. Сүтқоректілер деп —
а) жануарлар дүниесін;
ә) жануарлардың аттарын;
б) жануарлардың көп түрлігін;
в) жануарлар класын айтады.
2. Жәндіктердің 3 белгісі:
а) қанаты, 6 аяғы, мұртшасы
ә) аяғы, тырнағы, қанаты;
б) 3 бөлікті денесі, тырнағы қанаты;
в) тырнағы, 6 бөлікті денесі; 6 аяғы.
3. Қызыл кітапқа:
а) құстың 29 түрі; б) 56 құс;
ә) құстың 56 түрі; в) барлық құстар енгізілген.
4. Балықтар… тыныстайды.
а) өкпесімен;
ә) қанатымен;
б) желбезегімен;
в) торсылдағымен.
5. Тіршілік ортасы деп –
а) тіршілікке қолайлы ортаны;
ә) тұрғызылған қоныс мекенді;
б) бейімделіп мекен етуді;
в) орналасу ерекшелігін айтады.
ІV. Қызығушылығын ояту: (отбасы туралы видиоролик көрсту)
Отбасының берекесі. Мақал — мәтелдер.
Топқа бөлу.

1-топ. Әке

2-топ. Ана

3-топ. Бала
V. Мағынаны тану: «Отбасы» деген не?
«Отбасы берекесі, бірлігі» туралы постер жасау
1. Әңгімелеу.
Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
Отан деген не? Қоғам деген не?
Отбасы деген не?
2. «Отбасының берекесі»- оқып түсіндіру.
3. Мақал — мәтелдер оқып, талдау.
VІ. Жаңа сабақ.
Әр топқа жетелеу сұрақтары арқылы сұрақ қою.
Оқушыларға оқыту.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1 — топ Сұрақ: Отбасы татулығына кімдер жауапты?
2 — топ Сұрақ: Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
3 — топ Сұрақ: Сенің отбасыңда қандай әдет — ғұрыптар сақталған?
Сергіту сәті

Мынау –менің отбасым,

Танысыңдар, достарым.

Мынау -әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен.
“Асар “ дегенді қалай түсінесіңер?
Отбасына кімдер енеді?
Неке деген не?
Конституцияда отбасы туралы не айтылған?
VІІ. Бекіту кезеңі:
Мақалдардағы жасырын сөзді тап:
… тату болса — ат көп,
… тату болса — ас көп.
… — туырлығым,
… — қазынам.
Қорытындылау
VІІІ. Үйге тапсырма беру
Бағалау
: топтық бағалау, топты бағалау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *