Сезімге толы сырлы қоңырау

Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Сарыөзек орта мектебі МДШО
Мұғалім Кокенова Айбота Асқарқызы
Тақырыбы: Сезімге толы сырлы қоңырау !
Жалпы мақсат: Мектеп қабырғасында өткен 11 жыл туралы сыр шерте отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту, егемен елімізідің тәуелсіз азаматын тәрбиелеу.
Нәтижесі: 11 жыл бойы бірге өткізген мектеп өміріндегі қызықтарын еске түсіреді ;
Негізгіидеялар: Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында сұқбат жүргізе отырып, ортақ қарым-қатынас орнату.
Сабақтақолданылатынматериалдар: Слайд-презентация
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқытудағы жаңа әдістер
Сыни тұрғысынан ойлау
АКТ қолдану
Оқыту мен оқуды басқару және көшбасшылық

Мұғалім: 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу «Сезімге толы сырлы қоңырау» атты соңғы сабағымызға қош келдіңіздер!!!
Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілектеріңіз!-деп, алғашқы құттықтау сөзі, мектебіміздің басшысы Камшат Болатқанқызына беріледі.
/құттықтау тілек/
Мұғалім: Қымбатты ата-аналар, аяулы ұстаздар және қонақтар келген қадамдарыңа нұр жаусын дей отырып, 2014 жылғы түлектердің құрметіне арналған соңғы сабағымыз ашық деп жариялаймыз. Бүгін түлектер сендердің бойларынды қуаныш пен өкініш сезімдері баурап тұр. Бір жағынан үлкен өмірге аттанғалы тұрғандарыңа қуанып, бір жағынан балалық шақтың артта қалғанына қимастықпен қарайсыңдар. Сендерге арналады бүгін бәрі. Бүгін сендер үшін мектеп қабырғасында өтетін соңғы сабақ.
Сабағымыз екі бөлімнен тұрады.
1-бөлім: Қызыққа толы сол 11 жыл!
2-бөлім: Балалық шақтан болашаққа!-деп аталады.
/оқушыларды топқа бөлу, ата-аналарды, ұстаздарды және қонақтарды отырғызу 4 топ болады. І-ІІ топ оқушылар, ІІІ-топ ата-аналар, ІҮ-топ ұстаздар/
Мұғалім:
2003 жыл, 1 қыркуйек Сарыөзек орта мектебінен білім алып, түлеп ұшқалы отырған түлектеріміз, осы жылы мектеп есігін ашқан болатын. Адам өмірінде не нәрсе болсын, бірінші рет болады. Біздің бүгінгі мектеп бітірушілеріміздің өмірінде де, сол алғашқы қоңырау соғылды.
Құрметті түлектер, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар ! 2003 жылғы 1 қыркүйек күнің есімізге түсірейікші ?! Естеріңізге түсіруге көмектесейін, ол күн дүйсенбі болатын, шамамен таңғы 07.30-08.00 кезінде әр үйде абыр-дабыр, бір сөзбен айтқанда қалаймақан болып жатқан еді. Бір үйде ұл-қыздарыңыз , ұйқыларын қимай тұрғысы келмей еркелеп жатса, ал бір үйде күнмен бірге оянып, мектепке бару сәтін асыға күтіпотырды. Ұстаздар болса, тағы бр жаңа оқу жылы басталды деп, қуанышқа толы сезіммен, әріпиесерін көруге асыгуда болатын.
Видиоға назар аударайық! /1 қыркүйек туралы видио, «Маша және аю» мультфилімінен үзінді/
Ресурс №1: Алғашқы қадам: «Тарыдай болып кірдік …..!»
/1-сынып қана туралы/
І-ІІ топқа: Суреттерді ретімен топтастыру
ІІІ- топ: Ой бөлісу.
ІҮ-топ: Алғашқы ұстаз, оқушыларымен алғашқы кездесумен бөліседі. /смайликтер арқылы көрсету/
Ресурсм №2: «Ералаштан» үзінді көрсету.
«Қош келдің біздің құрамаға!»
І-ІІ топ- топ ішінен кімнің қай сыныпта келгенін анықтау.
ІІІ-топ- Анасы мен баласы
ІҮ – топ- Қызықты сәттерімен бөлісу
Ресурс : №3«Ералаштан» үзінді көрсету.
«Ананың ойы балада, баланың ойы далада»
І-ІІ топ- «Естен кетпес сол күндер!»
Алғашқы баға
Парталас досым алғашқы және осы күнгі.
Сезім білдіру сәті /сыйлық алған сәті, құпия болмаса алғашқы махаббат, /
ІІІ-топ – «Шегінерге жол жоқ! Артымызда мектеп!»
Үйдегі жағдай. Сіздер қандай көзқараста болдыңыздар?
ІҮ-топ — «Ұстаз күнделігінен»
Оқушылардан қандай өзгеріс, байқадыңыздар.
Не үшін екі қойдыңыз?
Ресурс : №4 «Халықтың қалаулы, елдің елеулі азаматы»
І-ІІ топ — «Е, директор деген осы кісі екен ғой!»
ІІІ топ – «Шақыру билеті»
ІҮ топ — «Кешікпей келем-деп, ең, Мен тұрмын елеңдеумен!»
/оқушы мен ата-ананың айтқан оқиғасын негізге ала отырып көрініс қою./
Тапсырма: № 5 «Ералаштан» үзінді
«13»
І-ІІ топ — «Қашанға дейін шыдайды екен?»
ІІІ топ — «Жас екен!»
ІҮ топ — «Сынақ»
Егер уақыт артқа айналып, қайтадан оқушы болсаңдар, не істер едің дер?
Сергіту сәті:
ІІ-бөлім: Балалық шақтан болашаққа!
Мұғалім:Менің Қазақстаным! Туған жерім! Алтын ұя мектебім! Сен бізге күш жігер, қайрат, сенім беріп отырасың ! Сенің бауырында талай ұлттың баласы ер жетіп, өзіңнің жүрек жылуың мен мейірімінді сезінді! Балапандай баптап, ұядан қияға өз қолыңмен мыңдаған ұлдарың мен қыздарыңды биікке самғаттың! Бүгінде міне, балалықпен қоштасып, болашаққа қадам басқалы отыр түлектерің. Иа, балалар, сезім мен сырға, қызық пен еркелікке толы 11 жылда өтті.
Ресурс: № 6 «Таудай болып шықтық!»
І-ІІ топ: «Біз болашақта»
ІІІ-тоа: «Баламның қылығы»
ІҮ-топ: «Біздің оқушылар»
Оқушыларға сұрақ. Егер уақыт артқа айналып, қайтадан оқушы болсаңдар, не істер едің дер?
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Құрметті бүгінгі кештің күәгерлері, қанаттарын қағып ұшқалы отырған түлектер, сендерге сәттілік, жақсылық, ақ жол тілеімін.
Толқытып бір сәтке көңілді,
Ең соңғы қоңырау соғылды.
Жан-жаққа аттандық, достарым,
Жасауға өзіміз өмірді!- деп, өлең жолдарында айтылғандай , үлкен өмірге аттаған қадамдарына нұр жаусын, талаптарын оң болсын!- деген, ақ тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
Ән: Куда уходит детство? /сыныппен орындау/
Кері байланыс:Сабақтан алған әсерімен бөлісу.[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *