Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Арқалық қаласы

  Восточный селосы

Восточный жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:

 Шильдебаева  Жетпискул Бейсовна

 Баяндама тақырыбы: «Сабақта оқушылардың шығармашылық   

  қабілетін дамыту»

     Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

    Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.

Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, спапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.    Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір  сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын,оларды  сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылып отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі таныуына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп,   қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Оқушының оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі- бұл жылдар бойы көптеген ғалым- психологтардың, педагоктардың, практик мұғалімдердің арасында пікірталас тудырып келе жатқан және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселе.

Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты- бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы  ерекше. Қазіргі танда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздардың алдына тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласына белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.

1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2.Жүйелі түрде шығармашылық  әрекет жағдайда болу;

3.Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз- оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оған байланысты  «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы мақсатым- оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптасуына жол ашу шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір қиын ,терең ісі- деп атап көрсете келе, мұғалім баланы ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар.»

Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру;

Шығарма ,шағын әңгіме құру;

Сөзжұмбақ құру, шешу;

Қиялдау арқылы сурет салу;

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

«Шығармашылық»  сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлан табу» дегенде келіп сыяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық,ашатын іс-әрекет»- деп түсіндіріледі. Өйткені әрбір жаңалық,  әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтерем деп есептейді. Ол пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келумен көңілге қонымды. Соңғы жылдары «Шығармашылық» сөзімен  «жаңалықпен» қатаң  «бастамалық, белсенділік ұғымдары» астарлас қолданылып жүр.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту жалпы шығармашылық үрдістің пайда болуына шарт түзуден басталатыны белгілі. Кейінгі кездерде оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылығын дамыту технологиясы, білім және тәрбиелеу технологиясы деген ұғымдар туындап қалыптасып келеді. Оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастыруда осы үрдістің психологиялық тетіктермен педагокикалық әдістері жан-жақты талданып, зерделеу мәселесін шешу ілігі туындайды. Шығармашылық ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы адамдардан балалардан жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады.

Дарындылық пен талантылықты синоним ретінде қолданып жүрген авторларда кездесіп қалады. Негізінде талантты арнайы іс-әректте жоғары дәрежесімен сипатталады. Шығармашылық- бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына айналысатын ісіне байланысты.

Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның «әрекет» ұғымымен тығыз байланысты екені анықталады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтас ұғымды  құрайды. Шығармашылық өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Оқушылардың шығармашылық процестерінің әр кезеңінде әртүрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәтте шығармашылыққа деген күдік шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жату мүмкін. Дегенмен тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды.  Оушылардың шығармашылығын дамытудын тиімді жолы белгілі бір нәтиже алуға бағытталған тұлға.

Шығармашылық тапсырманы шешімін жобалау арқылы ойлау амалдарын ұйымдастыру оны тиімді шешудің бір жолы. Оқушылардың шығармашылық ісмерліктерін дамыту олардың сын пікірін қалыптастырумен тығыз байланысты. Білім беру мектептен басталады. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу материалы терең ұғына білуге баулу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.

Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс- тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі. Мектеп жасындағы оқушыларды технология пәніне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттер болып табылады. Технология пәні адамның өз ортасынның әсемдігін түсінуге, эстетикалық талғамның дұрыс қалыптасуына жол көрсететін алғашқы қадам. Ол адамның ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемділікке үйретеді. Өмірде кездесетін келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншелікке баулиды.

Технология пәні орта мектептерде алатын орны ерекше. Әрбір оқушы технология пәні арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың әдемілігін көріп сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді.

Қорыта айтқанда оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *