Рақмет саған,Әліппе!

Ардак Сулейманкулова

Рақмет саған,Әліппе!

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Міне, біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы сүйікті «Әліппені» тәмамдады. 1 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Рақмет саған,Әліппе!»атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды екі-екіден шақыру. (Музыка ойнап тұрады)

1-жүргізуші:Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштасып,
Оқулықпен достаспақ.
Ой-білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған,
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

2-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!

1-оқушы : Ассалаумағалейкум, уа халайық!
2-оқушы :  Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.
соған жауап айтыңдаршы3-оқушы: Кешегі сәби балаңыз, (аяулым!
Жарады, міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
І бөлім. Осы біздер қандаймыз?
2 – оқушы: Мың бұралған бишіміз
3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз. Сәл еркелеу бұзықпыз.
4-0: Біз шеберміз ,Ақылдымыз
6-0: Үлкенге ізеттіміз ,Кішіге қамқоршымыз
7-0: Көп оқимыз ,Терең оқимыз
8-о: Өнерліміз ,Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
9-о:Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін
11. Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.
12. Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын. Сендер.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар,
Ол – сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! (Әліппе ортаға шығады)

Әліппе ортаға шығады:                               
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық! 

1 пират: Естідің бе, мына кітапта қазына, байлық бар екен!

2 пират: Тезірек алып қашайық! Іші толған алтын, ақша шығар. Бұл нағыз байлық! ( Қолындағы сандығын ашады. )

  • Пират: Мынау не? Әріптер, суреттер? Байлық қайда?
  • Пират: Қазынаны қайда тықтың?

Әліппе ханшайымы: — Сендер ақшаны, алтынды байлық деп санайсыңдар. Ол дұрыс емес. Нағыз байлық, қазына – ол кітап, оның ішіндегі мақал-мәтелдер, дана сөздер, ертегі, аңыздар. Егер сендер мына оқушыларды тыңдасандар, бәрін де өздерің түсінесіңдер.

  • Кәне, балалар, менен қандай мақалдар үйрендіңдер?


Мұғалім:
-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық
І-жүргізуші:Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
1-оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! ( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Мұғалімдер,ата-аналарға шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
1-Жүргізуші:

             Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Ата-аналар !
5-оқушы:«1» дегенім жаман баға,

Алады оны жаман бала.

 «2» дегенім нашар баға,

Інішегім нашарлама.

«3» дегенім орта баға,

Сапасы оның орта ғана.

«4» дегенім жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«5» дегенім үздік баға,

Оқиды оны үздік қана

 

Ән «Қош бол, құтты Әліппем!»
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырдың әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в…

Өзім оқып кітапті,
Жалынбадым ағама.
Қуанды апам оқудан,
Алған бестік бағама.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в…

Қош бол, құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестің сен.
Аяулы апам болып сен,
Айыбымды кештің сен.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в…

 

1-оқушы: Бар әріпті үйреткен            (Толғанай )
Міне, менің әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

2-оқушы: Бар кітапқа бас болған,(Жәнібек)
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

3-оқушы: Әліппем менің, Әліппем,(Аяулым)
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

4 ОҚУШЫ: Әліппем, менің әліппем,(АЙЫМ(

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Әліппе саған көп рахмет.

5-ОҚУШЫ:Бар әріпті үйреткен,

Міне, менің Әліппем.

Жақсы оқимын сабақты

Әріптерді танып мен.

6-ОҚУШЫ: Бар кітапқа бас болған,(ЖӘНІБЕК

Әліппе ғылым данасы.

Әліппеден басталған.

Даналықтың данасы.

7-оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты,)             ДӘУРЕН)

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған .

Рахмет,ұстаз алғашқы

4-оқушы: Әліппе – білім анасы,(Жаңабек)
Әліппе – кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?

Би «Айгөлек »қыздар тобы
5-оқушы: Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том- том болған кітаптың,
Басы болған Әліппем.

6-оқушы: Келгенде алғаш мектепке,(Айбар)
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны – Әліппе!

7-оқушы:Үйреткен адалдық,(Мерей)

Үсынғаны –адамдық.

Текті мінез даналық,

Бар ұстазға тілейміз………

Хормен:Бақыт,табыс,амандық!Рақмет саған,ұстазым»

Көрініс: Түлкі мен қоян 

 

4-оқушы:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
-Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы
-А, Ә, Б.
1-оқушы:
Алфавиттің А тұрады басында, (Дима)
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші.?
2-оқушы:
А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Б деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Көрініс: « Шалқан » ертегісі

8-оқушы: Енді біз жаза білеміз, (Толғанай )
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе!

9-оқушы: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат ашып тойладық.

10-оқушы Таныстырған 42 әріппен,(Азамат)
Қош бол, менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.

11-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,(Жібек)
                   Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

12-оқушы: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.

Ән«Әліппе»

Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айтасыңдар?
Балаларға ақ тілек,»(Нұралы(
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет!
Ән: «Қош бол, құтты әліппе!»

Барлығы: Қош бол, құтты Әліппе!
Бәріміз қол соғып, Ана тілін қарсы алайық! (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Әліппені қалай меңгерсеңдер, мені де солай оқыңдар.

Әліппемен қош айтысып қаламыз,(Жанерке)
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Би «Қара жорға»

Ән «Ата-ананы тыңдаймыз»

Ән.(Хормен)          Рақмет саған,Әліппе!

Алғаш рет қолыма ұстадым
Әліппені сыйлаған ұстазым.
Білім атты әлемге аштың жол,
Рахмет саған, Әліппе²,
Қош сау бол.

«Әліппе»!, «Әліппе»!,
Арналады бүгін жыр саған
«Әліппе»!, «Әліппе»!,
Алғысымыз шексіз бір саған!

Көмегіңнен өзіңнің, «Әліппем»,
Қырық екі таныстық әріппен.
Ең алғашқы білімді алдық мол,
Рахмет саған, Әліппе²,
Қош сау бол.

 

«Әліппе»!, «Әліппе»!,
Арналады бүгін жыр саған
«Әліппе»!, «Әліппе»!,
Алғысымыз шексіз бір саған!
Рахмет саған, Әліппе²,
Қош сау бол.

22-оқушы:«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

 

Мұғалім: Балалар, «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға,
Тілек айтар қонақтар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *