Оқушыларды кәсіптік білімге баулу

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж

Юсупов Гайратилла Махамаджанович

Сарсенбаев Ербол

Мамасариев Нұрғали Улукманович

 

«Оқушыларды кәсіптік білімге баулу».

 

Мектептегі оқушыға дұрыс кәсіби бағдар беріп оның қызығушылығына, анатомиялық-физиологиялық  ерекшелігін ескере отырып кәсіпке баулу педагогикалық және психологиялық шеберлік қажет етеді. Мамандық таңдау өте жауапті және маңызды іс. Әр адамның тұлға болып қалыптасуы, қоғамқа қажетті маман болып жетісуі оның біліміне, біліктілік дәрежесіне байланысты. Қоғамға қажетті мамандыққа баланы қызықтыру отбасынан басталып мектеп қабырғасында жалғасын табады. Белгілі бір мамандыққа баланы қызықтыру үшін оған сол мамандықтың ерекшелігі мен қажеттілігін түсіндіру керек. Кәсіптік білім алуға бала бойында қызығушылық арттыру бастауыш сыныптардан басталу қажет. Мамандық дегеніміз қоғамдық пайдалы іс-әрекет, жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі.

Кәсіптік бағдар берудің  мағынасы — оқушының ерекшеліктерін ашу. Кәсіптік бағдар бойынша педагогтардың негізгі функциялары:
—       икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу;

—       белгілі бір тәжірибе кезінде кәсіптік қызығушылығын анықтау;
—       оқушыларды республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлерімен таныстыру;
—       белгілі бір кәсіп және мамандыққа  қойылатын  талаптармен таныстыру ;

—       еңбек жағдайы және сипаты, қоғамдық өзара қарым-қатынастармен таныстыру;

—       қазіргі кезде жаңа техника мен технологияның енуіне байланысты мамандық таңдау жөнінде кеңес беру;

Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.

Адамның белгілі бір әрекетке бейімделуіне негіз болатын факторлар бөлігіне мыналар кіреді:

—  азаматтық қасиеті;

—  еңбекке деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы;

—  тұлғаның кәсіби еңбек бағыттылығы;

—  дене және ақыл-ой өрісінің жарамдылығы;

—  арнайы қабілеттері (белгілі бір іс-әрекетіне қажетті сапалар);

—  білім, дағды, тәжірибе.

Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әртүрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі — тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты.

Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Осы орайда жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасының негізгі бағыты баланы жан-жақты дамытуымен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.

Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен бейімділігі, белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі.

Білім беру бағытындағы кәсіби бағдар беру мынадай талапқа жауап беруі тиіс: біріншіден, оқушыларды мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-техникалық колледждердің мамандықты саналы таңдауға даярлаудағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері және мазмұны органикалық байланыста болуын және бұл жұмыстарды іске асырудың құралдары және әдістерімен қамтамасыз етуі керек; екіншіден, ол жүйе бір класта жүргізілетін кейбір тәрбие істері мен оқушылардың жеке қызметін ғана байланыстырмай, ондай байланысты бүкіл мектеп бойынша қамтамасыз етуге тиіс; үшіншіден, ол мектептер мен  оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-техникалық училищелердің бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмыстарын нақты ұйымдастыруға міндетті; төртіншіден, кәсіптік бағдар беру жүйесі оқушылардың мамандықты саналы таңдауға дайындығын қалыптастыруы керек.

Қорыта айтқанда әр тұлғаның бойындағы ерекше қабілетті дамытып кәсіптік білім беру сенімділік пен тұрақтылықты қалыптастырады.   Оқушыны кәсіптік білімге қызықтыру және кәсіптік білім беру қоғамдағы жұмыссыздықты азайтады, сонымен қатар белгілі бір кәсіпке болған қызығушылықты арттырып жоғары денгейдегі  мамандарды  жетілуіне әсер  етеді.

Пайдаланылған әдебиетт

  1. Ә.Мүсілімов, А.Сиымова. Кәсіптік бағдар берудегі мектептен тыс жұмыстардың түрлері. // Жоғары мектеп, №2, 91-б.
  2. З.Әділшынова. Кәсіби құндылық бағдарды қалыптастыру. // Қазақстан мектебі. №10, 12-б.
  3. Альжанов М.К. Кузембаев С.Б., Шаяхметов Б.К.,Атамбаев Ж.Н.

Дуалды білім беруді енгізу шарттары туралы

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *