Оқыту үрдісінде топпен білім алудың тиімділігі

Мукатаева Гульмира Шариповна
жоғары деңгейдегі бірінші
санатты математика пәні мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы
Қазақ орта мектеп-интернаты КММ

Оқыту үрдісінде топпен білім алудың тиімділігі

    Алаш  зиялыларының «Ел ісін түзеуді, білім беру ісін түзеуден бас­тау керек» деп айтқаны бар. Сон­дықтан  Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан  халқына жасаған Жол­дауында жаңаша көзқарастағы мұғалімдердің қажеттілігі жайлы мәселе көтерген еді. Осы  мәселені іске асыру  мақсатында   Назарбаев Зияткерлік мектептері  ашылып, соның ішінде педагогикалық ше­берлік орталықтары да  құрылды. Педагогикалық шеберлік орта­лықтары Кембридж универ­сите­тімен келісімшарт жасау нәтижесінде, Кем­бридж университеті Қазақстан үшін 7 модульге  топтастырылған бағдарлама ұсынды. Бағдарламаны оқытуда  Лев Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағы» (Зона бли­жайшего развития) деген ұғымынша, «Айналы нейрон» деген пси­хо­логиялық зерт­теу арқылы  топтар бір-бірі­не қарап-ақ бел­сен­діліктері артып, ойлары жандана түседі  екен. Жа­қын арадағы  даму аймағы  деуіміз, бірінен-бірі үй­рену. Оқу­шылар  міндетті  түрде топтасып отырса,қарым-қа­тынастары нығайып, жақсы  білім алуға мүмкіндік туады. Жеке жұмыс жасалып, оны міндетті түрде жұптық жұмыс  ар­қылы талдайды, топта талқы­лай­ды, содан кейін барып қорғау­ға шығарады.

Оқушының сабақ үстіндегі әрекеті, ол  топтық және жұптық қызметін атқару. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы  сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді  ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу болып табылады.

Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:

-Оқу міндетін анықтау үшін сынап  топтарға  бөлінеді;

-Әр  топ тапсырманы орындайды  (не бірдей, не саралап, даралап берілген);

-Топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;

-Топтың  құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді; әр деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;

Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану

ғылыми тақырыптардағы  практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді

меңгеруде,ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл  түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түсетіні анық.Сабақ барысында модульдерді қолданып,  топтық жұмыс жасау нәтижесінде:   Оқушылардың жас ерекшілектеріне сәйкес оқыту және оқу: Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды орындауда, танымдылық қасиеті артады. Талантты және дарынды балаларды оқыту: Шығармашылық қабілеті толығынан ашылады.   Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану: АКТ-ны қолдана отыра , есте сақтау қабілеті артады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау:Қалыптастырушы бағасынан,жиынтық бағасы шығатынын түсінеді;  құрдастарын, өзін әділ бағалауға үйренді. Сыни түрғыдан ойлауға үйрету: Әр жауабын сыни ойлап талдауға дағдыланды, өз бетімен жұмыс жасауға үйренді. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:«Тұйық» оқушылар еркін сөйлейді,бір- біріне сұрақ қоюға, оған нақты жауап беруге үйренді. Оқытуды басқару және көшбасшылық: Дарынды оқушылар арасынан көшбасшылық қасиеті бар оқушы танылады.

Тапсырманы   орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, ойларын ашық айтуға үйрене отыра,олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды. Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз    “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Матеметика және физика журналы» ,1993 жыл

«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» (3 деңгей)

«Қазақстан мектебі»,1998 жыл

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *