«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулі бойынша қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу

raigulАстана қаласы
№56 мектеп-лицейі
Какарманова Райгүл Ғалымқызы
ІІ деңгей, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, «Жаңалық жаршысы» қауымдастығының жетекшісі

«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулі бойынша қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу.

… – Серіков, сен өте жақсы оқып келіпсің. Отыр. Бес.
— Саятов, сен жауап бере алдың. Бірақ сәл толықтырулар керек. Отыр. Төрт.
-Ринатов, сенің жауабың нақты болмай тұр. Отыр . Үш.
— Ықыласов, сен мүлде жауап бере алмадың. Отыр Екі.
Иә, біздің оқыту жүйеміздегі оқушы білімін бағалау көрінісі осындай еді.
Немесе, оқулықтан көшіріп, жауабын іздеп отырған оқушылар. Партаның шетіне шығып сабақ айтып, тақтаның алдында бір өзі тұрып жауап беретін оқушыларға бір өзгеріс керек- ақ еді.
Бұрын бағалау сабақ бергеннен кейін өтетін әрекет ретінде саналды. Қазіргі таңда бағалау сабақ беру мен зерттеудің ажырамас бөлігі екендігі анық.
Оқыту үрдісінің қалай өткенін анықтау үшін формативті бағалаудың маңызы зор екені сабақ барысында үнемі байқалып отырды. Дәстүрлі үлгіден шығып, жаңа оқыту әдістерін меңгеру керектігін, сезінетін уақыт жетті.
Бұндaй өзгеpiстеpдi iске aсыpу үшiн жaңa фоpмaцияның педaгогы қaжет.
Бiлiм беpудегi ескi мaзмұнның оpнынa жaңaсы келуде. Ол — бaлaғa оқу қызметiнiң субъектiсi pетiнде жүзеге aсыpылуы оpынды. Жaңa тұлғa оқушыны дaмыту жолдapы: өзiн-өзi өзектендipу, өзiн-өзi тaну, өзiн-өзi дaмушы тұлғa pетiнде қaлыптaстыpуғa бaғыттaлғaн.
Сонымен, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді сабақта қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа жетуге болатындығы айқындалды.
Мен деңгейлік курсты бітіргеннен кейін өзімді мектептегі білім беруді жетілдіруші, жаңа формациядағы мұғалімдерді қалыптастырушы ретінде сезіндім.Мектептің бастапқы ахуалын зерттеп танысқаннан кейін мұғалімдер арасында өткізілетін коучинг тақырыптарын анықтадым. Мектепте мұғалімдер арасында оқыту үшiн бaғaлaу модулiнiң тиiмдiлiгiн ұғынуда және мектепте бaғaлaу тәсiлiн пaйдaлaнуда қиындықтар мен кемшіліктер бар екенін білдім.
Мұғалімдерді топқа бөле отырып, «Қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері» тақырыбы бойынша өзін-өзі бағалау және өзара бағалауға арналған негізгі ережелермен үнемі таныстырып отырдым.
Бұл тақырыпта өткен алғашқы коучингтер кезінде мұғалімдер бағалау стратегияларын сабақ барысында орындалатын тапсырмалармен түсіндірсеңіз деген тілек айтқан еді.
Ол тапсырмалар 7 сыныптың «Қазақ тілі » пәні бойынша «Сөйлем мүшесін» тақырыбы бойынша құрастырылған төмендегі тапсырмалар болды.
1. Жұптарда өзара бағалау. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беріліп, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді тапсырды. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс екені ескертілді.

№ Мысалдар Қарамен жазылған қандай сөйлем мүшесі? Ол қай сөз табынан жасалған? Қандай сұраққа жауап береді?
1 Үшеуі сыртқа шықты.
2 Менің айтарым осы.
3 Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.
4 Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
5 Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады.
Оқушының кері байланыстағы сөзі: Менде баяндауыш тек етістіктен жасалады деген түсінік қалыптасқан еді. Осы тапсырманы орындау барысында жұптасым маған есімдіктің де, сын есімнің де баяндауыш қызметін атқаратынын түсіндірді. Жинақтық сан есімнің /үшеуі/ бастауыш қызметін атқарып тұрғанын өзім дәлелдедім.
2.Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау жайлы төмендегідей түсінік берілді. Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.
Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.
Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.

№ Тиісті орынға тек күрделі сөйлем мүшелерін қой Ол қандай сөйлем мүшесі екенін көрсет
1 Қазақстанның қазба байлықтары пайдаға асып жатыр . күрделі
2 Олар тұлпарлардың ең жүйрігін таңдап алды.
3 Олардың ерекше мызғымас татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр.
4 Ырыс алды – ынтымақ.
5 Мерей паңдана басып сахнаға шықты.

3. Топтардағы өзара бағалау
Оқушылар топтарға бөлінген кезде олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Топтыжұмыс кезінде олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:
Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?
«Үздік жауаптың» топтық идеясы.
Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?
4. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
Бұл жоғарыда сипатталған үлгілерді оқушылардың түсіндіру нұсқаларының бірі болып табылады және көп жағдайда олардан кейін бірден орындалады.
Оқушылар жұптарға бөлінеді.
Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады. Тапсырма:
1. Мұнартып тұрған таңғы нұрдан бүкіл тіршілік ояна бастады.
2.Кешке қарай орман ұйқысын ашып, сыр айтуға көшті.
3.Жапырақсыз қарағайлар сылаң қағып бой түзеді.
4. Гүлдер мен шөптердің нашар иісі танауыңды жарып барады.
Қалыптастырушы оқыту әдістерін қай кезде пайдалану керек.
Жұптардағы оқушылардың әрқайсысының әртүрлі үлгілері болады.
Оқушылар мыналарды табу үшін өз бетінше жұмыс жасайды:
Не дұрыс емес? Бұл неліктен дұрыс емес? Бұны қалай түзетуге болады?
Жұптағы әр оқушы өз үлгілеріндегі қателерді серіктесіне түсіндіреді.
Егер оқушы серіктесінің жіберген қатесін байқайтын болса, оны көрсетуге тиіс. Егер оқушылар қателерді байқай алмайтын болса, демек, олар өздерінің жұмыстарын тексере алмайды
Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды, сондай-ақ, оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі бағалау немесе өзін-өзі бағалауда өте белсенді болмаса да, олармен жұмысты тоқтатпау керек. Бұл оларға осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға мүмкіндік береді
Оқыту үшiн бaғaлaу тәсілін тәжipибеде қолдaнудaғы бipiншi бaсымдық оқушылapдың оқуынa көмектесу мaқсaтынa бaғындыpу болып тaбылaды.
Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:
Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.
Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.
Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер оқушы көсемшені есімшемен шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.
Кейбір оқушылар сыныптастарына немесе мұғалімге баға бергеннен гөрі, өзін-өзі бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді және жалпы алғанда тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады. Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады.
Міне, әр сабағымызда қалыптастырушы бағалаудың стратегияларын мақсатты түрде қолдана алған жағдайда , мақаланың басындағы дәстүрлі сабақ көрінісінен арылар едік дегім келеді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *