Оқыту сапасын арттырудағы сынып ұжымының психологиялық ахуалы мен мотивацияның маңызы

                                 БҚО, Орал қаласы, №1 ЖОББМ
                   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                                                               Алипова Гүлназ

Семинар тақырыбы:    Оқыту сапасын арттырудағы сынып ұжымының психологиялық ахуалы мен мотивацияның маңызы
Мақсаты:    Үш деңгейлі курс барысында алған біліммен әріптестер арасында тәжірибе алмасу, білім сапасын арттыруда сыныптағы оқушылардың психологиялық жағдайының, оқушыны ынталандырудың қаншалықты маңызды екенін бірлесе түсіну.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:    Сынып  ұжымының ұйымшылдығы сыныптағы жайлы ахуал мен ұйымшылдық сезімінің негізі болып саналады деген қорытындыға келу. Сынып  және мектеп ұжымдарындағы жұмыс атмосферасын сүйемелдеу  үшiн тұлғааралық қатынастардың, мотивация, яғни ішкі және сыртқы уәждің  маңыздылығын бiлу.

Семинарда туындайтын негізгі идеялар    Сыныптағы тұлғааралық қатынас оқу  барысында  маңызды аспектінің бірі болып  саналады. Микроклимат топтағы әрбір тұлғаның көңіл күйін, топпен қанағаттанушылығын, қолайлылығын анықтайды. Бұдан басқа, сыныптың психологиялық атмосферасы нақтылы құндылықтарды қамтып көрсетедi және сыныптағы моралдiк сана және мiнез-құлықтың түрiн анықтауға көмектеседi.Сонымен қатар, мұндай өзара қатынас балаларды тәрбиелеуде  әдептік және адамгершілік құндылықтарды жоғарылатуға әсерін тигізеді.

Семинар барысы

1.    Топқа бөлу тренингі. «Айна»
Екі адам бір-біріне қарап тұрады, біреуі айна, екіншісі айнаға караған адам болады. Таңертең ұйқыдан тұрып, айнаға қарайсыңдар, жұмысқа шығып кеткенше жасайтын іс-әрекеттеріңді айнаға қарап көрсетеді. Сонда екеуі де куледі. Осы тренинг арқылы жағымды эмоциямен сабаққа кіріседі. Сол бойда күліп тұрған смайликтерді әркім бір-бірден алып кетеді. сол смайлик бойынша топқа бөлінеді.
2.    Тренингті қорытындылау
3.    «Сыныптағы писхологиялық ахуалдың маңызы»
Тапсырмалар

1 — тапсырма. Рөлдік ойын
Топтық жұмыс: Берілген қима қағаздардағы сөздерді қарап шығып, сыныпта сондай ахуал туындайтындай рольдік ойын дайындаңыздар.
Таратылып берілген қима қағаздардағы сөздерге байланысты сынып ахуалын (мұғалім және сынып оқушылары рольдік ойыны ретінде) көрсетіңіз.

Тапсырма 5 топқа:
Мұғалім — оқушылар
Суық – байланыссыз
Мейірімді – бірін-бірі қолдау
Сенім білдіруші – өз-өзіне сенімсіз
Ашулы –қарсылық білдіру
Әр топ берілген тапсырма бойынша мұғалім мен оқушы іс-әрекетін көрсетеді.

Талдау
Өзге топтар көріністердің қандай сипатта екендігін табады.

Бейнекөрініс

1.    Сыртқы уәж /бейнероликтен үзінді. Мұнда әкесінің баласы қиналған уақытта оған сенім білдіруі, қолдау көрсетуі, яңни сыртқы уәж туралы айтылады/

2.    Ішкі уәж
/»Менің атым –Қожа» фильмінен үзінді. Мұнда Қожаның саналы түрде өзін-өзі реттеуге тырысуы, яғни ішкі уәж туралы айтылады/

Талдау
Көрініс пен бейнеролик сипаттамаларын салыстыру, ұқсастықтарын табу, өзара байланыстыру.

Қорытынды

Жалпы сыныптағы оқыту сапасын арттыруда оқушылардың психологиялық көңіл-күйінің, өзара қарым-қатынасының, мұғалім немесе сынаптастары тарапынан артылатын сенім мен ынталандырудың, оқушының өзін-өзі реттеуге тырысуының маңызы туралы қорытындылау.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *