Салауатты өмір салты-дені сау ұрпақ тәрбиелеудің басты бағыты

Астана қаласы

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

  Болат Жандос

Салауатты өмір салты-дені сау ұрпақ тәрбиелеудің басты бағыты

«Адам шыр етіп өмірге келген кезден бастап  сол ортаға қалыптасып, сол ортаға қалыптасады. Сондықтан адамға  ең  әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Ұлттық тәрбие деген тіркестің өзі – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Өйткені нағыз қазақ ол – тек қазақтың салт-дәстүрімен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азамат. Қазақ халқының бойында Жер жүзінде теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қонақжайлылық сияқты адами қасиеттер бар.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады.

Салауаттылық — ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де  салауатты өмір салтына жатады.

Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.

Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі…» – депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу болса соның негізгі бөлігіспортпен шұғылдану болып табылады.

Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс уақыттағы  әр түрлі іс шаралар өткізу спорттық ойындармен үйірмелерге оқушыларды көптеп қамтылса оларды дені сау ширақ азамат болып қалыптасуына  берер әсері өте зор  болып табылады.

Салауатты өмір салты — адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей

байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық

адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:

— Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;

 

 

— Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;

— Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана

сүйену;

— Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының

әсерін білу;

— Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты

туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;

— Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз

қалыптастырып үнемі пайдалану;

— Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін

дайындау.

Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс.Мұғалім мектептегі басты тұлға.Қай мектептің болсын нәтижелі,жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне,көзқарасына тікелей байланысты.Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол бола-шаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды,жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық — салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін,оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат,міндеттердің ең бастысы өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.

Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл әдістегі бағдарламалардың желісінде «Намыс дода», «Дарабоз», «Толағай» атты спорттық,ұлттық ойындар сайысын сыныбымда және сынып аралық топтық сайыс түрінде өткіздім. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді.Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт қайратты қажет етіп,өмірге құштарлықты арттырады.Яғни,өмірді сүйіп өмірді қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі өзекті мәселелер бүгінгі келеңсіз тенденциялармен анықталады.Мектептерде өткізілетін әртүрлі ұлттық ойындар мен сайыстар оқушының  спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып денебітімінің дұрыс қалыптасуына  дені сау ұрпақ тәрбиеленуіне берері үлкен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *