Оқу процесін ұйымдастыру барысында сабақ кестесі мен үзілістердің оқушы денсаулығына әсері

tsdt Оқу процесін  ұйымдастыру барысында сабақ кестесі мен үзілістердің  оқушы денсаулығына әсері

Айгүл Серікбайқызы Сейілханова,

Екібастұз қаласы

 С. Торайғыров атындағы

№22 гимназия-мектебі

 биология пәні мұғалімі

Салауатты өмір салтын тәрбиелеу мәселелері Шығыс елдерінде де қолдау тапқан. Мысалы, Ибн Сина денсаулықты сақтау және  нығайтуға бағытталған гигеналық талаптардың кодексінде, тамақтану, ұйықтау, оқу, мерзімдерін сақтау қажеттілігін атап көрсетті.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен, оқу процесінде жүзеге асырылады. Қазіргі заман талабына сай педогогиканы  оқыту процесі, оқушыны  білмегеннен білуге және мұғаліммен бірлесе отырып ептілік пен дағдыға үйрету, оқыту ретінде  қарастырылады. Оқыту процесі әр түрлі педагогикалық негізде, яғни осы процесті едәуір тиімді, де  нәтижелі ететін оқу мен мұғалімнің күш жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде  құралады.

Мектепте оқушылардың сабақ кестесі күн тәртібіне сәйкес болуы қажет, оқу процесін ұйымдастыру барысында оқушы денсаулығы  барынша ескерілуі тиіс және оны демалу  кезеңімен  алмастырып отыру, оқушылардың денсаулығына мол әсерін тигізеді.

Оқытудағы сабақтың негізгі функционалдық мүмкіндігі оқушының еңбектенуі, олардың жалықпауы. Оқушының тез шаршауы, үлгермеуі берілген тапсырманың кең көлемде болуынан  байқалады. Осыған орай оқушыларды оқыту сабақ кестесін құру  барысын  осы талаптарға  сай келтірілуі  тиіс.

Сабақ кестесін құру  барысында негізгі гигиеналық талаптар ескерілуі тиіс. Қазіргі ғылыми зерттеу жұмыстары  бойынша  оқушылардың биоритмді жалықпауы – жұмысқа құштарлығы И.Г.Сивков кестесіне сай, сабақтың тек қиындығына қарап қоймай, оқушы денсаулығына  қанша күш түсіріп, оның шаршамауына әсер ететінін ескеру  керек. Бүгінгі күні ғалымдардың зерттеулері бойынша сабақ кестесін құрған кезде, міндетті түрде, оқушының денсаулығы ескерілуі тиіс. Оқу тәрбие жұмысының тиімділігі, дұрыс жан-жақты қарастырылган сабақ кестесімен  байланысты, сабақ кестесін жасау-ол жауапты да көп уақытты алатын жұмыс. Мектептің өмірін, оқушылардың, мұғалімдердің жұмысын, демалысын реттейтін ең бір құжат сабақ кестесі. Сабақ кестесін жасауға бірнеше талаптар қойылуы тиіс .

1) Мектеп бітірушілер  мен бірінші сынып оқушыларының  оқу жұмысы қиындығын есептей отырып, жас ерекшеліктерін аңғарып, сыныптарды ауысым бойынша дұрыс бөлу;

2) Күн тәртібі бойынша, оқу апталығының ішінде, барлық оқу жылы  бойынша, оқушылардың, мұғалімдердің  еңбек  қабілеттілігінің биік деңгейін сақтау;

3) Сабақ кестесін жасағанда есте сақтау керек: аптаның ең жемісті күндері сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сондықтан ең қиын сабақтар мен алтыншы /жетінші/ сабақтарды қоюға болады. Осы күндері бақылау жұмыстар да өткізіледі. Аптаның соңғы күндерінде, оқушылардың еңбек кабілеттілегі төмендеген кезде, сабақ кестеге жеңіл сабақтары қойылады;

4) Қиын пәндерді сабақ кесте бойынша бірінші және соңғы сабақ ретінде қоймауға тырысу керек: ең жемісті сабақтар — екінші,  үшінші, төртінші;

5) Үй тапсырмасы көлемді, көп дайындық пен уақытты талап ететін сабақтарды /әдебиеттегі шығарма жазу, тарих құжаттарын игеру, көркем әдебиет мәтіндерін / аптаның әр күндеріне бөлу қажеттілігі туады. Аптаның соңғы күндеріне 2-3 сағат бөлінген пәндерді/ география, химия, биология, т.б./ қою оқушы денсаулығына көп әсер етуіне байланысты олардың арасы  2-3 күн болу керек. Дүйсенбі күні кестеге 2 сағаттан оқылатын сабақтар мен жеңіл сабақтарды аралыстыру керек/ музыка, дене шынықтыру, сурет, еңбек/ екендігі ескерілген жөн;

Мектептегі сабақ кестесінің дұрыс құрастыруы оқушы денсаулығына көп әсерін тигізеді. Оқушылар арасындағы көп кездесетін аурулардың түрлері бірінші орында тыныс алу жолдары, екінші асқорыту, үшінші көру қабілеттері мен есту жолдары, осының бәрі  оқу процесінде ақыл — ойға әсер етеді. Мектептерде сабақтың ұзақтығы 45 минут, 1 сынып оқушыларының мектеп талабына бейімделу процесін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесін біртіндеп өсіру арқылы оқу сабақтарында «сатылай»оқыту тәртібінде қолдану қажет, қыркүйекте 3 сабақ әрқайсысы ұзақтығы  45 минуттан, екінші тоқсаннан 4 сабақ, әрқайсысы ұзақтығы 35 минуттан, сабақтардың арасындағы үзілістің ұзақтығы оқушылардың белсенді демалысының ұйымдастырылуы мен ыстық тамақтың берілуі ескеріле отырып белгіленеді.

Мысалы, бастауыш сыныптарға оқу процесін жүйелі әрі сапалы жүргізуде сабақ кестесінің дұрыс жасалауының айтарлықтай маңызы зор, сондықтан сабақ кестесін жасау кезінде оқушылардың психологиялық-физиологиялық, гигиеналық ерекшеліктері ескеріледі. Мәселен, дүйсенбі мен сенбі аптаның бірінші және соңғы күндері болғандықтан, кімге де болса ауырлығы ескеріліп, дене тәрбиесі пәні негізге алынуы тиіс. Сонымен қатар үзіліс арасында жасалатын дене жаттығулары баланың дамуы мен денсаулығына білім алуына, дағдыларды қалыптастыруда, оқушылардың денсаулығын, ақыл-ойын дамытуда, оқыту мазмұны мен оқу жұмысын дұрыс жолға қою арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың өміріндегі көп мезгілдердің бірін өткізетін, ол орта мектеп. Оқушы бойында ағзасының өсуі мен дамуы, биологиялық және әлеуметтік жетілуі байқалып, өмірге деген көзқарасы, шығармашылық және жемісті іс-әрекеттерге дайындығы қалыптасады. Мектепте оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын ұйымдастыру, мектептегі сабақ кестесі мен үзілістердің оқушы денсаулығына әсері мол екені ескерілгені жөн. Салауатты өмір салтын жүргізуде оқушыға жан-жақты әсер етуі, әдебиеттерге шолу, талдау жасау біздің педагогикалық тәжірибеміздің анықтауынша салауатты өмір сүру мына төменгідей ерекшеліктермен сипатталуы тиіс: оптималды қозғалыс режимі, жеке гигиена, тиімді тамақтану, оң эмоция. Денсаулық сақтау ортасын құруға бағытталған бағыт, оқу жүктемелерінің тиімді режимдерін ұйымдастыру, санитарлы-гигиеналық талаптарды сақтау, тамақтану, қозғалыс белсенділігін арттыру бойынша құралдар мен әдістемелерді әзірлеу. Мектепте оқушылардың бойында  салауатты  өмір салтын қалыптастыру барысында мына ұсыныстарды қабылдау қажеттілігі туады.

— Оқушының өмір салтына, денсаулығына көзқарасын арттыру;

— Оқушылардың дене және психологиялық саулығын арттыру мен нығайту;

—  Оқу мен сабақтан тыс уақытта жат әдістермен айналыспауын қадағалау;

— Жат, келеңсіз әрекеттер мен іс-қимылдармен күресе білуге үйрету.

— Алдағы уақытта өз бетінше салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бастауыш мектеп, №9 2009 ж.
  2. Бастауыш мектеп, №10 2006 ж.
  3. Биология және салауаттылық негізі, №1, 2008 ж.
  4. Н.А. Назарбаевтың жолдауынан, 6 ақпан 2008 ж.
  5. И. Г. Сивков. Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптардың мөлшері.

IMG-20131213-WA0007

IMG_1023

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *