Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл Фараби. Септіктерді Қайталау.

gulzhanАстана қаласы Энергетика және байланыс колледжі

Сайлаубаева Гүлжан Жеңісқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл Фараби. Септіктерді Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Әбу Насыр Әл-Фараби туралы ой пікірлерін қалыптастыру, грамматика бойынша білімдерін пысықтау.

Білімділік міндеті: Әбу Насыр Әл -Фарабидің білімдар, ақылгөй, данышпан, ойшыл, зиялы ірі тұлға екенін студенттерге жеткізу, морфология бойынша білімдерін толықтыру.

Дамытушылық міндеті: студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту, грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыру, ойларын еркін жеткізуге және сауатты болуға дағдыландыру.

Тәрбиелік міндеті: студенттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу. Өнер адамын, елін, тарихын, тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс- тәсілі: СТО (сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары)

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Студенттермен амандасу.

Ә) Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

Б) Студенттердің зейіндерін  сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіреді.

-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда Ұлы данышпан Әл Фараби туралы танысамыз және септіктер бойынша білімдерімізді тиянақтаймыз. Ендеше бәріміз сабаққа белсенділік танытайық. Ең алдымен үй тапсырмасы бойынша білімімізді тексерейік. Студенттер екі топқа бөлінген.

1.Ой қозғау.  «Сандар жырлайды» бинго  ойны  арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.Морфология нені зерттейді?

  1. Мектеп, ғалым, әнші, қаз сөздеріне көптік жалғауын жалға.
  2. Жіктік жалғаулар қалай жасалады. Мысал келтір.
  3. Септіктердің сұрақтарын ата.
  4. Бөгенбай батырдың туып өскен жері.
  5. Қазақ батырларын ата.
  6. Қазақстан астаналары қай қалалар болды?
  7. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, анықта.

«Жақсы…   үйрен, жаман… жирен»

  1. Ерлік, батырлық туралы мақал- мәтел айт.
  2. «Ғалым» деп кімді айтамыз.

 

  1. Жаңа сабақ.

(слайд арқылы Түркістан кесенесі, Әбу Насыр Әл Фарабидің портреті көрсетілген ).

Кіріспе.

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер,

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,

Ғашықтар бір- бірін өпкен жер.

Сарылып сал- сері кеткен жер

Бас иіп, иіспен топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мұғалім: -Ал, балалар, осы оқылған ақиық ақын М. Мақатаевтың «Қазақ жері» өлеңінен бүгін сабақта не жайлы айтқалы отырғанымызды түсінген шығарсыңдар. Өткен сабақтарда біз батырлар туралы білдік. Бүгін ұлы ғалым туралы мәлімет аламыз.

Сұрақ: Қазақтың қандай қасиетті, киелі жерлерін білесіңдер?

Жауап: -(оқушылардан)

-Осындай қасиетті жерде туып өскен ғұлама ойшылдарымыз да көп.

Сұрақ: -Қандай белгілі ойшылдарды білесіңдер?

Жауап: — (оқушылардан)

-Бүгін біз Әбу Насыр Әл- Фарабидің өмірімен, шығармашылығымен танысамыз.

2) Қызығушылықты ояту.«Сен білесің бе?» видео шолу.

— Балалар, не көрдіңдер? Қысқаша айтып бере аласыңдар ма?

Балалар көрген дүниелерін қысқаша жеткізеді.

3) «Шығыстың ғұлама ғалымы» бейне сюжет көру. Сюжет бойынша пікірлесу.

4) Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.

А) Сөздікпен  танысу.

Әбігершілік- бір нәрсеге мазасыздану, әбігерге түсу (беспокойство)

Тұжырым- белгілі бір ойды қорытындылау(вывод)

Шығыстанушы- шығыс халқын зерттеуші (востоковед)

Бірегей- ерекше, айрықша (уникальный)

Шаһар- қала (город)

Аристотель – грек елінің ұлы ғалымы

Шам – қазіргі Сирия мемлекетінің астанасы Дамаск қаласының көне атауы.

 

Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб шаһарында  дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ, ал арғы атасының аты – Тархан . Оның туған жері – ежелгі қазақ қаласы Отырарды Арабтар Барфа, (Фараб) деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.

Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазды. Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда (Дамаскіде) өткізеді. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымына ұсынды.

Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды.

Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка кітабы» атты еңбегінен де байқауға болады. Ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылды. Бұл ойын «Ғылым жігі жөніндегі сөз» атты трактатында көрсете білді. Фараби халыққа білім беруді армандады. «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері», «Азаматтық саясат», «Бақыттың жетістіктері» атты еңбектерінде өрбиді. «Музыка туралы үлкен трактатында» музыка ғылымының мәселелерін зерттейді. Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Әл Фараби «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Логика», т.б. еңбектері – ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.

Ә) Мәтінді тізбектеп оқу.

Б) Топпен жұмыс. Мәтінге ат қою,  сұрақтар құру және сұрақтарды бір –біріне қойып жауап беру.

В) Грамматикалық тапсырма. Тақтамен жұмыс. Екі бала мәтінде қарамен берілген сөзге морфологиялық талдау жасайды

Г)  Ауызша септеу. ( жай септеу -ғалым, білім,  тәуелді септеу-өнер, тарих)

Д)  Карточкамен жұмыс. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу.

Ұлы данышпан   ….. туған.

… Арыс өзенінің бойында орналасқан.

Арабтар Отырарды  …. атаған.

Отырар,… ең ірі қалалардың бірі.

Ж) Мәтіннен синоним, антоним болатын сөздерді тауып жазу. 1-ші топқа- синоним, 2-ші топқа-антоним.

Сергіту сәті. «Сөз тапқанға қолға жоқ» ойны. Тақтаға әр командадан 2 бала шығады. Тиісті әріптерді таңдайды. Мұғалімнің сұрағына сол әріптен басталатын сөзбен жауап беру.

  1. Шығармашылық жұмыс.

1 деңгей- сөйлемдер құрастыру.

2 деңгей-хат   жазу. «Ұлы ойшылға хат»

Қажетті сөздер: Ұлы ғалым, білім мен өнер, философиялық тұжырым, өнегелі өмір, жастайынан, мәңгілік мұра.

  1. Ой қорыту. Жаңа сабақты қорытындылау.
  2. «Бабадан қалған асыл сөз». Слайд арқылы Әл Фарабидің нақыл сөздерін оқып, мағынасын түсіну. Ұнағанын жазып алу.
  • Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
  • Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
  • Мінез – жанның айнасы.
  • Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

 

2) «Әл Фараби» сөзіне топтастыру стратегиясы.

Аристотельден кейінгі  екінші ұстаз

Ұлы ойшыл                                        Отырар қаласының тумасы

Әл Фараби

Ғалым энциклопедист  Музыка зерттеуші       Бірегей тұлға

 

  1. Оқушыларды бағалау.
  2. Үй тапсырмасы. Мәтінді мазмұндау. Әл Фарабидің басқа да нақыл сөздерін жазып келу.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *