Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев

абайҚызылорда облысы

Арал ауданы, Шижаға ауылы

№57 Е.Көшербаев атындағы орта

Төлебаева Светлана

Тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев

Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету; адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу; көркем мәтіннен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, қорытындылау.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

-Бүгінгі  сабақтарыңа  тілектерің :Сабағымыз  сәтті  өтсін,

Алар  бағамыз  «бес» болсын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Орындалған арман. Спандияр Көбеев   Оқытып, түсінігін  сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әр  топқа   сұрақтар  таратылып , жауап алу.          І топ :Спандияр Көбеев кім ? Ол туралы не білесің ?                                                           ІІ топ : Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр ?   ІІІ топ : Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады ?                                                        ІV топ : Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді ? Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті ?                                                        Қорыту :Болыс пен байлардың  әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады ?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Өткен  сабақпен  байланыстыру:                                                 1. Қандай  тарауды  оқып  жатырмыз ?    ( Жарық  жұлдыздар )

2.Суреттен  кімдермен  танысқанымызды  еске  түсірейік ? ( М. Жұмабаев ,Ы . Алтынсарин , С . Көбеев )

Олай  болса  тақтаға  қарайық  , оқып , еске  түсірейік.                                                                2. Жаңа сабаққа даярлық. Интерактивті тақтадан   оқу.

«… Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс — көнсеңіз»

  • Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған ?
  • Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі ?
Абайдың Энциклопедиясы, өлеңдер жинағы бар

Дәптермен  жұмыс: Абай  туралы  білетіндерін  жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты —  Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін  Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

3.Абай Құнанбаев туралы қосымша мәлімет:

Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан , әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.

4 топқа тапсырма

1 – тапсырма .

І топ – «Абайдың өлеңдері»  (еске  түсіру )

ІІ топ – Абайдың 31-ші қарасөзін оқып, түсінгенін айтады.(Өзім  беремін )

ІІІ топ — Абай аудармаларынан «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсетуге әзірлену (еске  түсіру )

ІҮ топ – Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» немесе «Көзімнің  қарасы» әнін орындау

-Олай  болса , бүгінгі  сабағымызда   …

Ү. Жаңа сабақ: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев.

Өлеңді  мәнерлеп , жатқа  оқу

Сөздік  жұмыс: алауыз – береке – бірлігі  жоқ , Күндейді – қызғанады , Мертігеді – бір  жері  сынады , шығады . Міндейді – мін  тағады , жамандайды.

-Өмірмен  байланыстырып  түсіндіріп  өту.

2 – тапсырма.  Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, әр  топқа  парақшаға жазады.  Яғни , қарама – қарсы  мағыналы  сөздер  жазу.

«Сабырсыз , арсыз , еріншек »

Жағымды                                Жағымсыз

Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы,                              Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар,            білімді, ақылды …                                                                 жалмауыз, алауыз,…

 

« Ғылым  таппай  мақтанба »

 

 

Талап , еңбек , терең  ой , қанағат , рақым …      Өсек , өтірік , мақтаншақ , еріншек ,

бекер  мал  шашпақ …

 

Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.

ҮІ Оқулықпен  жұмыс : тізбектей  оқыту.

ҮІІ.Түсінгендерін  сұрақтар  арқылы  бекіту. «Мен  бүгінгі  сабақтан  нені үйрендім ?»

ҮІІІ.  Қорыту.   Абайдың  бір  өлеңін  хормен  айтып  аяқтау

ІХ.  Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу      82 — бет

  1. Бағалау.

 

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *