П дыбысы мен әрпі

pБҚО. Ақжайық ауданы
Бітік жалпы орта білім беретін мектебі
Даулетбаева Жанаргүл

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: п әрпі мен дыбысын таныту, оқи, жаза білуге үйрету.
Дамытушылық: п дыбысы қатысты жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың тілін, ойлауын  есте сақтау қабілетін дамыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқуға қызығушылығын арттыру.
          Тәрбиелік: п дыбысы қатысты  жұмбақ, мақал-мәтелді өлең шумақтарын, тілек сөздерді қолдана отырып кітап оқуға баулу, достыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, талдау-жинақтау,сұрақ-жауап, көрнекілік.
          Көрнекілігі: парта суреті, күн  суреттері, п дыбысының баспа және жазба әріп үлгілері, сөздер жазылған қағаздар.
          Көркем әдебиет құралы: өлең шумақтары, мақалдар, жұмбақтар, тілек сөздер қолданылады.
Жаңа технология: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
   1.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім тақтаға жаңа шығып келе жатқан күн суретін іліп, төмендегі өлең жолдарын жатқа оқиды:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, балалар,
Салем дейік үлкенге.
—         Салеметсіздер ме, апайлар! ( Оқушылар орындарынан тұрып дауыстап амандасады )
Мұғалім: -Балалар, бүгінгі сабақта адамның ең ақылшы досы туралы оқитын боламыз. Ал, сендер, бір-біріңмен доссыңдар ма?Жақсы доссыңдар ма? Қане, достық өлеңімен сабағымызды бастайық.
Оқушылар хормен:  Доспыз, бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге оқып сабақты,
Білімді ойға түйеміз.

1.     Өткенді пысықтау.
Мұғалім: — Балалар, өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?
—         Ү дыбысы.
—         Үй тапсырмасын тексерейік. Ү дыбысы бар сөздер ойлап, сөйлем құрап айтамыз. Дұрыс жауап берген оқушы алғысхатқа ие болады.
—         Ү  дыбысы қатысты өлең шумағын кім мәнерлеп оқиды?
Үстел берсең кіргенде,
Үлкен кісі есіктен.
Үлкен екен демей ме,
Үйренген ғой бесіктен.
Оқушылардың жауаптарын қорытып, белсенділік танытқан оқушыларды  алғысхаттармен ынталандыру.
2.     Жаңа дыбыспен таныстыру.
Тақтаға парта суреті ілінеді. Оқушылардан парта туралы білетіндері сұралды.«Партада оқушы отырады. Парта ағаштан жасалады. Оны фабрикада жасайды. Партаны күтіп ұстау керек.»
Мұғалім: -Парта сөзінде бізге таныс емес дыбыс қайсы?
-П дыбысы.
-Бәріміз бірге п дыбысын айтып көрейік. П-п-пы, п-п-пы.
Не байқадыңдар? П дыбысы қалай айтылып тұр?
-П дыбысы кедергімен айтылады. Сондықтан дауыссыз дыбыс болады.
Мұғалім : — П дыбысы еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша  кілт ашылуынан жасалатын шұғыл дауыссыз  дыбыс. Сөздің басында  да, ортасында да, соңында да кездесе береді.
П дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.
—  П дыбысы дауыссыз болғандықтан оны өтілген дауысты дыбыс әріптерімен достастыпып, буын құрайық. Па, по, пе пи, пі, пы.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің.
Келе  жатқан томпандап,
Көжегі екен өзінің.
3.     Жаңа сабақты бекіту.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Әр деңгейдің тапсырмалары  шаршы, жұлдыз, үшбұрыш, дөңгелекпен бағаланады.
       1-деңгей: Бағанда берілген сөздерді кезектестіріп оқыту.

қап       пішен      шопан        әріп       Талап
тап        пәтер       шапан        кітап       Жақып
Шапан, шопан, әріп, кітап сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасалады.
Сөздерді п дыбысының орналасуына қарай тиісті қорапшаларға салады.
П…                            ..п..                                      …п
     2-деңгей:«Кітап» мәтінін оқушылар кезектестіріп жүргізіп оқиды.
Кітап – білім бастауы.Кітапты оқи білу -өнер. Кітап- адамның ақылшы досы. Оны жұрт құрметтейді. Кітаптағы қызықты ертегі, әңгіме, өлеңдерді жазушылар, ақындар жазады. Суретшілер суретін салады.
Мәтінді талдау:
-Мәтін неше сөйлемнен құралған?
-Бірінші сөйлемді тауып оқып шық.
-Бірінші сөйлемде «кітап» сөзі қалай ерекшеленген?
-Неліктен?
-Үтір арқылы ерекшеленген сөйлемді тауып оқы.
-Үтірмен ерекшеленген сөздерді теріп айт.
-Неліктен үтір қойылды?
-Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
  3-деңгей: Тапқышбектің логикалық тапсырмасын орындау. Тірек суреттеріне қарай әр заттың жеке аты мен көп затты білдіретін атауларын үйрету.
дәптер- не?                   Кітап-не?                            Қарындаш-не?
дәптерлер- нелер?      Кітаптар- нелер?                 Қарындаштар- нелер?
    4-деңгей: мазмұнды сурет бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып ауызша әңгіме құрап айтады.Суретке ат қояды.
— Шәріп қайда тұрады? -Ол нешінші сыныпта оқиды?
— Шәріп қайда барады?  -Кітаптар қайда жиналған?
Сергіту сәтінде «Пойыз» ойыны ойналады.
4.     Дәптермен жұмыс.
Мұғалім:- Пойыз қандай жолмен жүреді? Рельс неге ұқсайды? Сендердің дәптерлеріндегі жазу жолына ұқсайды. П әрпін ауада жазып үйренейік.
« П кіші әрпін жазу үшін қаламды жазу жолының үстіңгі сызығына қойып төменгі сызыққа жеткенше тік қиғаш сызамыз, жанастырып жазып қайта жоғары көтерілеміз, оңға қарай доға жасап иіп тік қиғашпен төмен түсіп ілмектейміз»
Оқушыларды ілестіре отырып, жазу әдісі бірнеше рет қайталанады.
Мұғалім:    Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Бүгінгі өткен п әрпін
Көркем етіп жазайық,-деген өлең жолдары арқылы оқушыларды п кіші әрпін үлгіге қарап көркем жазуға даярлайды.
5.     Қорытынды.
Жұмбақтар жасырып, шешуін табады.
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. Ол не? (Доп)
Доп сөзіндегі п дыбысының орнына анықтап, қорапқа салады.

  1. Бір үйге көсіз боп басынды сұғарсың,

Бұл үйден көрген болып шығарсың.Ол не? (Мектеп)

  1. Іші толған әріпке,

Оқулықтың аты не? (Әліппе)

Мақалдар беріледі.

Кітап-асыл қазына.

Еңбек түбі – береке.

-Балалар, қай мақал біздің бүгінгі сабағымызға сәйкес келеді? Неліктен деп ойладыңдар?

6. Бағалау. Оқушылардың жинаған алғысхаттарын, үшбұрыш,шаршы, дөңгелек, жұлдыздарын санап мадақтау.

7. Үйге тапсырма беру:«Кітап»  мәтінін өз сөздерімен мазмұндау, 2 сөйлем жазу.

8.Сабақты аяқтау.

-Балалар, біздің күніміз әлі жарқырап шыға алмай тұр екен.Сендер достарыңа,мұғалім апайларыңа арнап жақсы тілектеріңді айтасыңдар күн де жарқырап шығар еді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *