Реактивтік қозғалыс

Р

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Шабдаржап ауылы

Харькин жалпы орта білім беретін мектебі

Физика пәні мұғалімі

Сапарова Сәуле Қабдықалыққызы

еактивтік қозғалыс

Сабақтың мақсаты:

  1. Реактив қозғалыс туралы оқушылардың алған білімін кеңейту, ғарыш кемесінің қоршаған ортаға тигізер пайдасы мен зиянын ғылыми тұрғыдан түсіндіру.
  2. Пәнді оқыту барысында пайда болатын сұрақтарға жауапты әдебиеттен табуға болатынына көз жеткізу.
  3. Оқушылардың білім алу дағдысын және танымдық, шығармашылық белсенділігін дамыту.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

3.1.Ракетаның шығу тарихы туралы тілшілер сұрақтарына жауап.

3.2. Ракетаның құрылысы мен жұмыс істеу принципі бойынша тілшілер сұрақтарына жауап.

3.3. Қазақстан мемлекетіндегі ғарыш кемесіндегі жетістіктері және экологиялық проблемелары бойынша тілшілер сұрақтарына жауап.

  1. Тілшілер қорытындысы.
  2. Үйге тапсырма.

1 – жүргізуші: Дененің бір бөлігі қандай да бір жылдамдық пен одан бөлініп шыққан кезде пайда болатын қозғалысты реактивті қозғалыс деп атаймыз. Ракеталардың қозғалысы да реактивтік қозғалысқа жатады. Енді осы қозғалысқа ракеталық жылдамдық, ғарыштық техниканың дамуына байланысты «Орталық Қазақстан», (Заман), (Зерде), (Егеменді Қазақстан), (Жас алаш) газеттерінің тілшілері ғарышкерлер қалашығы Байқоңырдың ғарыштық техника бөлімінің өкілдеріне сұрақтарына қояды. Сөзді тілшілерге береміз.

1 – сұрақ: (Орталық Қазақстан) газетінің тілшісі. Мен реактивтік қозғалыс туралы бастамас бұрын ракетаның шығуы туралы білгім келеді.

Жауап: Физик – ғалым. Косманавтиканың негізін қалаушы Циолковский Константин Эдуардович өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап дирижабльдердің, самолеттер мен ракеталардың құрылысы мен мәселесімен айналысқан және ғарышқа ұшуға ракеталарды пайдалану идеясын ұсынған. Оның ракеталарға, ғарышқа ұшу жайындағы ұсынған идеялары бұрынғы КСРО және шетелдердің ракеталық және ғарыштық техникасын дамытуда үлкен әсерін тигізеді.

2- сұрақ: «Заман» газетінің тілшісі. Ең бірінші рет ғарышқа кім ұшты, кім ұйымдастырды?

Жауап: Физик – ғалым. Циолковскийдің идеясын академик С.П.Королевтің басшылығымен совет ғалымдары жүзеге асырды. Жердің жасанды серігі ракетаның көмегімен тарихта тұңғыш рет 1957 жылдың 4 қазанында бұрынғы Совет Одағында ұшырылды. Жердің жасанды серігімен ғарышқа сапар шеккен алғашқы адам Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин.

3 – сұрақ: «Жас алаш» газетінің тілшісі. Мен сұрақты конструктор жолдасқа қойғым келеді. Ракетаның құрылысы туралы айтып берсеңіз.

Жауап: Конструктор. Ракетаның құрылысы  плакатта сызылған. Сол бойынша түсіндіріледі.

4 – сұрақ. (Егеменді Қазақстан) газетінің тілшісі. Менің сұрағым инженер – зерттеушіге. Ракетаның ұшу жылдамдығы неге байланысты?

Жауап: Инженер – Зерттеуші. Импульстің сақталу заңы ракетаның жылдамдығын табуға мүмкіндік береді. Алдымен отын жанғанда пайда болатын газ ракетадан, біртіндеп емес, түгелдей атқылап шығады дейік.  Ракетада жанып жатқан газдардың ағысын артқа қарай лақтырып реакция күшінің арқасында алдыға қарай ұшады. Реактивті ұшақта осылай ұшады.

5 – сұрақ: (Орталық Қазақстан) газетінің тілшісі. Менің  сұрағым Космонавт – ұшқышқа.  Ғарыш кемелерінің жетістіктері туралы айтсаңыз.

Жауап: Космонавт – ұшқыш. Советтік ракеталар бірінші болып Айға жетті, 1 – ші болып Айды айналып шықты  және оның жерден көрінбейтін бетін суретке түсірді. Алғашқы болып  Шолпан планетасына жетті және оның бетіне ғылыми аспаптарды орнатты. 1986 жылы екі рет советтік ғарыш кемесі Вега – 1 және Вега – 2 Күнге – 76 жылда 1 – рет жақындайтын Галлей кометасын жақын қашықтықтан зерттеді. Ракеталар адамзат тарихында тұңғыш рет адамды аспан денесінің бетіне жеткізді. 1969 – 1972 жылдары американ астронавтары 6 – рет ұшып барып, оның бетіне 3 тәулік болып қайтты.

6 – сұрақ. (Егеменді Қазақстан) газетінің тілшісі. Сұрақты химик – технологқа қойғым келеді. Осы ғарышқа ұшу сапарында қандай отын түрлері қолданылады?

Жауап: Химик – технологқа. Қазіргі уақытта космонавтикада двигательдің термохимиялық түрі қолданылады. Отынды қатты сығу барысында, отын қатты ысыған газға айналады. Бұл отын двигательдің химиялық энергиясына айналады. Термохимиялық ракета двигателі сұйықтық және қатты болып екіге бөлінеді. Ракетаға қолданылатын отын түрлерінің  бірі – керосин. Оның 1 кг – ын жағу үшін 2,56 кг оттегі жұмсалады. Ракета орындарының негізгі элементтеріне көміртегі мен сутегі кіреді.

7 – сұрақ: (Зерде) журналынан. Атмосфераға шыққан кезде қандай физикалық құбылыстар байқалады?

Жауап: Ұшыру бөлімінің бастығы. Орбитальді ұшу кезінде Жердің жасанды серіктерінде кинетикалық және потенциалдық энергия қорының көп болатыны байқалады. 200 км биіктікпен шеңбер бойымен спутник массасының әр килограмында кинетикалық энергия Е= 3,033 * 10 дж, потенциалдық энергия Е= 3,224 * 10 дж толық энергия Е= 3,224 * 110 дж болады. Жердің жасанды серігі атмосфераның тығыз қабатына белгілі жылдамдықпен кірген кезде оның алдыңғы бөлігін ауаның қарсы бағыты қатты сығады. Бұдан қатты толқын пайда болады. Ол ауаның жұқа қабатында тығыздық қысым, температураның бірден көтерілуінен спутниктің алдыңғы бөлігі мен қатты  толқын аралығында температура 6000 – 80000С дейін жетеді, кейде Күннің жоғары қабатының температурасымен бірдей болады. Мұндай температурада қатты заттың ешқайсысы, не қатты, не сұйық күйде қалмайды. Спутник жанып кетпеуі үшін жылулық қорғанысына ерекше көңіл бөлу керек. Космос корабліне оралатын космонавтар кабинасының жылулық қорғанысын, кабина ішіндегі температурасының қалыпты жағдайда болуын қадағалау керек.

8 – сұрақ. (Заман) газетінен. Аппараттың сыртқы қабаттары қандай материалмен қапталған?

Жауап:  Ұшыру бөлімінің бастығы. Ыстық өткізбейтін төзімді металдар мысалы: вольфрам, тантал, молибден, гавний, хром, ванадий және т.б элементтер.  Олардың электр өткізгіштігі мен тығыздығы үлкен болады. Қаптау үшін жеңіл, ыстық ұстаушы материалдар болуы керек.

9 – сұрақ. (Зерде) журналынан. Қандай отын түрі, ракета сынықтары болмасын айналамызды  қоршаған ортаға әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты қандай экологиялық проблемалар бар?

Жауап: Эколог. Экологиялық дағдарыс бүгінгі таңда жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік проблемаға айналды. Қазіргі кезде биосфераның аса көп мөлшерден тыс әртүрлі улы газдар және химиялық элементтермен ластанғаны байқалып отыр. Жыл сайын атмосфераға 50 млрд. текше метр көмірқышқыл газ, 1 млн. тонна қорғасын қосылыстары,  145 млн. текше метр күкіртті газ, 250 млн. тонна шаң – тозаң және молибден араласады. Табиғи газ шығатын жерлерге космос кораблі арқылы зерттеу жүргізгенде дүние жүзінде біздің елде жанып жатқан газдардың көп екенін байқалған.

Тілші: Біз бір топ газет тілшілері ғарышкерлер қаласының өкілдеріне уақыттарын бөліп келгені үшін рахметімізді айтамыз.

Жүргізуші: Біздің газет тілшілерімен бірге өткен пресс – конференциямыз аяқталды. Көп рахмет!

4 – бөлім. Редактция.

Тілші: Біз ғарышкерлер қалашығы Байқоңырдан оралдық онда ғарыштың техника бөлімінің бір топ өкілдерімен кездесу өткіздік. Біз онда реактивтік қозғалыс туралы мәліметтер мен фотографиялық материалдар алдық. Импульстің сақталу заңының практика жүзінде қолданылатын қызықты, әрі маңызды орны реактивтік қозғалыс.

Импульстің сақталу заңы ракетаның жылдамдығын табуға мүмкіндік беретінін білдік. Ракеталарды  Жердің жасанды серіктерін, ғарыш кемелерін ұшыру үшін және олардың ғарыш кеңістігіндегі қозғалып жүруі үшін қолданылатынын білдік. Қажет болғанда ракетаны тежеуге болады. Ғарыш сапарын аяқтап, Жерге қайта оралу үшін кеме жылдамдығын азайту керек. Ракетаның сопласынан газ ракетаны  ұшу  бағытымен атқылайтын болса, онда ракетаның жылдамдығы кемиді.

Космонавтикалық викториналар

  1. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды?
  2. Космонавтиканың негізін қалаушы кім?
  3. Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды?
  4. Айға «Луна — 2» ракесы қашан ұшырылды?
  5. Космодром қай жерде, аты қандай?
  6. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты?
  7. Бірінші рет қай жылы ғарышқа әйел ұшты?
  8. Ғарышкерлер қандай ғарыш кемелерімен ұшты?
  9. Ғарыштағы ғылыми және техникалық зерттеулер жүргізілетін орбиталық станция?
  10. Ғарышқа 3 рет ұшқан ғарышкерлер кімдер?
  11. Ғарышқа ең жас ұшқан ғарышкер кім?
  12. Қазақстан ғарышкерлерін ата.
  13. Ғарышқа 5 рет ұшқан ғарышкер кім?
  14. Ғарышқа ең ұзақ уақыт ұшқан ғарышкерлер кімдер және олар қанша күн ұшты?
  15. «Интерғарыш» бағдарламасын жүзеге асырған шет елдердің ғарышкерлері кімдер?

Жауаптары:

  1. Галактика
  2. К.Э.Циолковский
  3. 4 қыркүйек 1957 жыл
  4. 12 қыркүйек 1959 жыл
  5. Қазақстанда, Байқоңыр
  6. 12 сәуір 1961 жыл Ю.Гагарин
  7. 16 шілде 1963 жыл В.Терешкова
  8. Восток, Восход, Союз, Союз – Апполон, Прогресс, Союз – Т, Союз – ТМ
  9. Салют
  10. В.Ш.Шаталов, А.С.Елисеев, Г.М.Гречко, В.В.Коваленок, В.В.Горбатко, Л.И.Попов, В.В.Рюмин, В.Н.Кубасов, Н.Н.Рукавишников, П.К.Климук, А.А.Волков, Л.Д.Кизим, Ю.В.Романенко, В.А.Ляхов, А.П.Савиных.
  11. Г.С.Титов – 25 жыл
  12. Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев
  13. В.А.Жәнібеков
  14. 366 күн, В.Г.Титов пен М.Х.Манаров
  15. Т.Стаффорт (АҚШ); В.Грант (АҚШ); Д.Слейтон (АҚШ); В.Ремек (Чехия); М.Гермашевский (Польша); З.Иен (Германия); Г.И.Иванов (Болгария); Б.Фаркаш (Венгрия); Фам Туман (Вьетнам); А.Т.Мендес (Куба); Ж.Л.Кретьен (Франция); Р.Шарма (Индия); Франц Фибек (Австрия); Ж.Гуррагча (Монголия); Д. Прунариу (Румыния); М.А.Фарис (Сирия); Клаус – Дитрих Фладе (Германия); М.Тонини (Франция); Х.Шарман (Ұлыбритания); А.А.Моманд (Ауғанстан) және т.б.

 

Жүргізуші:Реактивтік қозғалысқа арналған пресс – конференция сабағымыз осымен аяқталды.

5– Бөлім. 

  1. Оқушылардың барлығы бағаланды.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *