Педагогикалық іс-тәжірибемнің шеберлігі

ainashАтырау облысы, Исатай ауданы,  Аққыстау  селосы,  Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебі

биология-химия пәнінің мұғалімі

Сарсенова  Айнаш  Махтымбердіқызы.

Педагогикалық іс-тәжірибемнің шеберлігі

Өткен 2013-2014 оқу жылында қыркүйек айында  еңбек  демалысынан шыға сала мен үшін  қарбалас еңбек күндер бастала кетті. Осы кезде бірінші деңгейлік курсын  оқып жүрген шет тілі пәнінің мұғалімі Болған Қалиқызы тәжірибе кезеңіне келіп жатты. Сол кезден бастап коучинг, Lesson Stady, т.б. жаңа терминдер туралы алғашқы мағлуматтар ала бастадым.  Жаратылыстану бағыты бойынша  LS-зерттеу сабақтарын  менің сыныбыма, сол кезде 8 «гимназияға»  үш пәннен үш-үш сабақтан өткізіп  бастадық.  Мен биология пәнінен өткіздім. Нәтижесін көргенде қатты қуандым.   Оқушылардың пәнге қызығушылығының артқанын, сабақ қызықты өтіп жүргенін, оқушылар сабақты өздігінен де игере алатындығын, ал негізгісі  өз ойын ашық жеткізе алатындығын байқадым.  Оқу үрдісінде осындай өзгерістерді байқап, мен бұл әдіс тәсілдерімді одан әрі желілдіре отырып, басқа да сыныптарға қолдана бастадым.

Биылғы 2014-2015  оқу жылындада биология пәні бойынша оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып   6, 7  сыныптарыға  мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша  LS-зерттеу сабақтарын өткіздік.   Оқушылардың  «сабақ қызықты өтті, әсіресе маған осындай кезеңдері ұнады…» деген пікірлеріне іштей қуанып, алға қарай жұмыс жасауға белсенділігімді арттырды.  Алға қарайда сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деген тілегім бар.

Осындай өткізген сабақтарымның бір үлгісін  ұсынғым келеді.

 

Мұғалімнің аты-жөні

 

Сарсенова Айнаш

Махтумбердиевна

 

Жалпы білім беретін

Абай атындағы орта мектеп

6 «Б» сынып 23.01.15жыл 2- сабақ биология

кабинеті

Сабақтың тақырыбы      Қырықбуындардың құрылысы, көбеюі және дамуы.

 

Сілтеме  Биология 7 сынып. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқулова

 Биология   «Дидактикалық материалдар»

Ғаламтор

Жалпы мақсаты Қырықбуын өсімдігінің құрылысының ерекшеліктерімен, жаздық және көктемгі өркендерінің айырмашылығын түсіндіру.
Оқыту нәтижесі:
  • Тақырыпты өздігінен меңгереді
  • Бірін-бірі бағалауды үйренеді

Қырыбуындардың маңызы, құрылыс ерекшеліктері туралы  мағлуматтар алады. Жаздық және көктемгі өркендерінің айырмашылығын түсінеді.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Негізгі идея: Оқушыларды 1,2,3-ге дейін санау  арқылы топқа бөлу

       І. Қызығушылықты ояту.  «Қырықбуынтәріздес өсімдіктер әлемі» туралы бейнеролик.

Сұрақ: Не себептен «қырықбуын» деп атаған?

  1. Кубизм әдісі.
  2. Зерттеңіз.
  • Қырықбуынның құрылысының ерекшеліктері.
  1. Саластырыңыз
  • Көктемгі мен жаздық өркендердің құрылысының ерекшеліктері
  • Атқаратың қызметтері.
  1. Суреттеңіз
  • Қырықбуын өсімдігінің көбеюі мен дамуы.

Далалық қырықбуын —

Жазғы және көктемгі өркендер —

Спорофит —

Гаметофит —

Оқушылар ойын бойынша топқа бөлініп, тақырыпты меңгеруге топпен жұмыс жасап, постер құрастырады

Оқулықты пайдаланып, терминдерге түсінік жазады

Тапсырма:   Үй тапсырмасын тексеру.

1 тапсырма:     «Ой қозғау»      Тест тапсырмалары.

  1. Ең терең қабатында тіршілдік ететін балдыр?

А. Жасыл      Б. қоңыр           С.қызыл

  1. Ұлпалары болмай»тын, мүшелерге  бөлінбетін өсімді бөлігі қалай аталады?

А.ризоид      Б.Таллом     С.спора

  1. Қағаз өндірісінде пайдаланатын балдыр?

А. Кладофора               Б. ламинария          С. Хлорелла

  1. Біржасушалы балдырды ата.

А. Спирогира             Б.Улотрикс                    С. Хлорокок

  1. Мүктерді зерттейтін ғылым:

А. Альгология       Б. Бриология       С.  Ботаника

  1. «Көкек зығыры» деп нені айтады:

А. Шымтезек мүгі          Б. Жасыл мүгі             С. Қырықжапырақ

  1. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделген өсімдік

А. Қырық буын             Б.Қырықжапырақ                    Мүктер

      Жаңа сабақты бекіту. Биологиялық диктант.

Берілген сөйлемді аяқта .

  1. Қырықбуындар ………………. пайда болған (тас көмір кезеңінде)
  2. Қазіргі кезде плаун туысының ………. түрі белгілі (30-35)
  3. Қазіргі кездегі өкілдері ……… …………….(көпжылдық тамырсабағы бар шөптекті өсімдіктер)
  4. Қырықбуынның кең тараған өкіліне ………… (далалық қырықбуын) жатады.
  5. Қырықбуынның жыныссыз көбеюі ………… (споралар ) арқылы жүзеге асады.
  6. ………………. – түрі өзгерген жапырақ (спорофилл)
  7. Қырықбуынның ұшында орналасқан спорангийлер тобы …………… деп аталада. (бүр)
  8. Жасыл сабақтарын көп мөлшерде жинап , (дәрі-дәрмек) жасауға пайдаланылады.
  9. Ылғалдығы жоғары ……………… ……………. кездеседі. (қышқыл топырақта)

 

Қорытындылау. Зерханалық жұмыс.

Өсімдік аты
Өркені
Сабағы
Жапырағы
Тамыры
Көбеюі
Маңызы

І топ — қырықжапырақ

ІІ топ — қырықбуын

ІІІ топ — мүк өсімдігі

Тестті орындап болғасын интербелсенді тақтадағы жауаптар арқылы оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді.

 

 

 

 

Сұрақ қою тестіне жедел жауап жазады. А, В, С оқушылары жеке жұмыс жасайды

 

 

Топтарға берілген диологиялық диктантты бірге орындағасын, топ бір-бірін тексереді

 

 

 

 

 

 

 

Әр топқа споралы өсімдіктердің кеппе шөптері таратылды. Кесте бойынша сипаттама береді.

Сергіту сәті Жасыл мүк болса – бір қолымызды көтереміз

Шымтезек мүгі болса – екінші қолымызды көтереміз

Қырықбуын болса – екі қолымызды көтерімізде қол соғамыз

  1. Ақ мүк деп атайды. Шымтезек мүгі
  2. Сфагнум деп атайды. Шымтезек мүгі
  3. Тамырының орнына ризоид болады. Жасыл мүк
  4. Буын мен буынаралықтары көп. Қырықбуын
  5. Көктемгі мен жаздық өркендері бар. Қырықбуын
  6. Спирт, карбол қышқылы, балауыз өндіріледі. Шымтезек мүгі
  7. Аталық өсiмдiк көп жылдық, ал аналық өсiмдiк бiр жылдық болады. Жасыл мүк

 

Оқушылар

споралы өсімдіктерді ажырата біледі.

Кезекті оқу Қырықбуындардың  пайдасы мен зияны туралы іздену.

 

Үйге тапсырма алады
Бағалау  

Бағалау критериі жазылған парақша тарату.

Критерий арқылы жиынтық баға шығару,өздерін бағалау.
Қорытынды              БҮҰ  сратегиясы

 

Кері байланыс (Сұраққа жауап беріп қоржынға салып кетеді)

  1. Бүгінгі сабақта қандай өзгерісті байқадың?
  2. Қандай тапсырманы орындау сен үшін оңайға түсті?
  3. Қиындық келтірген тапсырма болдыма?
Оқушылар кестені толтырады.

 

 

Кері байланыс сұрақтарына жауап жазып қоржынға қалдырады

Сабақ бойынша рефлексивті есеп

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *