Сан есім туралы түсінікті пысықтау.

 
№147 орта мектептің

Қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі 

Балова Әсел Ертайқызы.
Cабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінікті пысықтау.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сан есім туралы білімдерін тиянақтау.Олардың түрлерін дұрыс ажырата білу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас,ойын сабақ.
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану,математика.
Сабақтағы әдіс-тәсілдер: Психологиялық тренинг,тест тапсырмалары, сөзжұмбақ шешу,шығармашылық жұмыс,логикалық тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық топшамалар,ойын түрлері,тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг.
«Күн шуағы»
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
Үй тапсырмасын тексеру.35-жаттығу тексеріледі.Ребусты шешіп,жауабын қатыстырып сөйлем құрап айту болатын.
Ережелер сұралады. «Шабандоз» ойыны арқылы сұралады.
Сан есім дегеніміз не?
Сан есімнің қандай түрлері бар?
Реттік сан есім дегеніміз не?
Есептік сан есім дегеніміз қалай жасалады?
Ішінде сан есімі бар сөйлем құрап айт.
Сан есім қандай сөз табымен байланысады?
Есептік сан есімге қандай жұрнақтар жалғанады? Әр топтан шыққан шабандоз жауап беруіне қарай ұпай алады.
Өтілген материалдарды пысықтау.
Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
Біз қандай сөз таптарымен таныстық?
Зат есім дегеніміз не?
Сын есімге анықтама бер.Етістік нені білдіреді?
Жаңа сабаққа дайындық
«Сан есім» сөзжұмбағы
1.Ине бел,қылқа мойын,қара батыр.
Қара тауды арқалап бара жатыр.(құмырсқа)
2.Сырты жасыл,қап қатты,Іші қызыл тәп-тәтті.(қарбыз)
3.Ол күнді күзетеді,(күнбағыс)
4.Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім. (көбелек)
5.Жылт-жылт еткен,жылғадан өткен. (су)
6.Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін. (кірпі)
7.Қара үңгірде қара тас,
Жанғанда бетті қаратпас. (көмір)
Жаңа сабақ.
Сан есім және оның түрлеріне тоқталып өтемін.
Сан есімнің түрлері:   Бөлшектік,Есептік,Реттік,Болжалдық,Топтау,Жинақтық
36-жаттығу дәптерге орындалады. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жазу. Сан есімдерді тауып,олардың қандай сөзбен байланысып тұрғанын айту.
«Адасқан әріптер» дамытушылық ойын.
Өздік жеке жұмыс. Әріптер арасынан сан есімдерді тауып алу.Түрлеріне қарай ажырату.Сұрақ қою.
37-жаттығу ауызша талданады.
Мәтінді оқып,сан есімдерді тауып,олардың қайсысы заттың санын,қайсысы ретін білдіріп тұрғанын айту.
Шығармашылық тапсырма.
1……..атасын білмеген жетесіз.
2.Қызға ………үйден тию.
3…….. жасар бала алыстан   келсе,Алпыстағы қария сәлем берер.
4…….түгел болса төбедегі келеді.
5.Білікті………жығар,Білімді мыңды жығар.
6.Ер жігіттің……… сөйлегені-өлгені.
7…….рет өлшеп, ……..рет кес.
Сабақты қорыту.
Кім жылдам? Кім тапқыр? Кім жүйрік
Үйге тапсырма:   39-жаттығу.Оқушыларды бағалау.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *