Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Мазмұнға байланысты:

Мәтіндерді талдау арқылы  қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының тәуелсіздік үшін күрескен ерен ерліктерін айтып, өзіндік пікірлерін қалыптастыру.

Топқа байланысты:

Ойларын салыстыруға, талдау барысында өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау жасап, топта жұмыс жасауға бағыт беру.

Сыни ойлауға байланысты:

Салыстыруға, пікірлерін шығаруға, қорытынды  шығаруға, Томирис, Спитамен, сақ жауынгері Шырақтың ерлігін , тарихта алатын орнын  бағалауға үйрету.

Күтілетін нәтижесі:

  1. Оқушылар сақтар туралы мәліметтерді өздері іздеп, жинақтап келеді.
  2. Батырлардың ерлік істеріне деген құрметтері артады.
  3. Соғыстың халыққа зиян екеніне көз жеткізеді.
  4. Топта, жеке, жұпта ой алмасады.
  5. Сабақтан алған әсерлерін эссе түрінде жазып білдіреді.

 

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру:

 

Үйге берілген тақырып «Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы»  мазмұнын «Куббизм» стратегиясы арқылы қаншалықты меңгергенін тексеру.

  1. Суреттеңіз (сақтардың тұрмысы мен шаруашылығын жағынан өзімізге таныс жағдайларды кездестірдіңдер ме?Болса,қандай?)
  2. Салыстырыңыз (сақтардың басқа тайпалардан ерекшелігі)
  3. Қолданыңыз, ойыңызбен байланыстыру (мақал-мәтел, өлеңдер)
  4. Зерттеңіз (қол өнер кәсібі, көне жәдігерлер туралы зерттеу)
  5. Саралаңыз (баға беру, ойыңды жеткізу)
  6. Талқылаңыз, қарсы шығыңыз (Сақтар туралы қандай тың деректермен таныстыңдар?Сақтарды қандай халық деп бағалайсыңдар?Қазақ халқына ұқсас жерлерін кездестірдіңдер ме?)

 

  1. Жаңа білімге дайындық:

Сақтар туралы мәліметтерден түйінділеріңді білдірсеңіздер?  «Тәуелсіздік» ұғымын қалай түсінесіңдер? (ассоциация стратегиясы)

 

 

 

Сақтар
Тәуелсіздік

 

 

 

 

 

 

 

  • Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Осы бір құдіретті сөзге көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.
  • Тәуелсіздік жолында біздің аға-апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті.
  • Олар кімдер? Білеміз бе?(М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Сәбира Мұхамеджанова)

Осындай ержүрек, қайраткер, батыл қолбасшылар сақ тайпаларында болған. Олар ел тәуелсіздігі үшін күрескен.

ІІ. Мағынаны тану:

  1. Жаңа білімді игеру мәтінмен жұмыс

– жеке оқу

– топта талқылау

-жеке ортаға шығып айту

І- топ                                        ІІ- топ                                          ІІІ- топ

Томиристің ерлігі                Шырақтың ерлігі                       А.Македонскийдің жорығы

Тақырыптың ішінен кездескен жаңа сөздерді дәптерге жазу.

Помпей Трог- Рим тарихшысы

Томирис – сақ патшайымы

Шырақ- сақ жауынгері

І Дарий- парсы патшасы

Спаргапис- Томиристің ұлы

Полиэн-грек тарихшысы

Александр Македонский- ұлы грек қолбасшысы

Спитамен – сақ жауынгері

Бехистун жазуы- сына жазуы.

 

5.Білімді тұрақтандыру

Осы оқиғалардан кейін қандай әсер алдыңдар?Қазақтың Әлиясы мен Мәншүгін,Ләззатын,Ерболы мен Қайратын осы Томирис пен  Шырақтың заңды жалғасы деп айтуға келісер ме едіңдер?

«ВЕНН»  диаграммасы арқылы сақтар және қазақтардың тәуелсіздік үшін күрестерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтып диаграмманы толтыру.

ВЕНН диаграммасы

 

     Сақтардың

тәуелсіздік үшін

күресі

1986 жылғы қазақтардың

тәуелсіздік үшін

күресі

Ұқсастығы

 

Ой толғаныс

6.Жаңа материалды бекіту және оқушылардың білімін бағалау

М

Мен «ержүрек сақ жауынгерімін» тақырыбы бойынша эссе жазу

  1. Томирис
  2. Шырақ
  3. Спитамен
    1. Жеке оқу
    2. Топта талқылау

 

Сабақты қорытып,  мінекей , балалар, біз бүгінгі сабақта жалпы сақ деген тайпамен таныстық.Сақтардың еркін,ержүрек,батыр да батыл,данышпан, бір сөзді, тәуелсіздікті жоғары бағалайтын халық болғанын білдік.Ал сақтар біздің,яғни қазақтардың арғы тегі.Қазақ халқы да талай ғасырлар бойы ерлікпен күресе жүріп,елін, жерін жауынан сақтап қана қоймай,киелі тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр.Биыл Тәуелсіз ел атанғанымызға  21 жыл толғалы отыр екен. Сол тәуелсіздігіміздің  символы ретінде  біз алтын адам мен қанатты барысты ,елтаңбамыздағы қанатты пырақты, арқарды бекерге алмадық.Өйткені біз сақтардың ұрпағымыз.Сақтардың рухы елімізді әлі талай биік белестерге ,талай жеңістерге жетелейтіні анық.Соның бір ғана мысалы  келешекте  Астанада өтетін ЕXPO-2017 көрмесі .Бұл көрме Қазақ деген халықтың атын айдай әлемге тағы бір мәрте паш ететіні анық.  Елімізді осындай  дәрежеге жеткізіп отырған  елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы да салиқалы саясатының арқасы екендігін де ерекше айта кетуіміз керек.

Балалар, осындай елімізбен,  осындай құнды мәдени ескерткіштерімізбен мақтанайық, бағалайық дей келе сабағымызды еліміздің Әнұранымен аяқтауға шақырамын.

ӘНҰРАН

7.Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеңі.

  1. «Мен ата-баба тарихын құрметтеймін» тақырыбында «Ойтолғау» жазу
  2. Сақ тайпасы туралы мәліметтер тауып, оқып келу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған